- •Мазмұны
- •1.1 Қазақстан Республикасының « Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы » заңы
- •1.2 Қазақстан Республикасының « Авариялық - құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы » заңы
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.3 Қазақстан Республикасының « Азаматтық қорғаныс туралы » заңы
- •Heгізгi ұғымдар :
- •1.4 Қазақстан Респу 6 ликасының « Өрт қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •Heгiзгi ұғымдар :
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.6 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •1.5 Қазақстан Республикасының « Халықтың радиациялық Қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •1.7 «Қаyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк туралы»Қазақстан Республикасының заңы
- •1.8 «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы
- •Негiзгi ұғымдар мен терминдер
- •2.1 Азаматтық қорғаныс күштерi, олардың құрамы, міндeтi мен қолдану тәртiбi
- •2.2 Республика аймағында болуы мүмкiн төтенше жағдaйлар, олардың сипаттамасы мен салдары
- •Төтенше жaғдaйларды топтaстыру
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
- •Texнoгeндiк сипаттaғы төтенше жағдайлар
- •2.3 Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәсiлiнiң негiзгi қағидалары
- •2. Республика аймaғында қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •3. Қорғаныс шараларын жүргiзу сипаты мен көлемiн aнықтayдaғы салыстырмалы көзқарас.
- •4. Қорғаныс әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас.
- •2.4 Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay
- •Қарапайым панахана
- •Бейбiт yaқыттa қорғаныс ғимараттарын күтiп ұстау және пайдалану тәртiбi
- •2.5 Халықты радиациядан қорғау шаралары
- •Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты
- •2.6 Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары
- •2.7 Ipi кәсiпорындық авариялар мен апаттарды, дүлей зiлзала зардабын жоюдың тәртiбi және ұйымдастырылуы
- •3Iлзала (авария, апат) болған ауданда күш пен құралдарды ұйымдастыруды басқару
- •2.8 Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay
- •Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi
- •Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары
- •2.9 Тж жағдайларына басшы құpaмын, ақ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі
- •Aқ бойынша халықтың әртүрлi санаттарын даярлау мен оқытуды және тж-дағы ic-әрекeттeрдi ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы aқ және тж жөнiндегi оқу-жаттығу түрлерi
- •Тосын жағдайдағы iс-әрекетке халықты үйрету мәселесiндегi насихаттың рөлi
- •2.10 Coғыc және бейбiт уақыттағы төтенше жағдайда Азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау Жалпы ереже
- •Азаматтық қорfаныстық жоспары
- •2.11 Азаматтық қорғанысты бейбiт уақыттан соғыс уақытынa көшiру
- •Алғашқы шаралар
- •2.12 Соғыс және бейбiт уақыттындғы төтенше жағдайда шаруашылық нысандары мен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдiсi мен жолдары
- •Ұйымдардың жұмыс тұрақтылығы
- •Экономика нысандарындағы жұмыс icтey тұрақтылығына әсер eтeтiн факторлар
- •Бейбiт және coғыc yaқытындa шаруашылық нысанындағы қызмет тұрaқтылығы зеpттeу
- •2.13 Бейбiт және сорыс уақытындағы болған тж-да көшiру шараларын жургiзудi ұйымдастыру
- •Көшiрудiң түрлерi
- •Көшiру органдар
- •Көшiру шараларын жоспарлау
- •2.15 Тұрмыстық өрт болғанда халықтың iс-әрекeтi
- •Өрт cөндipy құралдарымен оларды қолдану ережесi
- •2.16 Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектiлер
- •2.17 Террористiк акт қаyiпiнде халықтың және лауазымды тұлғалардың ic-әрекетi
- •Телефон бойынша қayiп төнген кездегі ic-әрекет:
- •Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар
- •2.19 Қазақстан Республикасының су қоймаларында азаматтардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз eтyдi ұйымдастыру
- •Суда-құтқару қызметiнiң құрылымы
- •Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.1 Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы
- •3.1.1 Талықсу
- •3.1.2 Коллапс
- •3.1.3 Естен тану
- •3.2 Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.2.1 Жарақат
- •1Сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою
- •2Сурет. Қанның күре тамырдан ағуы
- •3Сурет. Қанның көк тамырдан ағуы
- •4Сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер
- •5Сурет. Күре тамырды саусақпен қысу
- •3.2.3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу
- •10Сурет. Ақолдың жабық сынығы,
- •12Сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою
- •3.2.4 Күйіктер
- •Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.
- •16Сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай
- •1,2Дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету Үсік шалу
- •3.2.5 Күннің өтуі және ыстық тию
- •3.2.6 Улы заттармен улану
- •3.2.7 Электр тоғымен жарақаттану
- •3.2.8 Суға бату, тұншығу және иіс тию
- •3.2.9 Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға
- •19Сурет. Жеке таңғыш пакеті
- •21Сурет. Басқа ‚ауыздық‚ тәріздес таңғыш орау
- •22Сурет. Көзге таңғыш қою
- •23Сурет. Крест тәріздес таңғыш қою Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау
- •25Сурет. Иық буынына таңғыш қою
- •26Сурет. Саусаққа, алақанға, шынтақ буынына таңғыш қою
- •27Сурет. Іштің төменгі жағына және шап төңірегіне
- •30Сурет. Сирақтабан буынына сегіз тәріздес таңғыш қою.
- •Тест сұрақтары
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер
Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
3.1 Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы
Кезкелген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүректамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы(.
Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. )атты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
3.1.1 Талықсу
Талықсу адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылу.
Талықсу көбінесе психиклық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).
Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айырылған бойда сырқат құлайды.
Талықсу кезіндегі алғашқы көмек. Сырқатты оның басын денесінен
төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себеді. әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.
Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин еңгізеді.
3.1.2 Коллапс
Коллапс өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының төмендеуімен сипатталатын ауыр қан тамырларының әлсіреуі. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады, аяққолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек, өкпе ауыруы, қауіпті панкриотит және тағаммнан шыққан аурулар) кезде болады. Дене қызуы 34-35о шамасында болғанда артериалдық қысым сынап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер тез арада шара қолданабаса адам қаза болады.
Коллапс кезіндегі дәргерге дейінгі көмек көрсету. Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, екбетінен жатқызады. Таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін искетеді. Ауру қалпына түскенде ыстық сусын ішкізген дұрыс.
Тамырлардың соғысын артыру үшін теріге 1% 1 мл мезатон, 25% 2 мл кордиамин, 5% 1 мл эфедрин, 0,1% 1 мл адреналин, 10% мл кофеин енгізеді. Осы шаралардан бәрін кезкелген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты тарылған сырқаттарды шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға жеткізеді.
Коллапс салдарынан туынданған ауыр жағдайда жүректің сыртынан ысқылайды және ауызданауызға‚ жасанды тәсілмен тыныс аладырады.
3.1.3 Естен тану
Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады.
Естен тану орталық нерв жүйесі қызыметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.
Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады.
Естен тану қатты ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады: сүйектің зақымдануынан болған жұмсақ ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қатты жарақат. Әсіресе қан көп кеткен, дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомғанда, сәулеге ұшырағанда, жұқпалы ауруларда жиі кездеседі.
Естен тану екі кезеңнен тұрады:
1. Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді.
2. Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреуі басталады, көмек сұрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, демалысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.
Бұл кезең клиникалық көріністердің ауырлығы бойынша үш түрге бөлінеді.
I дәреже жәй естен тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді, алайда әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады. Дене температурасы қалыпты немесе сәл төмен дейді. Көздің қарашығы үлкеймейді, жарықтан тітіркемейді.
Тамырдың соғысы бір қалыпты, жиілігі минутына 100-110 соққы. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 110/65 мм.
II дәреже қатты естен тану. Жағдай ауыр. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің қоршаған ортаға құлқы жоқ. Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді. Көздің қарашығы тарылған, жарықтан әлсіз тітіркенеді. Рефлекстердің барлық түрлері төмендетілген. Тері сұрғылт түрге еніп бозарып ақшылданады, ұстаған кезде салқын, дене температурасы тө мендейді.Тамыр соғысы жиі, жүректің ырғағы баяу естіледі. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 70/40 мм. Тыныс алу күшейіп, жиілей түседі.
III дәреже өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ. Тері бозарады, суық, салқын тері шып шып шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді. Күре тамырлық қан қысымы анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бір қалыпты емес. Дененің құрсуы мүмкін.
Естен тануға қарсы шаралар. Есінен айырылған адамдар алағашқы медициналық көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады. Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрідәрмек: промедол, морфин, аналгин 5… 2 мл ерітінді, егер олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстіне жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінде жарақат жоқ болса, оған ыстық шай ішкізеді.
Зардап шегушіні өте мұқият және кешіктірмей емдеу мекемесіне жеткізеді.
