Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіршілік қауіпсіздігі ОҚУ ҚҰРАЛЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

3.2.3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу

Сүйектің сынуы бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқыншақ) немесе толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады (10сурет).

10Сурет. Ақолдың жабық сынығы,

баяқтың ашық және жабық сынығы

Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сынықтарға жұқпалы аурулар тез таралады және іріңдеуқабыну процессінің дамуымен ушыға түседі.

Сүйектің сыну белгілері:

Жабық сынған кезінде:

сүйек сынған жердің сырқырауы;

 аяққол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

 сүйек сынған жердің қанталауы мен домығуы;

 аяққол қызметінің бұзылуы;

 буындар арасындағы аяққол төңірегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы.

Ашық сынық кезінде:

 аяққол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

 жарада сүйек жарқыншақтарының болуы;

 жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;

 аяққолды қозғалтқан кездегі сырқырау.

Жабық сынық кезінде тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмайды, ашық сынық кезінде сүйек сынған жерде жарақат болады, сүйек сынған жерді қозғалтуға болмайды.

Сүйектің таюын болдырмау үшін жарақатқа таңғыш қою мақсатында киім мен аяқ киімді шешуге, олдарды кесуге және сынған жерді босатуға болмайды. Егер ашық сынық кезінде қан ақса, оны тоқтатқаннан кейін, жараға тазартылған таңғыш қою қажет. Ашық және жабық сынық кезінде сырқатты басатын дәрідәрмек беріліп, бұдан кейін қолда бар құралдардың көмегімен иммобилизация жүргізу қажет.

Сырқатқа қарсы дәрідәрмекті егу жеке қобдишадағы немесе үй қобдишасындағы анальгетиктердің, шприцтүтіктерді (анальгин, пенталгин, трепан, баралгин және т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.

Аяққол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Сүйек сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгісі үш зақымданған сүйектің әдісті орындау қажет жағының тыныштығын қамтамасыз ету, яғни иммобилизация болып табылады, сол үшін табельдік шина қолданылады немесе қолда бар заттар: таяқ, тақтай т.б. заттар қолданылады.

Тыныштық болу үшін шина немесе қолда бар жоқ болса, аяққолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады (қолды тігінен бүгеді) немесе байламға, белбеуге іліп қояды.

Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды. Шинаны (немесе қолда бар затты) сынықтың екі жағының да қозғалысын болдырмайтындай етіп (сынықтың үстіңгі және астыңғы жағы) қою қажет. Сүйектің шығыңқы жерінде шинаның астына жұмсақ мақта немесе жайлы мата қояды.

Шинаны (қолда бар материалды) мақтамен жауып, дәкімен орайды (матамен, киім кесіндісімен), бұлай ету сынған жердің қатты қысылмауы үшін жасалады, содан соң оны қайтадан зақымдалған аяққа орайды.

Қандай да бір қосалқы материал жоқ кезде иммобилизацияны зақым данған аяққолды дененің сау мүшелеріне: қолды денеге төменгі жақты сау аяққа байлау арқылы жүргізген дұрыс.

11сурет. Зардап шегушіні шинамен тасымалдау кезінде басын тиянақтау

Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:

. Иммюбилизация үшін пайдаланатын шиналар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.

2. Шинаны бірден жалаңаш аяққолға қоюға болмайды.

3. Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек (мысалы сирақ сынған кезінде сирақ табан және тізе буындары бекем байланады).

. Сан сынған кезде аяқ қолын барлық буындармен бекем байлау қажет (тізе, сирақ табан, санжамбас).

Саусақ түйіспелері мен буын сүйектерінің ашық сынығы кезінде жараға тазартқыш таңғыш қойғаннан кейін алақанға саусақтар жартылай бүгіліп тұру үшін дәкімен оралған тығыз мақта түйірін қояды. Білекке, қолдың шашақты ұшына және саусақтарға үйеңкі, картон немесе саты шинасын қояды, қолды орамалға іліп қояды.

Б ілек сүйектері сынған кезде шинаны саусақтарды қамти отыра иыққа жақындатып қояды, шынтақ пен кәрі жілік және білек буындарының қозғалмауын қадағалап, байламға іліп қояды.