- •Мазмұны
- •1.1 Қазақстан Республикасының « Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы » заңы
- •1.2 Қазақстан Республикасының « Авариялық - құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы » заңы
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.3 Қазақстан Республикасының « Азаматтық қорғаныс туралы » заңы
- •Heгізгi ұғымдар :
- •1.4 Қазақстан Респу 6 ликасының « Өрт қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •Heгiзгi ұғымдар :
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.6 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •1.5 Қазақстан Республикасының « Халықтың радиациялық Қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •1.7 «Қаyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк туралы»Қазақстан Республикасының заңы
- •1.8 «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы
- •Негiзгi ұғымдар мен терминдер
- •2.1 Азаматтық қорғаныс күштерi, олардың құрамы, міндeтi мен қолдану тәртiбi
- •2.2 Республика аймағында болуы мүмкiн төтенше жағдaйлар, олардың сипаттамасы мен салдары
- •Төтенше жaғдaйларды топтaстыру
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
- •Texнoгeндiк сипаттaғы төтенше жағдайлар
- •2.3 Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәсiлiнiң негiзгi қағидалары
- •2. Республика аймaғында қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •3. Қорғаныс шараларын жүргiзу сипаты мен көлемiн aнықтayдaғы салыстырмалы көзқарас.
- •4. Қорғаныс әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас.
- •2.4 Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay
- •Қарапайым панахана
- •Бейбiт yaқыттa қорғаныс ғимараттарын күтiп ұстау және пайдалану тәртiбi
- •2.5 Халықты радиациядан қорғау шаралары
- •Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты
- •2.6 Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары
- •2.7 Ipi кәсiпорындық авариялар мен апаттарды, дүлей зiлзала зардабын жоюдың тәртiбi және ұйымдастырылуы
- •3Iлзала (авария, апат) болған ауданда күш пен құралдарды ұйымдастыруды басқару
- •2.8 Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay
- •Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi
- •Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары
- •2.9 Тж жағдайларына басшы құpaмын, ақ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі
- •Aқ бойынша халықтың әртүрлi санаттарын даярлау мен оқытуды және тж-дағы ic-әрекeттeрдi ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы aқ және тж жөнiндегi оқу-жаттығу түрлерi
- •Тосын жағдайдағы iс-әрекетке халықты үйрету мәселесiндегi насихаттың рөлi
- •2.10 Coғыc және бейбiт уақыттағы төтенше жағдайда Азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау Жалпы ереже
- •Азаматтық қорfаныстық жоспары
- •2.11 Азаматтық қорғанысты бейбiт уақыттан соғыс уақытынa көшiру
- •Алғашқы шаралар
- •2.12 Соғыс және бейбiт уақыттындғы төтенше жағдайда шаруашылық нысандары мен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдiсi мен жолдары
- •Ұйымдардың жұмыс тұрақтылығы
- •Экономика нысандарындағы жұмыс icтey тұрақтылығына әсер eтeтiн факторлар
- •Бейбiт және coғыc yaқытындa шаруашылық нысанындағы қызмет тұрaқтылығы зеpттeу
- •2.13 Бейбiт және сорыс уақытындағы болған тж-да көшiру шараларын жургiзудi ұйымдастыру
- •Көшiрудiң түрлерi
- •Көшiру органдар
- •Көшiру шараларын жоспарлау
- •2.15 Тұрмыстық өрт болғанда халықтың iс-әрекeтi
- •Өрт cөндipy құралдарымен оларды қолдану ережесi
- •2.16 Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектiлер
- •2.17 Террористiк акт қаyiпiнде халықтың және лауазымды тұлғалардың ic-әрекетi
- •Телефон бойынша қayiп төнген кездегі ic-әрекет:
- •Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар
- •2.19 Қазақстан Республикасының су қоймаларында азаматтардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз eтyдi ұйымдастыру
- •Суда-құтқару қызметiнiң құрылымы
- •Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.1 Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы
- •3.1.1 Талықсу
- •3.1.2 Коллапс
- •3.1.3 Естен тану
- •3.2 Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.2.1 Жарақат
- •1Сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою
- •2Сурет. Қанның күре тамырдан ағуы
- •3Сурет. Қанның көк тамырдан ағуы
- •4Сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер
- •5Сурет. Күре тамырды саусақпен қысу
- •3.2.3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу
- •10Сурет. Ақолдың жабық сынығы,
- •12Сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою
- •3.2.4 Күйіктер
- •Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.
- •16Сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай
- •1,2Дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету Үсік шалу
- •3.2.5 Күннің өтуі және ыстық тию
- •3.2.6 Улы заттармен улану
- •3.2.7 Электр тоғымен жарақаттану
- •3.2.8 Суға бату, тұншығу және иіс тию
- •3.2.9 Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға
- •19Сурет. Жеке таңғыш пакеті
- •21Сурет. Басқа ‚ауыздық‚ тәріздес таңғыш орау
- •22Сурет. Көзге таңғыш қою
- •23Сурет. Крест тәріздес таңғыш қою Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау
- •25Сурет. Иық буынына таңғыш қою
- •26Сурет. Саусаққа, алақанға, шынтақ буынына таңғыш қою
- •27Сурет. Іштің төменгі жағына және шап төңірегіне
- •30Сурет. Сирақтабан буынына сегіз тәріздес таңғыш қою.
- •Тест сұрақтары
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер
12Сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою
Тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік сынған кезде саты шинасымен немесе қолға қоюға ыңғайлы болатындай ретпен қиылыстырады. Қолды байлап орайды.
Бұғана сынғанда кәрі жілік төңірегіне арқаға немесе Дезо бинт таңғышына байланатын екі мақтадәкі шығыршығын қояды. Қолды орамалға іліп қояды.
Табан сүйектері мен сирақтабан буындары сынған кезде иммобилизация үшін саты шинасын немесе қолда бар құрал пайдаланылады. Шинаны әуелі табанның өкшесі мен сирақтың артқы жақ үстіне қоюға ыңғайлы болатындай етіп бүгеді. Өкше сүйегі үшін үңгіме жасайды, оған өкше сүйегіне қысым түспеу үшін мақта салады. Бұдан кейін шинаны аяққолға салады және сирақтың төменгі тұсы мен табан арқылы бинттің сегіздік тәріздес орамдарымен бекітеді, оны бинттің шеңберлі орамдарымен сирақтың үстіңгі тұсында аяқтайды. Табан тірек бұрышпен сираққа мығым байлануға тиіс.
Үйеңкі кесіндісімен және ағаш рейкалармен иммобилизациялау кезінде оларды сирақтың үстіңгі тұсынан бүйірлей табанның өкшесіне дейін қояды: біреуін сыртқы жағынан, екіншісін сыртқы жағынан, содан соң табанды мықтап бекітіп аяққолға орайды. Шығыңқы сүйек ұшына кесінділер тиетін жерге мақта қояды.
Сирақ сүйегі сынған кезінде иммобилизацияны сирақтабан және тізе буындарының қозғалмауын қамтамасыз ете отыра, сирақтабан буындары зақымданған кездегідей жүргізеді. Шинаны немесе қолда бар құралды табаннан санның үстіне сәл жақындатып қояды.
Егер төңіректе иммобилизация үшін ыңғайлы зат кездеспесе, зақымдалған аяққолды сау аяққолға байлап тастау керек.
Санның сүйегі сынған кезде ең жақсы көлік шинасы Дитерикс шинасы болып табылады. Шина ұзындығын оңай өзгертуге болатын екі ағаш шинадан тұрады және бұрамасы бар ағаш өкшеден тұрады. Бұл шинаны киімнің үстіне қояды және ағаш өкшені сырқат аяқтың табанына байлаудан бастайды. Зардап шегушінің бойына қарай шинаның сыртқы жағы (ұзын) сабы мен қолтықтың арасына тіркелуге тиіс. Ал оның қарсы жағы өкшеден 12-15 см шығуы қажет. Бүйірдегі шинаны әуелі ағаш өкшенің ілгек арқылы өткізеді, содан кейін шаптың төңірегімен қолтықтың астына қояды. Өкшенің астына шинаның төсемдері қиғаш тақтайшамен бекітіледі. Шинаны аяқ пен денеге енді бинтпен, белбеумен, орамалмен және т.б. орайды. Табан сирақ және тізе төңірегендегі сүйектің шығыңқы жері не мақта түйнегін немесе мата орамын қояды. Ағаш өкшеден саптың түйістіретін қуысына мықты екі қабат бау өткізеді оны байлау арқылы аяққолды түзейді.
13сурет.
Сан мен сирақ сынған кезде иммобилизациялау
Омыртқаның сынуы қатерлі жарақаттардың біреуі. Омыртқа жоталары жарақаттанған кезде омыртқаның өзінің зақымдануы ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұндай сырқаттардың тағдыры көп жағдайда оқиға орынында көрсетілген алғашқы көмекке байланысты. Жұлын буын сабақтары мен омыртқа денелерінен құрылған арнайы қуыста орналасқан. Омыртқа жотасы зақымданған кезде жұлын зақымдалуы мүмкін. Бұл көбінесе ауыр жағдайға алып келеді.
Омыртқаның мойын тұсының жарақаттануы аса қауіпті. Жұлын, әсіресе оның жоғары тұстары деңгейіндегі зақымданған кезде кеуденің тыныс талшықтарының салдануы пайда болады, оның нәтижесінде тыныс алу тарылады.
Жарақат кезінде жұлын мен оның қатпары сыдырылуы, қысылыуы және үзілуі мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек- жұлының зақымдануы аса қауіпті, сондықтан аса қажетсіз жағдайда оны мазалауға болмайды. Егер омыртқаның маңайында жара болса, оны тазартқыш таңғышпен жабады. Омыртқасы сынған зардап шегушіні омыртқаны бүгілтпейтін қалқаны бар, ал егер арнайы шина жоқ болса, сырқатты екбетінен жатқызады.
Омыртқаның мойын тұсының зақымданғаны хақында күдік болса, бас пен мойынды қозғалтпау керек. Бұл үшін стандартты шиналар қолданады. Уақытша Шанц жағасын пайдалануға болады. Мұндай жағаны даярлау үшін көлемі кемінде 90х40 см қалың мақта (қалыңдығы 2 см дейін) қажет. Мақтаны екіге бүкітейді және оны мойынға, иек пен желкеге нығыздап бекітеді. Осындай тәсілмен жасалынған жағаны жұмсақ бинтпен мықтап байлайды. Жағаны кесілген картон қаңқасын арасына сала отыра барынша қаттырақ жасауға тырысу керек.
Иммобилизациялаудан, қатты байлайтын жаға қоюдан, зардап шегушіні сауатты тасымалдаудан басқа ауруды әлсірету немесе жазу үшін шаралар қабылдау аса маңызды.
Зардап шегушіні тыныштандыру үшін оған валериан тұнбасынан 20 тамшы, аналгин, димедрол ішкізген дұрыс.
Жүрек тамыр жолдарының әлсіреуін ескерту қажет. Бұл үшін сырқатқа валокордин, корвалол, кордиамин сияқты жүрек дәрмектерін беру қажет. Зардап шегуші жақсы қымталуға және суықтан қорғалуға тиіс. Оның аяқтарын орамалға бүктелген ыстық жылытқы мен ыстық су құйылған шөлмек арқылы жылыту қажет.
Жамбас сүйектерінің сынулары. Жамбас сүйектерінің зақымдалуы әдетте санның айналасына қандай да бір заттардың тиюі, заттардың соққысы, құлауы санның әртүрлі бағытта сәтсіз қысылуының салдары болып табылады.
Осыларға байланысты жамбас сүйектерінің ашық және жабық сынықтары болады.
Жамбас сүйектерінің сынуымен қатар жамбас органдары зақымдалуы мүмкін. Жамбас сүйектерінің зақымдануы төрт топқа бөлінеді. Жамбас жүзікшесінің бұзылуынсыз болған сынық кезінде көбінесе сынған жердің айналасы сырқырайды. Сыныққа жанасқан бұлшық еттің кернеуі сырқырауды күшейте түседі. Мысалы, құймышақ сүйегі сынған кезде сырқырау зақымдалған сүйекті сипаған кезде де, сондайақ бұлшық еттің кернеуі немесе созылуы кезінде де пайда болады.
Жамбас жүзікшесінің тұтастығы қоса бұзылатын сынықтардың анық белгісі бар, бұл тірек қызыметінің бұзылуына, қанның көбірек кетуіне және анық байқалған сырқатқа байланысты, аратұра естен тануға соқтырады.
Жамбас шұңқыры сүйектерінің сынуы буын шеміршегін қоса зақымдайды. Зақымдану дәрежесі үлкен болған сайын ауру асқынып кетеді. әсіресе, сынықтардың қозғалуы, шеміршек шұңқырындағы жамбас буынының таюы қатар болатын сынықтар кезіндегі сырқырау дәрежесіне төзуі өте қиын.
Жамбас буындарының сынығы сегізкөзмықын сүйек буындалатын жердегі жамбас сүйектерінің ажырауы кезінде пайда болады.
Алғашқы медициналық көмек- жамбас сүйектері сынған кезде таңғыш байлау, көлік иммобилизациясы, ауруды басатын дәрідәрмек (промедол, морфин) беру арқылы көрсетіледі.
Зембілге салынған кезде аяқтарды жартылай бүгіңкі күйге келтіреді.Санды қажетсіз оңдысолды қозғаудың қажеті жоқ, оны сырқат үшін ыңғайлы күйде қалдырады.
Сырқаттың жамбасын дәкімен қатты тартпай орап тастаған дұрыс.
14сурет. Жамбас сүйегі сынған кезде сырқатты әкету
Терінің айтарлықтай беріктік қаситеі бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін.
Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәргерге барып, ауруға қарсы ектіру керек.
Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады, соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.
Тарамыстың созылуы секірген, құлаған ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі, қозғалудың қиындығы.
Буынның шығуы бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатомиялық өзара қарымқатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу (таю) болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге, кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.
Буынның шығу белгілері: домығу, буынның табиғи емес пішіні, өзгеруі, буынның төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.
Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компресс қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстуаға тырысыңыз, бұл буынның домығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап жатқызуға тырысыңыз.
