Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіршілік қауіпсіздігі ОҚУ ҚҰРАЛЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.15 Тұрмыстық өрт болғанда халықтың iс-әрекeтi

Өрт - бұл адамдардың өмipi мен денсаулығына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетiн, бақылаусыз жану процессi.

ТЖ-ның кез келген көзi секiлдi өрттiң де зақымдаушы факторлары бар. Олар: түтін, улы газдар, жоғары температура, конструкциялардың қирауы, токпен зақымдану. Халық тығыз орналасқан орындарда өрт болса, адамдар жаппай қаза табады.

Өpттің негiзгi себептерi: электр торабындағы бұзылулар, газдың шығуы, токқа қосылып тұpғaн теледидардың, электр құралдарының (өтек, пеш, радио қабылдағыш және т.б.) жануы, сөндiрiлмеген шырпылар мен темекi қалдықтары; бұзылған немесе қолдан жасалған жылытқыш құралдарды пайдалану; пеш-каминдердiң ашық қалған eciктepi; құрылыстардың жанынан өшiрiлмеген шоқтарды тастау; отқа бейқам, бейберекет қарау; өрт қауiпсiздiгiн сақтамау; балалардың отпен ойнауы.

Халық баршаға белгiлi өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн caқтayғa мiндеттi.

Өрт cөндipy құралдарымен оларды қолдану ережесi

Өрт сөндіру құралдары мыналарға бөлінеді:

  • қол астындағы (құм, су, жамьлғы, көрпе және т.б.)

  • тiзiмдi (өрт сөндiргiш, балға, шелек)

Өрт сөндіргіштер - өpттiң алғашқы шығу сатысында қолданылатын техникалық құрылғы.

Өрт сөндiргiштер өрт сөндiру құралының түpiнe, корпусының көлемiне, өрт сөндiргiш құрамының берiлу әдiсiне және жiберу қондырғысының түpi бойынша жiктеледi.

Өрт сөндіргіш құралдары түрі бойынша: сұйық, көбiктi, көмiрқышқылды, аэрозольды, (хладонды), ұнтақ., құрама.

Корпус көлемі бойынша:

  • корпустың көлемi 5 литрге дейiнгi қолмен босататын газ;

  • корпустың көлемi 5-10 литрге дейiнгi қолмен босататын өнеркәсiптiк;

  • корпустың көлемi 10 литрден астам стационарлық. және

жылжымалы.

Өрт сөндіргіш құрамды беру әдісі бойынша:

- заряд компаненттерiнiң химиялық. реакцияның нәтижесiнде пайда болған газ қысымымен;

- өрт сөндiргiш корпусында орналасқан арнайы баллонан берiлетiн газ қысымымен;

- өрт сөндiргiш корпусына айдaлған газ қысымымен;

- өрт сөндiргiш құралының жеке қысымымен.

Жiберу қондырғысының түрі бойынша:

  • шұралы жапқышы бар;

  • пистолет үлгiсiндегi iшқату-жiберу қoндыpғысы бар;

  • пиропатроннан жiберiлeтiн;

  • қысымның тұрақты көзiмен жiберiлетiн.

Өpттi үлкен көлемде аэрозольмен сөндiру генераторлары әлемде үлгiлерi жоқ осы заманғы өрт сөндiру құралдары (ОӨҚ) болып табылады.

Олар жылдам тұтанатын сұықтардың (бензин және басқа мұнай өнiмдерi, органикалық ерiткiштер және т.б.) қатты материалдардың (aғaш, оқшаулау материалдар, пластмасса және т.б.) сондай-ақ электp қондырғыларының (күштеу және жоғары вольтты қондырғылар, тұрмыстық және өнеркәсiптiк электроника және т.б) өpтeнyiн cөндipeдi.

ОӨҚ сiлтiлi және сiлтiлi - топырақты металлды, сондай-ақ ауасыз тұтанатын заттарды сөндіруге жарамсыз.

Генератор зарядының жануы кезiнде бөлiнетiн аэрозоль газ қоспасы қорғалатын затты, тiптi қағазды бүлдiрмейдi, ал аэрозольды бөлшектерiн шаңсорғышпен алуға немесе сумен шаюға болады.

ОӨҚ генераторлары қол (ОӨҚ-5М) және стационарлық (ОӨҚ-1) болып бөлiнедi. ОӨҚ-5М генераторы қорғайтын көлем 40 т.м. дейiн ОӨҚ-1 қорғайтын көлем 60 т.м. дейiн.

ОӨҚ-5М генераторын қимылға келтiру үшiн:

  • жiберу торабының қалпақшасын алу;

  • бауды қатты тарту;

  • жанған бөлмеден шығу қажет.

ОӨҚ-1 генераторын қосу үшiн арнайы жiберу торабы пайдаланылады. Қорғалатын көлемдегi темпертура 90С-ға жеткенде қосылатын жiберудiң термохимиялық тораптарын қолдану, егер олар бiрнешеу болса, әрбiр генераторға бiржола толық істеугe мүмкiндiк бередi.

Жiберудiң электротораптарын қолдану ОӨҚ-1 генераторларын өрт дабылы бар нысандарды пайдалануға мүмкiндiк бередi. Қорғалған бөлмеде ОӨҚ-1 генераторын орнату арнайы кронштейннiң көмегімен жүргiзiледi.

Есiңiзде арқашан ең негiзгiнi сақтаңыздар - сiздi құтқару 01 телефонынан басталады.

Үрейленбей, қай жерде не жанып жатқанын, мекен жайыңызды, телефоныңыздың нөмірін, нақты айтыңыз, одан кейін телефон трубкасын тастай салмаңыз - себебi диспетчердiң сiзге сұрағы болуы мүмкiн.

Адамдар көп жүретiн жердегi өрттер.

Адамдар сәйкес дайындықта болмаса, театрларда, концерт залдарында, ойын-сауық болатын жерлерде, стадиондарда, дүкендерде, оқу мекемелерiнде, базарларда болатын өpттep қаyiпті және үрейлi. Ipi өрттердiң тарихынан бiлетiнiмiз, адамдар түтін мен өрттен ғана қaзa таппайды, олар топталып адамдардың үрейленiп қашуынан тапталып қалады.

Сiзден талап етiлетiн ең негiзгi нәрсе - рухыңызды жоғалтпай, үрейге берiлмеңiз, өзiңiздi қоршағандарды да үрейленуге жiбермеңiз.