- •Мазмұны
- •1.1 Қазақстан Республикасының « Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы » заңы
- •1.2 Қазақстан Республикасының « Авариялық - құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы » заңы
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.3 Қазақстан Республикасының « Азаматтық қорғаныс туралы » заңы
- •Heгізгi ұғымдар :
- •1.4 Қазақстан Респу 6 ликасының « Өрт қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •Heгiзгi ұғымдар :
- •Негiзгi ұғымдар :
- •1.6 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •1.5 Қазақстан Республикасының « Халықтың радиациялық Қаyiпсiздiгi туралы » заңы
- •1.7 «Қаyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк туралы»Қазақстан Республикасының заңы
- •1.8 «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы
- •Негiзгi ұғымдар мен терминдер
- •2.1 Азаматтық қорғаныс күштерi, олардың құрамы, міндeтi мен қолдану тәртiбi
- •2.2 Республика аймағында болуы мүмкiн төтенше жағдaйлар, олардың сипаттамасы мен салдары
- •Төтенше жaғдaйларды топтaстыру
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
- •Texнoгeндiк сипаттaғы төтенше жағдайлар
- •2.3 Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәсiлiнiң негiзгi қағидалары
- •2. Республика аймaғында қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •3. Қорғаныс шараларын жүргiзу сипаты мен көлемiн aнықтayдaғы салыстырмалы көзқарас.
- •4. Қорғаныс әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас.
- •2.4 Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay
- •Қарапайым панахана
- •Бейбiт yaқыттa қорғаныс ғимараттарын күтiп ұстау және пайдалану тәртiбi
- •2.5 Халықты радиациядан қорғау шаралары
- •Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты
- •2.6 Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары
- •2.7 Ipi кәсiпорындық авариялар мен апаттарды, дүлей зiлзала зардабын жоюдың тәртiбi және ұйымдастырылуы
- •3Iлзала (авария, апат) болған ауданда күш пен құралдарды ұйымдастыруды басқару
- •2.8 Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay
- •Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi
- •Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары
- •2.9 Тж жағдайларына басшы құpaмын, ақ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі
- •Aқ бойынша халықтың әртүрлi санаттарын даярлау мен оқытуды және тж-дағы ic-әрекeттeрдi ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы aқ және тж жөнiндегi оқу-жаттығу түрлерi
- •Тосын жағдайдағы iс-әрекетке халықты үйрету мәселесiндегi насихаттың рөлi
- •2.10 Coғыc және бейбiт уақыттағы төтенше жағдайда Азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау Жалпы ереже
- •Азаматтық қорfаныстық жоспары
- •2.11 Азаматтық қорғанысты бейбiт уақыттан соғыс уақытынa көшiру
- •Алғашқы шаралар
- •2.12 Соғыс және бейбiт уақыттындғы төтенше жағдайда шаруашылық нысандары мен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдiсi мен жолдары
- •Ұйымдардың жұмыс тұрақтылығы
- •Экономика нысандарындағы жұмыс icтey тұрақтылығына әсер eтeтiн факторлар
- •Бейбiт және coғыc yaқытындa шаруашылық нысанындағы қызмет тұрaқтылығы зеpттeу
- •2.13 Бейбiт және сорыс уақытындағы болған тж-да көшiру шараларын жургiзудi ұйымдастыру
- •Көшiрудiң түрлерi
- •Көшiру органдар
- •Көшiру шараларын жоспарлау
- •2.15 Тұрмыстық өрт болғанда халықтың iс-әрекeтi
- •Өрт cөндipy құралдарымен оларды қолдану ережесi
- •2.16 Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектiлер
- •2.17 Террористiк акт қаyiпiнде халықтың және лауазымды тұлғалардың ic-әрекетi
- •Телефон бойынша қayiп төнген кездегі ic-әрекет:
- •Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар
- •2.19 Қазақстан Республикасының су қоймаларында азаматтардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз eтyдi ұйымдастыру
- •Суда-құтқару қызметiнiң құрылымы
- •Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.1 Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы
- •3.1.1 Талықсу
- •3.1.2 Коллапс
- •3.1.3 Естен тану
- •3.2 Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
- •3.2.1 Жарақат
- •1Сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою
- •2Сурет. Қанның күре тамырдан ағуы
- •3Сурет. Қанның көк тамырдан ағуы
- •4Сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер
- •5Сурет. Күре тамырды саусақпен қысу
- •3.2.3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу
- •10Сурет. Ақолдың жабық сынығы,
- •12Сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою
- •3.2.4 Күйіктер
- •Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.
- •16Сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай
- •1,2Дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету Үсік шалу
- •3.2.5 Күннің өтуі және ыстық тию
- •3.2.6 Улы заттармен улану
- •3.2.7 Электр тоғымен жарақаттану
- •3.2.8 Суға бату, тұншығу және иіс тию
- •3.2.9 Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға
- •19Сурет. Жеке таңғыш пакеті
- •21Сурет. Басқа ‚ауыздық‚ тәріздес таңғыш орау
- •22Сурет. Көзге таңғыш қою
- •23Сурет. Крест тәріздес таңғыш қою Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау
- •25Сурет. Иық буынына таңғыш қою
- •26Сурет. Саусаққа, алақанға, шынтақ буынына таңғыш қою
- •27Сурет. Іштің төменгі жағына және шап төңірегіне
- •30Сурет. Сирақтабан буынына сегіз тәріздес таңғыш қою.
- •Тест сұрақтары
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер
3.2.7 Электр тоғымен жарақаттану
Электр тоғының немесе найзағайдың атмосфералық әлектр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күюінен көрінеді.
Тоқтың соғуы организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі әсерден туындайтын құбылыс.
Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрсуы, дірілдеу.
Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы.
Тоқтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денедегі ауырылықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді. Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді бастан өткереді.
Естен айырылу, дене температурасының төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызыметінің әлсіреуі, дененің құрысуы.
Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы тоқ ілгегі деп аталады. Ол төменгі, жоғары және толық ілгек болып бөлінеді.
Төменгі ілгек аяқтанаяққа (онша қауіпті емес).
Жоғары ілгек қолдан қолға (қауіптірек)
Толық ілгек өте қауіпті. Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.
Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
I дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
II дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есіне айырылады;
III дәрежеде зардап шегушіде есінің айырылуымен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
IV зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.
Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек: алғашқы көмек көрсеткен сәттердің бірі зардап шегушіні электр тоғына тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, мұхият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбекті тоқтан ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқпен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізігштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұхият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиялық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.
Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқиға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайындағы адамға «ауыздан ауызға» және «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.
Электр жарақатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.
Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыру мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.
Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2 мл 2% ерітіндісі, кофейннің мл % ерітіндісі, эфрединнің мл % ерітіндісі) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (мл цититон, терінің астына лобелиннің мл % ерітіндісін) берумен орындалу қажет
Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастау керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады. Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тыйым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды тұғызады: тыныс алуды нашарлатады, зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады, ең бастысы пәрменді көмек көссету уақытын созады. Жылыту, жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау зардап шегушіні құтқарудың бірден бір ықтимал нұсқасы болып табылады.
