- •1.Авар тарихына қатысты жазба деректер.
- •2.Қазақстан тарихнамасындағы авар мәселесі.
- •3.Аварлар жөнінде жаңа және қазіргі замандағы шетел тарихнамасы.
- •4.Аварлардың шығу тегі мәселесі.
- •5.Авар этнонимі, олардың шығу тегіне қатысты теориялар.
- •8.Византиялық , кейінгі антикалық және ертеортағасырлық авторлардың аварлар жөнінде хабарлары және аварлардың қоғамдық қатынастары.
- •9.Аварлардың шаруашылығы жөнінде жазба деректер.
- •10.Авар қағанатының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •12.Жазба және археологиялық деректер негізінде аварлардың материалдық мәдениеті және күнделікті өмірі.
- •11.Аварлар: тілі мен жазуы.
- •13.Авар қағанатының әкімшілік басқару жүйесі.
- •14.Авар қағанатының құрылуы және Шығыс Европаға ұстанған саясаты
- •15. Авар-Византия арасындағы саяси дипломатиялық қатынастардың барысы мен нәтижелері.
- •16.Аварлардың әскери өнері мен қару жарақтары.
- •17.Византия императоры Юстин іі-нің аварларға қатысты саясаты.
- •18.Авар тарихында Баян қағанның рөлі.
- •19.Аварлар мен Византия арасындағы байланыстар жайындағы құнды мәліметтер: Византия тарихшылары Агафий және Менандр Протектор.
- •20.Авар-славян қатынастарының барысы.
- •21. Авар-славян қатынастары жайында жазба деректер.
- •22. Аварлардың Паноннияны иеленуі.
- •23.Аварлар дәуірінде ғұн дәстүрлерінің жалғасуы.
- •24.Ұлы Карл бастаған Франк империясының аварларға қарсы соғыстары.
- •25. Қарулану саласы бойынша аварлардың ашқан жаңалықтары.
- •26. Авар қағандарының тізімі және олардың саяси портреттері.
- •27. Авар қағанатының құлауы.
- •28.Еуропа тарихында аварлардың орны.
- •29.Аварлардың этногенезі тұрғысындағы теориялар.
- •30.Авар қағанатының әкімшілік басқару жүйесі.
- •31.Авар-славян қатынастары.
- •32.Авар-Франк соғыстары барысы мен нәтижесі.
- •35. Аварлар мен түркілер арасындағы соғыс жүргізу өнері мен тактикаларындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар.
- •39. Авар-Парсы одағының мәні және нәтижелері.
- •41.Авар қағанатының құлау себебі мен салдары
- •42.Аварлардың европалық әскери өнерге қосқан үлесі.
- •43. Европа тарихында аварлардың орны.
- •Қарулану саласы бойынша аварлардың ашқан жаңалықтары.
- •48. Аварлардың этникалық тарихы.
- •52.Аварлардың християндану мәселесі.
- •55.Авар қағанатының әлеуметтік жағдайы.
- •59.Үіі ғ.Авар-Франк корольдігі арасындағы келісім шарттың нәтижелері.
23.Аварлар дәуірінде ғұн дәстүрлерінің жалғасуы.
Б.з. ҮІ-ҮІІІ ғғ. Шығыс Еуропа жазығына қоныс аударып, өздерінің мемлекеттілігін құрған авар этникалық құрылымы жағынан түркі тілдес тайпалық бірлестік болғандықтан әскери құрылымы, соғыс жүргізу әдісі, тіпті болмысы сақ пен ғұндық дәстүрді дәріптеген. Авар қағанатының соғыс жүргізу тактикалары мен әскери өнері өзалдына тың зерттеуді талап ететін күрделі мәселе. Себебі, жоғарыда айтқандай аварлар түркі дәстүрін Батыс Европада сақ пен ғұндардан кейінгі әскери құрылым ретінде қайта жаңғыртуышылар болып, қару жарақта бірқатар тың жаңалықтарды ашты. Қазақ халқы түркі тілдес халықтардың бір тармағын құрайды, яғни VІ-VІІІ ғғ. авар тарихын зерттеу арқылы, қазақ халқының арғы тарихын, жалпы түркі әлемі, көшпенділердің тарихын қарастыру болып табылады. Авар тарихын қарастыра отырып, Орта Азия мен Еуропаны мекендеген түркі тілдес тайпалардың арасындағы қарым-қатынастары мен саяси жағдайларына шолу жасау арқылы, Европадағы түркілердің тарихына айтарлықтай толықтыру болмақ. VІ-VІІІ ғғ. Авар қағанаты Шығыс пен Батысты өркениетті тұрғыдан байланыстырушы көпір болды. «Аварлардың атты әскерінің Европалық әскери өнерге ықпалы» деген сұраққа жауап іздейтін болсақ. Европа даласында екі жүз жылдан аса уақыт үстемдік құрушы Авар қоғамын жасаушылардың мықты қаруланған әскері мен соғыс тактикасындағы асқан шеберлігі жөнінде, Византия жазба деректері талай жазған болатын. Себебі авар ордасы Шығыс Европа жеріне орнығып, Византия империясымен қатынасқа түскен. Стратегикон және тағы басқа жазба деректер бойынша авардың мықты қаруланған сатты атты әскеріне сол заманда тең келетіндей европадей мемлекет болмады деген. Тек, император ІІ Юстиннің билігінен бастап аварларды жеңу үшін, аварлардай қаруланып тактикасын тиімді пайдалану керек деп, авар басқыншылығына тойтарыс бере бастаған. Император Тиверидің билігінде Менандрдың жазба материалдары бойынша авар көсемдерінің балаларын кепілдікке алып, келісімге келген дейді, яғни қағанаттың әскери көсемдерінің балаларын болашақ билікке келуші ұрпақ деп, оларға империяның мүддесінде тәлім-тәрбие беріп, оқытқан. Авар қағанатының соғыс пен саяси аренада үлкен жетістікке қолжеткізуіне басты себеп мықты қаруланған атты әскер мен тиімді соғыс тактикасын жүргізуі, ұлы жеңістерге жеткізді. Жемісті жаугершілік соғыстардың барысында аварлар Византия империясы сияқты алпауыт мемлекеттермен терезесі-тең саяси қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік алды. Бұл жағдайлар авар қағанатының саяси беделі мен абыройын асқақтатты. Аварлардың соғыс жүргізу тактикасы ғұндардың тактикасына өте ұқсас, жауынан қашып жүріп соғысу, шегінгендей болып артынан садақтан оқ жаудырығаннан кейін, ауыр қаруланған атты әскерін соғысқа шығарып жаудың шебін бұзған. Бұл соғыс жүргізу тактиканың тиімділігі жау аварлардың жақын соғыстан қашуы, әскери әлсіздігінің нәтижесінде үнемі шегініп отырады деген жалған ой тудырып, жаудың босаңсуына, қарсыласын бағалай алмауына алып келген. Осы тактиканы византиялықтар өте тиімді әдіс деп кезінде бағалаған. Яғни аварлардың садақ пен жебемен жеңіл қаруланған атты әскері қашып жүріп шегіну әдісін пайдалана жүріп соғысуы, жаудың шаршауына алып келген.
