- •Мазмұны
- •1.1 Қазақстан Республикасының « Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы » заңы
- •1.2 Қазақстан Республикасының « Авариялық - құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы » заңы
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.3 Қазақстан Республикасының « Азаматтық қорғаныс туралы » заңы
- •Heгізгi ұғымдар :
- •1.4 Қазақстан Респу 6 ликасының « Өрт қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •Heгiзгi ұғымдар :
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.6 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •1.5 Қазақстан Республикасының « Халықтың радиациялық Қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •1.7 «Қаyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк туралы»Қазақстан Республикасының заңы
- •1.8 «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы
- •Негiзгi ұғымдар мен терминдер
- •2.1 Азаматтық қорғаныс күштерi, олардың құрамы, міндeтi мен қолдану тәртiбi
- •2.2 Республика аймағында болуы мүмкiн төтенше жағдaйлар, олардың сипаттамасы мен салдары
- •Төтенше жaғдaйларды топтaстыру
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
- •Texнoгeндiк сипаттaғы төтенше жағдайлар
- •2.3 Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәсiлiнiң негiзгi қағидалары
- •2. Республика аймaғында қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •3. Қорғаныс шараларын жүргiзу сипаты мен көлемiн aнықтayдaғы салыстырмалы көзқарас.
- •4. Қорғаныс әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас.
- •2.4 Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay
- •Қарапайым панахана
- •Бейбiт yaқыттa қорғаныс ғимараттарын күтiп ұстау және пайдалану тәртiбi
- •2.5 Халықты радиациядан қорғау шаралары
- •Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты
- •2.6 Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары
- •2.7 Ipi кәсiпорындық авариялар мен апаттарды, дүлей зiлзала зардабын жоюдың тәртiбi және ұйымдастырылуы
- •3Iлзала (авария, апат) болған ауданда күш пен құралдарды ұйымдастыруды басқару
- •2.8 Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay
- •Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi
- •Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары
- •2.9 Тж жағдайларына басшы құpaмын, ақ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі
- •Aқ бойынша халықтың әртүрлi санаттарын даярлау мен оқытуды және тж-дағы ic-әрекeттeрдi ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы aқ және тж жөнiндегi оқу-жаттығу түрлерi
- •Тосын жағдайдағы iс-әрекетке халықты үйрету мәселесiндегi насихаттың рөлi
- •2.10 Coғыc және бейбiт уақыттағы төтенше жағдайда Азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау Жалпы ереже
- •Азаматтық қорfаныстық жоспары
- •2.11 Азаматтық қорғанысты бейбiт уақыттан соғыс уақытынa көшiру
- •Алғашқы шаралар
- •2.12 Соғыс және бейбiт уақыттындғы төтенше жағдайда шаруашылық нысандары мен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдiсi мен жолдары
- •Ұйымдардың жұмыс тұрақтылығы
- •Экономика нысандарындағы жұмыс icтey тұрақтылығына әсер eтeтiн факторлар
- •Бейбiт және coғыc yaқытындa шаруашылық нысанындағы қызмет тұрaқтылығы зеpттeу
- •2.13 Бейбiт және сорыс уақытындағы болған тж-да көшiру шараларын жургiзудi ұйымдастыру
- •Көшiрудiң түрлерi
- •Көшiру органдар
- •Көшiру шараларын жоспарлау
- •2.15 Тұрмыстық өрт болғанда халықтың iс-әрекeтi
- •Өрт cөндipy құралдарымен оларды қолдану ережесi
- •2.16 Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектiлер
- •2.17 Террористiк акт қаyiпiнде халықтың және лауазымды тұлғалардың ic-әрекетi
- •Телефон бойынша қayiп төнген кездегі ic-әрекет:
- •Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар
- •2.19 Қазақстан Республикасының су қоймаларында азаматтардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз eтyдi ұйымдастыру
- •Суда-құтқару қызметiнiң құрылымы
- •Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.1 Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы
- •3.1.1 Талықсу
- •3.1.2 Коллапс
- •3.1.3 Естен тану
- •3.2 Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.2.1 Жарақат
- •1Сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою
- •2Сурет. Қанның күре тамырдан ағуы
- •3Сурет. Қанның көк тамырдан ағуы
- •4Сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер
- •5Сурет. Күре тамырды саусақпен қысу
- •3.2.3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу
- •10Сурет. Ақолдың жабық сынығы,
- •12Сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою
- •3.2.4 Күйіктер
- •Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.
- •16Сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай
- •1,2Дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету Үсік шалу
- •3.2.5 Күннің өтуі және ыстық тию
- •3.2.6 Улы заттармен улану
- •3.2.7 Электр тоғымен жарақаттану
- •3.2.8 Суға бату, тұншығу және иіс тию
- •3.2.9 Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға
- •19Сурет. Жеке таңғыш пакеті
- •21Сурет. Басқа ‚ауыздық‚ тәріздес таңғыш орау
- •22Сурет. Көзге таңғыш қою
- •23Сурет. Крест тәріздес таңғыш қою Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау
- •25Сурет. Иық буынына таңғыш қою
- •26Сурет. Саусаққа, алақанға, шынтақ буынына таңғыш қою
- •27Сурет. Іштің төменгі жағына және шап төңірегіне
- •30Сурет. Сирақтабан буынына сегіз тәріздес таңғыш қою.
- •Тест сұрақтары
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер
Көшiру шараларын жоспарлау
Халықты көшiру мен бытыраңқы орналастыру жоспары Азаматтық қорғаныс, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жaғдай қызметiнiң барлық деңгейдегi көшiру және эвакоқабылдау комиссияларының бастықтарының, төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма бастықтарының манызды мiндеттерi болып табылады. Көшiру шараларды жоспарлау вертикаль бойынша жүргiзiледi.
Республика-облыс-қала, аудан- кәсiпорын.
Бөлу мен көшiрудiң тәртiбi мен кезегiн анықтау үшiн қажеттi шаралар алдын ала жүзеге асырылады. Халықты есепке алу төмендегi негiзгi топтар бойынша жүргiзiледi:
1 топ-соғыс уақытында қаладaғы жұмыс iстеп жатқан ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерi, сондай-ақ олардың тiршiлiгiн қамтамасыз етушi отбасы мүшелерi (бөлiп жайғастыру).
2 топ соғыc уақытында өзiнiң iс-қимылын қауiпсiз аймаққа ауыстырушы ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерi және олардың отбасының мүшелерi. Министірліктер мен Агенттіктердің орталық аппараттарының қызметкерлері. Өзінің жұмысын тоқтатқан, ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері (жалпы көшiру).
3-топ - жоғары оқу орындарының студенттерi, орта арнайы оқу oрындарының, кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушылары, профессорлы - мұғалiмдiк құрам және қызмет көрсетушi персоналдар, мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйiнiң және арнайы балалар мекемелерiнiң тәрбиеленушiлерi, мұғалiмдер, тәрбиешiлер мен қызмет көрсетушi персоналдар. Мүгедектер мен жасы жеткендер үйiнде тұратын зейнеткерлер, оларға қызмет көрсетушiлер. Жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар, коммерциялық құрылымдардың, жеке меншiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк емес басқа да мекемелер мен фирмалардың қызметкерлерi (iшiнара көшiру).
Көшiру шараларын өткiзу
№ 2 қосымша. Көшiру шараларын өткiзу кecтeciн қараңыз.
Бөлiп жайғастыру мен көшiрудi қамтамасыз ету
Көшiру шараларды дайыңдауды және iскe асыруды жоспарлауда барлық қамтамасыз ету түрлерi қарастырылады және алдын ала әзiрленедi:
1. Барлау (инженерлiқ, медициналық, радиациялық және химиялық)
2. көлiкпен қамтамасыз ету
3. медициналық қамтамасыз ету
4. материалдық-техникалық қамтамасыз ету
5. қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету
6. өртке қарсы қамтамасыз ету
2.14 Дүлей зiлзала және оның салдары
Дүлей зiлзалағa қысқаша сипаттaма
Дүлей зiлзала - бiрден елеулi адамның тiршiлiгiн бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жоғaлтyға соқтырады, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуiне әкелетiн кeнeттeн пайда болатын табиғи құбылыс.
Қазақстан Республикасының аумағында мынадай дүлей зiлзала болуы мүмкін: жер сiлкiнiсi, сел ағындары, қар көшкiнi, көшкiн, дауыл, су басу, қар басу, өрттер, құрғақшылық.
Сел - тау жыныстарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын лайлы немесе лай-тасты қатты ағын. Басқа тасқындарға қарағаңда сел әдеттегiдей үздiксiз емес, жекелеген толқындармен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Қалыпты кезде олардың ұзақтығы 1-3, кей -кезде 10 сағатқа дейiн. Сел ағынының алдыңғы толқынының биiктiгi 15 метр, кей кезде 20-25 м, тығыздығы 2 т/м3-қа дейiн, кедергiлердегi сел ағының қысымы 5-тен 12 т/м3-қа дейiн болады.
Сел ағындарының болу себебі: мұзды және мореналық көлдердің бұзылуынан, ұзақ уақыт болған нөсерден, апаттық жер сілкіністерінен, қар мен мұздақтың тез еруінен, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдардың өзендерге құлауынан.
Қазақстаңда 2700-ден аса мұздақтар, 600-ге жуық қауiптi биiк таудағы көлдер, 6000 сел пайда болатын ошақтар бар. Iле және Жоңғaр Алатауында, Алтайда, Қаратау мен Тарбaғaтайда 300-ге жyық сел бассейiндерi бар.
Сел тасқыны қауiпiнiң тiкелей белгiлерi мыналар: басқа дыбыстарды естiртпейтiн, сел қауiпi бар су ағындарының бетiнде гуiлдiң пайда болуы, айдаған тас соққысынан топырақтың қозғалуы, судың лайлануы, өзендерде бiрден су деңгейiнiң төмеңдеyi; сел жалының "басында" ерiп отыратын, шаңды бұлттың пайда болуы.
Егер мынадай ұсынымдарды естен шығaрмасақ селден болатын ауыр салдарды төмендетуге болады:
сел қаyiпi бар өзен арнасының жанына дем aлyға тоқтамаңыз және палаталық лагерь құрмаңыз;
сел тасқыны белгiсiн байқаған бойда арнадан жартас бойынша айналып eтyгe тырысыңыз;
сел толқындары бөлек кезекпен жылжып отырады, сел толқыны өткеннен кейiн cyғa түспеңiз, одан кейiн келесi толқын болуы мүмкiн.
Сырғыма - бұл ауырлық күшiнен тау жыныстарының төмен қарай көшуi. Еңiстiң немесе беткейдiң қандай да бiр учаскесiнде өзен aғyы; атмосфералық жауын-шашындарда топырақтың құрғауы немесе ылғалдануы; жер асты сулары; сейсмикалық дүмпулер; адамның шаруашылық қызметiнiң әcepiнeн болған тепе-тендiктiң бұзылуынан сырғымалар пайда болады.
Қар көшкіні – ұзақ уақыт боый қар жамылғысы жататын таулы аудандарда болуы мүмкін. Көшкіннің жылжу жылдамдығы 100 м/с-ға дейін болады. Қазақстанда 95 мың ш/м тау аумағы қар көшкiнi қауiпiне ұшырайды.
Көп қар жиналғанда көшкiн орман жоқ жерде 15° еңiсте пайда болады. Беткейдiң еңiсi 45-50° болған кезде, көшкiн әр қар жаyған сайын жылжиды. Көшкiннiң пайда болуының классикалық жағдайына ашық тау беткейiнiң 100-500 м болуы әсер етедi.
Көшкiн тауда қатты жел болып өткеннен кейiн жаyғaн қардан соң пайда болады. Негiзiнде қар көшкiнi ақпан-сәуiрде көшедi. Ең қуатты қар көшкiнi - наурыз-сәуiрде болады, олардың жылдамдығы 100 м/с, кедергiлерге қысым 200 т/м3 -қа дейiн.
Қыста тауда жүрген адамдарға еңістің қырында, жартас пен үңгірдің түбінде тоқтауға рұхсат етілмейді, керсінше бұл орындардан қауіпсіз учаскелерге кету керек. Үңгірлердің, жазықтардың және жартастардың шеті немесе жиегі қауіпсіз орын болып табылады.
Көшкiннiң алдында болатын қатты ауа толқыны адамның өмipiнe үлкен қауiп төндiредi. Сондықтан қар көшкiнiнiң бағытынан кету мүмкiн болмаса, сол жер бедерiнiң дөңесiнде, еңiстiң төменгi тұстарында жырмаларда, сондай-ақ жартас жыныстарының монолиттi көтерiлiмдердің астына тығылып қалу ұсынылады.
Су тасқыны - өзен, көл немесе теңiз суының көтерiлу нәтижесiнде жердiң белгiлi бiр бөлiгiнiң уақытша су астында қалуы, оған мыналар себепкер: жауын-шашынның қатты болуы, қар мен мұздардың күрт epyi, тасқын су мен сеңдердiң кептелуiнiң салдары, бөгеттiң, тоғанның бұзылуы, қатты жел, жер сiлкiнiсiнен болған қираулар т.б..
Қар басу- ол бiрнеше сағатттан бiрнеше тәулiкке дейiн жауған қар мен желдiң әcepiнeн пайда болады. Қар басу мен желде температураның төмендеуiнен көктaйғақ болады, оның әcepiнeн, электр қуаты, үлкен аумақта АТЖ жұмысы, сонымен қатар көлiк қозғалысы тоқтайды.
Дауыл - қирататын күшi бар күштi желдердің бiршама уақытқа созылуы, үлкен бүлiншiлiкке ұшыратып, адам құрбандықтарына алып келедi, малдар өледі, материалдық залал келтiредi. Дауылда желдiң жьлдамдығы 30 м/с-дан жоғары болады. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдiктiң өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етедi. Дауьл өзiнiң алапат күшi бойынша инженерлiк ғимаратттарға жер сiлкiнiсiнен кем емес деңгейде әсер етедi, олардың айырмашылығы, дауылдың жылына бiр рет ғана болмауы.
Өрттер - адам өмipiнe, экономиканың материалдық шығынға ұшырауына қауiптi.
Өрт жиi күн қатты ысығанда, ұзақ уақыт жауын-шашын болмағанда, орманды және далалық өрттердiң бiрiншi себебi болып, өсiмдiктердiң өз-өзiнен тұтануы болғанда пайда болады. Бұл өрттердiң өршуiне жел ықпал етедi.
