- •Мазмұны
- •1.1 Қазақстан Республикасының « Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы » заңы
- •1.2 Қазақстан Республикасының « Авариялық - құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы » заңы
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.3 Қазақстан Республикасының « Азаматтық қорғаныс туралы » заңы
- •Heгізгi ұғымдар :
- •1.4 Қазақстан Респу 6 ликасының « Өрт қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •Heгiзгi ұғымдар :
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.6 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •1.5 Қазақстан Республикасының « Халықтың радиациялық Қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •1.7 «Қаyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк туралы»Қазақстан Республикасының заңы
- •1.8 «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы
- •Негiзгi ұғымдар мен терминдер
- •2.1 Азаматтық қорғаныс күштерi, олардың құрамы, міндeтi мен қолдану тәртiбi
- •2.2 Республика аймағында болуы мүмкiн төтенше жағдaйлар, олардың сипаттамасы мен салдары
- •Төтенше жaғдaйларды топтaстыру
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
- •Texнoгeндiк сипаттaғы төтенше жағдайлар
- •2.3 Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәсiлiнiң негiзгi қағидалары
- •2. Республика аймaғында қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •3. Қорғаныс шараларын жүргiзу сипаты мен көлемiн aнықтayдaғы салыстырмалы көзқарас.
- •4. Қорғаныс әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас.
- •2.4 Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay
- •Қарапайым панахана
- •Бейбiт yaқыттa қорғаныс ғимараттарын күтiп ұстау және пайдалану тәртiбi
- •2.5 Халықты радиациядан қорғау шаралары
- •Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты
- •2.6 Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары
- •2.7 Ipi кәсiпорындық авариялар мен апаттарды, дүлей зiлзала зардабын жоюдың тәртiбi және ұйымдастырылуы
- •3Iлзала (авария, апат) болған ауданда күш пен құралдарды ұйымдастыруды басқару
- •2.8 Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay
- •Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi
- •Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары
- •2.9 Тж жағдайларына басшы құpaмын, ақ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі
- •Aқ бойынша халықтың әртүрлi санаттарын даярлау мен оқытуды және тж-дағы ic-әрекeттeрдi ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы aқ және тж жөнiндегi оқу-жаттығу түрлерi
- •Тосын жағдайдағы iс-әрекетке халықты үйрету мәселесiндегi насихаттың рөлi
- •2.10 Coғыc және бейбiт уақыттағы төтенше жағдайда Азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау Жалпы ереже
- •Азаматтық қорfаныстық жоспары
- •2.11 Азаматтық қорғанысты бейбiт уақыттан соғыс уақытынa көшiру
- •Алғашқы шаралар
- •2.12 Соғыс және бейбiт уақыттындғы төтенше жағдайда шаруашылық нысандары мен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдiсi мен жолдары
- •Ұйымдардың жұмыс тұрақтылығы
- •Экономика нысандарындағы жұмыс icтey тұрақтылығына әсер eтeтiн факторлар
- •Бейбiт және coғыc yaқытындa шаруашылық нысанындағы қызмет тұрaқтылығы зеpттeу
- •2.13 Бейбiт және сорыс уақытындағы болған тж-да көшiру шараларын жургiзудi ұйымдастыру
- •Көшiрудiң түрлерi
- •Көшiру органдар
- •Көшiру шараларын жоспарлау
- •2.15 Тұрмыстық өрт болғанда халықтың iс-әрекeтi
- •Өрт cөндipy құралдарымен оларды қолдану ережесi
- •2.16 Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектiлер
- •2.17 Террористiк акт қаyiпiнде халықтың және лауазымды тұлғалардың ic-әрекетi
- •Телефон бойынша қayiп төнген кездегі ic-әрекет:
- •Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар
- •2.19 Қазақстан Республикасының су қоймаларында азаматтардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз eтyдi ұйымдастыру
- •Суда-құтқару қызметiнiң құрылымы
- •Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.1 Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы
- •3.1.1 Талықсу
- •3.1.2 Коллапс
- •3.1.3 Естен тану
- •3.2 Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.2.1 Жарақат
- •1Сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою
- •2Сурет. Қанның күре тамырдан ағуы
- •3Сурет. Қанның көк тамырдан ағуы
- •4Сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер
- •5Сурет. Күре тамырды саусақпен қысу
- •3.2.3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу
- •10Сурет. Ақолдың жабық сынығы,
- •12Сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою
- •3.2.4 Күйіктер
- •Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.
- •16Сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай
- •1,2Дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету Үсік шалу
- •3.2.5 Күннің өтуі және ыстық тию
- •3.2.6 Улы заттармен улану
- •3.2.7 Электр тоғымен жарақаттану
- •3.2.8 Суға бату, тұншығу және иіс тию
- •3.2.9 Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға
- •19Сурет. Жеке таңғыш пакеті
- •21Сурет. Басқа ‚ауыздық‚ тәріздес таңғыш орау
- •22Сурет. Көзге таңғыш қою
- •23Сурет. Крест тәріздес таңғыш қою Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау
- •25Сурет. Иық буынына таңғыш қою
- •26Сурет. Саусаққа, алақанға, шынтақ буынына таңғыш қою
- •27Сурет. Іштің төменгі жағына және шап төңірегіне
- •30Сурет. Сирақтабан буынына сегіз тәріздес таңғыш қою.
- •Тест сұрақтары
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер
3.2.5 Күннің өтуі және ыстық тию
Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құйылуы байқалады (гиперемия).
Беттің қызаруы және бастың қатты ауыруы күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады. Сонан соң жүрек айниды, бас айналады, көз қарауытады және құсқысы келеді. Ауру естен танады, тыныс алу жиілей түседі, жүрек қызметі әлсірейді.
Басты орамалмен жабу, сондайақ басқа суық су құю алдыналу шаралары болып табылады.
Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады.
Денеге ыстық тиюдің үш себебі:
. Жоғары сыртқы температура;
2. Дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;
. Ауыр жұмыс істеу.
Ыстық тию тек ыстық күндерде емес ол жылы және қапырық бөл мелерде, ыстық цехтарда болады. Ыстық тию әсіресе көрсетілген үш себеп қосылған кезде пайда болады.
Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде ыстық тию пайда болады. Бұл организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына әкеп соқтырады.
Ыстық тиюдің алғашқы белгілері аурудың әлсіздігі қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-40 дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кеуде құрсуы пайда болуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек: зардап шегушіні жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тамақ береді. Жүрек тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, мл 10% кофейн ертіндісін, мл кордиамин, мл 10% лобелин ертіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.
3.2.6 Улы заттармен улану
Уланған кезде алғашқы көмек жұмысшылардың өздеріне (өзіне және бірбіріне көмек көрсету) және арнайы, медицина қызметкерлері көрсететін шараларынан тұрады.
Далада улы химиялық заттармен уланған кезде дәрігерлік көмекті дәрігер келгенше жедел көрсету немесе жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу керек. Уланудың алғашқы белгілері жоғалып кетуі мүмкіндігін есте сақтау керек, біраз уақыт өткен соң өкпенің ісінуімен жалғасуы мүмкін. Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.
Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынды сумен жуады немесе мұқият мақта тампонымен, терінің бетінен сүртіп алып, сосын сумен жуады.
Егер у көздің кілегейлі қабығына түссе, көп мөлшерде сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуады.
Асқазан, ішекқарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет.
Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылғн активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін ( жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді.
Теріден қан ағып уланған кезде жараға сутегі тотығымен суланған таңғыш қояды› мұрыннан қан аққанда аурудың басын шалқайтып мұрынының үстіне компресс, мұрынына сутегі тотығымен ылғалданған тампон қояды.
Жоғарыда көрсетілген шаралар удың түріне қарамай барлық жағдайда қолданылады. Егер удың түрі белгілі болса, улы химикаттың түріне байланысты, қосымша шаралар жасалады.
Талықсып қалған зардап шегушіге нашатыр спиртін искетеді немесе нашатыр спиртімен суланған мақта тампонмен шекені сүртеді. Егер тыныс алысы тоқтап қалса, жасанды демалдыру жасайды.
Мышьяк қоспасы бар улы химиялық заттармен уланған кезде зардап шегушіде лоқсу, құсу, іш ауыру, жалпы әлсіздік, дірілдеу пайда болады. Ауруды жасанды жолмен құстырып, асқазанын күйген магнезия (20г. және 5 стакан қайнаған су) ерітіндісімен шаю қажет.
Фосфор органикалық заттармен уланған кезде келесі белгілер байқалады: кеуденің қысылуы, жөтел, ентігу, бас ауыруы, сілекей ағу, терлеу, естің ауысуы, жүріс бұзылуы, сөздің көбею, көз қарашығының кішіреюі қол, бас, дененің басқа бөліктерінің дірілдеуі. Көзге түскен кезде көздің қарашығының кішіреюі, қызару, жас ағу байқалады.
Алғашқы дәргерлік көмек көрсеткенде ауызбен тамақты сумен шайып, 2% ас содасының ерітіндісін, 6-10 стакан су ішкізу керек (бір стакан суға, бір шай қасық) және жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Бұл шараны 2-3 рет қайталайды. Сосын 2-3 активтендірілген көмір қосылған 2% ас содасының ерітіндісінен жарты стакан ішікізеді. Ыстық шай беріп, жылы жабады. Тыныс алысы тоқтаған кезде, дәргер келгенше жасанды демалдыру жасау қажет. Егер қоспа теріге түссе 5-10% нашатыр спирт ерітіндісімен тазлайды немесе мақтаға (сүртпей) сіңіріп алады, көзге түскен кезде суытылған қайнаған сумен жуады, сосын 30% натрий сульфацилінің (альбуцид) еріітіндісінен екі көзгеде 2 тамшыдан тамызады.
Мыс қоспаларымен уланған кезде ауызда металдың дәмі, сілекей ағу, лоқсу, құсу, асқазан ауыруы, тамыр соғысының жиілеуі, суық тер, дірілдеу пайда болады.
Мұндай жағдайда күйген магнезим ерітіндісімен 6-10 стакан су ішкізіп, сосын құстырады. Тұзды ерітінді беріп, ішіне жылы зат қою қажет. Жүрек соғысы нашарлаған кезде 20 тамшы валериан тұнбасын және ащы шай береді.
Ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық процесті дұрыс ұйымдастырмағанда және қауіпсіздік талаптарын сақтамағанда, онда қолданылатын көптеген минералды және әктік тыңайтқыштардан улану, күю және кәсіби аурулар туындайды.
Минералды және әктік тыңайтқыштардың шаңы тыныс мүшелеріне,
көздің кілегей қабығына және мұрын қуыстарына зиянды әсерін тигізеді.
Әк көзге түскен кезде көз ауырып, жас ағады. Созылмалы улану кезінде тері құрғап, қатайып және тырысып қалады. әктің қосапларынан күйік, язва туындауы мүмкін. Көзге тыңайтқыштар шаңы түскен кезде жедел түрде көп сумен жуу керек (10 минут).
Аммиакпен уланған кездегі алғашқы белгілері: басында уланған адам ауырады, содан соң көзі ашиды, көзінен жас ағып қабағын көтере алмайды, қатты құрғақ жөтел пайда болады. Содан соң дауыс қырылдап, кеуде тұс, асқазан ауырады. Бас айналады, ауыз қуысы күлдірейді (күйеді). Аммиактың әсерін тоқтатпаса 2-3 сағаттан кейін өкпе суға толып кетуі мүмкін.
Алғашқы медицаналық көмек: зардап шегушіні тез арада улы аймақтан жатқызып шығару керек.
сірке қышқылының 5%ды ертіндісін иіскету керек;
уланған адамға респиратор кигізу немесе кезкелген қышқылдың (бор, сірке, лимон( 5%ды ерітіндісіне шыланған мақтамата таңғышты таңу керек;
у сіңірген киімді таза киімге ауыстыр және зардап шеккен адамды қараңғыланған орынға жатқыз;
қышқылдың (бор, сірке, лимон) 2%ды ерітіндісімен көзді 10-15 минут бойы аммиактың иісі кеткенге дейін жуады, содан соң альбуцид ерітіндісін көзге тамызу керек, өйткені көздің шырышты қабатына жұқпа түсу қаупі бар;
осылай қышқылдың әлсіз ертіндісімен бет, қол, аяқтың тері қабатын жуу керек;
осындай ерітіндімен ол адамның аузын шайдыртып, мұрынына зәйтүн (шабдалы, күнбағыс) майын тамыз;
тамағына қыша қағазын қою керек.
Хлормен уланған кездегі алғашқы белгілері: зардап шеккен адам көздің қарығуына және көзден жас ағуына шағымданады. Алғашында оны құрғақ, қоздыратын жөтел қинайды содан соң, кеуде тұсы ауырады. Ол тез арада қобалжып, үрей пайда болады. Егер хлордың әсерін тоқтатпаса, 23 сағаттан кейін өкпе ісінеді.
Алғашқы медициналық көмек: егер дем алу бұзылмаса, зардап шеккен адамға респиратор немесе ас содасын 2% ерітіндісіне немесе зәрге шыланған мақтадәке таңғышты тағу керек.
зардап шеккендерді зақымдалған аймақтан тұрғын үйдің жоғары қабаттарынан жатқызған күйде шығару керек;
зақымдалған киімді таза киімге ауыстыру;
көзді ас содасының 2%ды ерітіндісімен 10-15 минут бойы хлордың иісі кеткенге дейін шаю керек. Көзге вазелин майын тамызу қажет;
зардап шеккен адамдарды ас содасының 2%ды ерітіндісімен аузын шайғызу керек;
ол адамға сүт немесе сілті минералды су беру қажет;
егер зардап шеккен адамның улы заттың жоғары қанықпасы ьар ауаны жұтқанның нәтижесінде дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында ауызданауызға дем алу және жанама массаж жасау арқылы дем алу мен жүрек қызметін қалпына келтір.
Күкірт қышқылымен улану кезіндегі алғашқы белгілері: кезкелген қаныққан қышқылдар мен сілтілердің буы арқылы уланғанда демалу жолдарының қозуы, жөтел, ауыр тыныс алу байқалады. Құсқың келу, қан аралас құсу, кей кезде өңеш пен асқазанның тесілуі, соңынан қан кетулер болады. Бұл тыныс алу жолдары мен ішек қарын асқазаның шырышты қабатының химиялық күюінің салдары болып табылады. Жасырын мерзімнен кейін (2-24 сағатқа дейін) улы өкпе қабынады, содан соң өкпенің улы ісінуі пайда болады.
Алғашқы медициналық көмек:
зардап шеккен адамға тез арада респиратор кигізіп немесе мақтадәке таңғышты таңып, зақымданған аумақтан алып шық;
оны отырғызып көзін және терісінің ашық жерлерін шайып, аузын сумен шайғыз;
жасанды жолмен құстыруға болмайды, өйткені қышқыл немесе сілтіні құсқанда өңеш қайта күюі мүмкін;
егер зардап шеккен адамның дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында‚ ауызданауызға‚ демалу және жүрекке жанама сылау жасау арқылы дем алу қызметін қалпына келтіру;
ағзаның өмір сүруге керекті жүйелерін қалпына келтірген соң, оны зақымдалған аумақтан көшір;
«таза» аумақта зардап шеккен адамның ластанған киімін шешіп, оны таза киімге ауыстыр;
егер зардап шеккен адам тұншығып жатса, тамағына қыша қағазын қою керек.
Сірке қышқылымен уланған кезіндегі алғашқы белгілері: адамның ағзасына сірке қышқылы ауыз арқылы түссе ауыздың, ерінің айналасындағы тері, тіл, ауыз қуысының шырышты қабаты күйіп қалады. Ал ауызда ішіне су толған көпіршіктер пайда болады. Жұтқанда қатты ауырады. Дауысы шықпай, зардап шегуші әрең, сыбырлап сөйлейді. Жұтқыншақтың күюі көмейді ісіндіреді, ол көмейдің бітелуіне әкеп, зардап шегушінің тұншығып өлуіне әкелуі мүмкін.
Асқазан ішек жолдары жағынан жүрек айну, қан аралас құсу, асқазаннан қан кету байқалады.
Алғашқы медициналық көмек:
ауырсынуды басатын егу жасау;
зардап шеккен адамды құстыруға, оның асқазанын шаюға, ауыз арқылы іш жүргізетін және ауырсынуды басатын дәрілер беруге болмайды.
Ауыр металлдармен, олардың тұздарымен және күшәнәмен уланудың белгілері: ауыздағы темірдің дәмі, жүрек айну, құсу. Тамағының қызаруы, Жұтқанда ауырсыну, іштің ауыруы мен өтуі. Асқазанішек жолдарынан қан кету.
Бір мезгілде асқазанішек жолдарының зақымдалуынан жүрек айну, құсу, іш өту, асқазанан қан кетуі мүмкін.
Сынап және қорғасын тұздарымен уланғанда қызылиекте қою түсті жиек жаралар пайда болады. Тістің түбі босайды. Сонымен бірге, сынап тұздары асқазанішек жолдарының шыршты қабаттарын күйдіреді. Ағзаға у дем алу органдары арқылы түссе, дем алу жолдары ауыр зақымдалады: қалтырау, мұрын бітелу, жиі құрғақ жөтел, ентігу пайда болады. 1,5-2 сағаттан кейін улы пневмония дамып, өкпе ісініп кетеді.
Бір мезгілде орталық жүйке жүйесі зақымдалады, артық шамданғыштық, қозу, көзде қос көріну, ұйқы бұзылу, сананың ауысуы пайда болады. Аяққолдың тырысып қалуы мүмкін, ол әрі қарай ессіз күйге айналып, зардап шегуші қаза табуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек:
зардап шеккен адамға мақта дәке таңғышты таңып, тез арада оны таза ауаға шығар;
таза сумен көзін шайып, аузы мен мұрынын шаю үшін таза су бер;
терінің ластанған тұстарын сабынмен жу;
егер зардап шеккен адам ояу болса, құстыруға тырыс;
оған 1-1,5 л суды ішкіз де екі саусақпен жұтқыншақты қоздыру арқылы қайта құсқыз (асқазанды шаю). Осындай асқазанды шаюды 2-3 рет қайтала. Асқазанға барған сумен шыққан судың мөлшері бірдей болу керек;
асқазанды шайып болғаннан кейін 30-50 гр сіңіргіштердің бірін ақ топырақты немесе активтендірілген көмірді бер;
зардап шеккен адамға тұзды іш жүргізетін дәрі беру керек. Егер зардап шегуші ерекше қозып тұрса құрамында магниі бар іш жүргізетін дәріні бер, ол орталық жүйке жүйесін қалпына келтіреді;
зардап шегушіні тез арада емдеу мекемесіне жеткізуге тырсу қажет.
Көміртектің тотығымен уланған кезіндегі белгілері: жеңіл деңгейде уланған адамның терісі өзгермейді, түшкіріп, құрғақ жөтел, бастың сақиналы қатты ауыруы, жалпы әлсіздік, бас айналу. Жүрісі бұзылады. Жүрек тамырының соғуы, дем алысы жиіленіп, артериалды қысымның, дене қысымының көтерілуі.
Жеңіл уланған кезде көрсететін алғашқы медициналық көмек:
тезірек уланған адамды түтіндеу аумағынан таза ауаға шығарып,
өкпесін тазарту мақсатында терң дем алдыру керек;
зардап шеккен адамға шай беріп, оны көрпеге орапжылыту қажет.
Орташа деңгейде адам ағзасында күрделі өзгерістер сезіледі.
Тері қабаты ашық қызыл түсті болса, ерін мен тырнақтар көк түсті болады. Дем алуы қиындап, бірнеше рет құсады. Есі ауып, денесінің қызуы 39Сге дейін көтеріледі. Жүрек қағысы минутына 120 рет соғады.
Алғашқы медициналық көмек:
уланған адамның демалатын жолдары ылғалды орамалмен немесе кез келген ылғалды шүберекпен жауып, көміртек тотығының жоғары қанықпасы бар аумақтан оны таза ауаға алып шық, сулы мата ағзаға уытты өнімдерді еңгізбейді;
түтіндеген аумақтан уланған адамды алып шыққанан кейін оған таза оттекті жастықшадағы ауамен демалдыруды ұйымдастыру қажет.
Ауыр деңгейде уланған адам естүссіз болады, тері қабатты көк пеңбек. Артериалды қан қысым өте әлсіз, дем алысы бұзылған. Тырыспалар пайда болады, ессіз күй дамуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек:
уланған адамның мұрны мен аузын матамен бітеп, тез арада оны түтіндену аумағынан шығар. Оттекті жастықшадан таза оттегімен дем алғыз.
Егер уланудың әсеріне демалу немесе жүрек қағысы тоқтап қалса:
ауызданауызға арқылы әдіспен дем алуды қалпына келтір;
жүрек қызметін жүрекке жанама сылау жасау арқылы қалпына келтір;
содан соң, дем алу органдарын сулы матамен жауып, уланған адамды түтіндеу аумағынан тез арада шығар, сонымен бірге медициналық қобдишадағы оттекті жастықшамен үзіліссіз дем алдыру қажет.
Ит қапқан адамның иттің тісі тиген жерге иод жағып, таза дәкемен байлайды. Содан кейін ол адамды жедел емханаға жеткізу керек. Алғашқы көмектен кейінгі емді дәрігер маман жүргізеді.
Жылан шаққан кездегі, у әсерінің жалпы белгілері: әлсіздік билеу, бас айналу, талықсу, жүректің айнуы және құсу. Ауыр жағдайда есіне айырылып қанталайды және шаққан жер домығады. Шаққан жердің уын жедел ауызбен сорып тастау керек. Жылан шаққан жерді кезкелген, дәрідәрмекпен залалсыздандыру қажет (йод, спирт). Зардап шеккен адамды жедел ауруханаға апару керек, өйткені естен тану жағдайы болуы мүмкін.
Сонаның араның шағуы қатты ауыртады және ине сұғып алғандай сезіледі. Шаққан жері күрт күлбірейді, алайда организмге жалпы әсері елеусіздеу: аратұра бас ауырады, жүрек айниды, қалтырауды сезінеді.
Көмек көрсету барысында терідегі ара бездерін (сона бізгек қалдырмайды) оны үлкен саусақтың тырнағымен қыса отырып, алып тастау керек, бұдан кейін жараға суық компресс қою немесе оған антигистаминдік май жағу, адамды аяғы оның басынан кейін биік болатындай етіп жатқызу қажет.
Шаянның шағуы кезінде улану бір жарым екі тәулікке созылады, оның белгілері әсіресе шаққаннан кейінгі алғашқы сағаттан соң қатты білінеді, шаққан жер күлбірейді, кейде бүршіктер де пайда болуы мүмкін, төңірегіндегі сөл түйіндері мен сөл жолдары домығады. Жалпы улану белгілері әр түрліš жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі, дене температурасының көтерілуі, дененің жалпы ауыруы, бастың ауыруы және айналуы, қалтырау, демігу, мазасыздық жағдайды селқостық ауыстырады, тердің қатты шығуы, көзден жас ағу және мұрыннан су сорғалау, жүрек айналасының шаншуы. Шаққан жерге кезкелген өсімдік майын жағу, ыстық қыздырғыш қою, анальгин мен антигистаминдік дәрі дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен).
Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Қарақұрттың уы орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Шаққаны білінбейді 10-15 минуттан кейін дененің бойына қатты сыздау жайылады. Улану 4-12 күнге созылады және зардап шегуші айыққаннан кейін көп уақыт бойы өзін әлсіз сезініп, жылдам шаршайды.
Улану белгілері: бұлшық еттің қатты әлсіреуі, қозғалыс ырғағының бұзылуы, аяқ қолдың, белдің сырқырауы және іштің ауыруы, көздің қабағында ісік пайда болуы мүмкін, жоғары температурада қалтырау, тердің қатты шығуы, қысымның көтерілуі, адам кейде жүре алмай, өз аяғынан тұра алмайды.
Алғашқы көмек: Марганецтік калий ертіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ертінді, жүрек дәрі дәрмектерін береді. Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Өрмекшінің, бүйінің қауіпсіз, алайда олардың шағуы қатты сырқыратады, шаққан жер ісінеді, олар теріден өтіп, улы бездерін еңгізе алмайды.
Алғашқы көмек: шаққан жерге марганец қышқылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа қояды.
