Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842 Кб
Скачать
☆

3.3. Тауар номенклатурасы сэқ- маманданған сараптаманы тиімді жүргізудің негізі

Жалпы түрде ТН СЭҚ сыртқы саудада айналысқа түсетін, әр бірінің өзінің жеке коды бар тауарлардың жүйелендірілген тобын анық әдіспен көрсетеді.

Тауар айналымы сферасында шартты түрде айрып көрсететін ТН СЭҚтың екі иерархиялық тәжірибеде қолданатын дәрижесі: мемлекетті к және жедел.

Мемлекеттік дәрижеде СЭҚ ТН мемлекет аралық құжаттарды дайындауда немесе қайта өңдеуде қолданылады: келісімдер, шарттар, конвенциялар.Тауар номенклатурасын қолданудың маңызды сферасы- СЭҚ-ты кедендік-тарифтік (импорттық және экспорттық тарифтер) және әкімшілік (квоталау, сертификаттау, лицензиялау) реттеу.Тауар номенклатурасы транспорттық тарифтердің статистикасын құрушы тауар бағыты болады. СЭҚ ТНды қолданудың жаңа бағыты болып тауарларды сақтандыру табылады.

Сараптамалы дәрижеде тауар номенклатурасы СЭҚ қатысушыларының күнделікті тәжірибесінде кеден деклорациясының жүктерін толтыру кезінде, келісім шарттар құрғанда, транспорттық құжаттарды дацындағанда және әр түрлі қойма реквизиттерін, сертификаттарын, қоюшылардың каталогтары және т.б.

Берілген жұмысты үйрену үшін кейбір кейбір қажетті түсініктер мен анықтамаларды қарастырамыз: өнім,тауар, тауар саясаты7.

Өнім - қызметтің материалдық және материалдық емес нәтижесі, қоғамның нақты және потенциалды қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.Осыдан, екі негізгі ерекшелікті көреміз: біріншіден, ол өндңрңлуң керек, екіншіден, кімнің болмасын қажеттілігін қанағаттандыруы керек.(біреулерге керек болуы керек).

Осымен өнімді дайындау қызметән кең мағынада түсіну керек:бұған адам қызметі ғана кірмеді, биологиялық объектілердің өмірсүруі де кіруі керек.

Сатып алу объектісі болғанда өнім тауар болады (коммерциялық қызметте).Тауар дегеніміз – қиын және үлкен жоспарлы түсінік, ол өзіне коптеген қасиеттердің өзіндік құнын қамтиды, тауардың бір неше анықтамасы бар, лардың әр бірінде әр түрлі қасиеттер көрсетілген.Тауардың жалпы қабылданған анықтамасында сату үшін өндірілген еңбек өнімі ретңнде анықталады.

Нарықта тауарды сату-сатып алу немесе оны ақшаға айырбастау оның негізгі қасиетімен байланысты – тауарды иемденушінің қажеттілігін қанағаттандыру немесе тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру.

Сондықтан тауардың басқа анықтамасы да бар:-«Тауар – бұл белгілі қажеттілікті қанағаттандырушы құрал». Осыдан біз, тауар – зат немесе еңбек өнімі (мүмкін қандайда бір қызмет), белгілі бір тұтынушының қажеттілігін қанағаттандырушы пайдалы керекті қасиетттер элементі.

Тауар (қызмет)тің адам үшін тиімділігі оның адам қажеттілігін қаншалықты қанағаттаныратынынын көрсететін тұтынушылық құнымен (тұтынушылық бағасымен) анықталады.

Табиғатына орай тұтынушылар қасиеттері физикалық, химиялық, биологиялық және т.б. болады. Тауарларды тұтынушылық қасиеттерін (тұтыну заттарын) –үш топқа бөліп қарастырамыз:

  1. Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандырушы (эргономикалық, утилитарлық);

  2. Материалдық емес қажеттіліктерді қанағаттандырушы (мәдени қажеттіліктер, жақсыны қабылдау қажеттіліктері және т.б);

  3. Қажеттіліктерді уақыт бойынша қанағаттандыруды қамтамасыз ету (Мысалы: сенімділік).

Тауарлардың тұтынушылық құны тұтынумен анықталады. Нарықтық қатынастарда тауарлардың тұтынушылық құнын дұрыс бағалау оның нарығын білу арқылы жүргізіледі.

Тауардың әлеуетті тұтыну құндылығы физикалық, әлеуметтік және материалдық емес қажеттіліктерді қанағаттандырумен көрсетіледі.

Тауар нақты, кең жарияланған өнім ретінде қарастырылады.

Нақты өнім – түр кодымен, нақты бейнеленетін базалық физикалық мән.Кеңейтілген өнім түсінігі тауар кейпін ғана емес, оның көрсеткен қызметін қоса қарастырады (көлік сатып алу көрсетіледі, мысалға, кепілдік қызметпен немесе қайтару құқығы мен және т.б). Жарияланған онім – бұл, алынған әлеуметтік- экономикалық тиімділік арқылы тұтыну қасиеттері көрсетілетін өнім.

Тауар коммерциялау дәрижесіне жетуі керек.Бұл тауардың жобасын иемденгенін, оның жобалық құнын, көрсететін,қажетті баұылауларығ аяқталғанын және тауарға сәйкес құжаттардың дайындығын, кепілмен қызмет көрсету станцияларының қызметін және т.б көрсетеді. Аталған топтардың ішінде тауарды қолдану түрі әр түрлі, оларды сатып алу әр түрлә қажеттәләктер мен әр түрлі ынталарға тәуелді болады.

Тұтынушылар тауарлары (жеке тұтынылатын) үш топқа бөлінеді:

  • ұзақ мерзімде қолданылатын бұйымдар – тоңазытқыштар, көліктер, жиһаз, киім, және т.б;

  • қысқа мерзімде қолданылатын бұйымдар – тамақтану өнімдері, жуғыш заттар, т.с.с жедел қолданылатын және бір неше рет қолданылатын заттар;

  • қызметтер – бұл адамдарға пайдалы нәтиже әкелетін әрекеттер, (жолаушыларды тасымалдау, киім жөндеу жйне т.б) Қызметтер сатудың объектісі болады сондыұтан, оларды қораптауға, сақтауға, тасымалдауға болмайды.

Өндіріске бағытталған тауарлар төмені категорияларға бөлінеді:

  • негізгі құралдар;

  • жанама құралдар;

  • түйіндер мен агрегаттар;

  • негізгі метериал мен шикізат.

Бұндай бөліну сатып алушының тауарға деген сатып алушының әр түрлі қатынасына, сатуға деген әр түрлі қажеттіліктеріне, қызмет көрсетуге негізделінеді.

Өндірістік тауарға деген сұраныс жеке тұтыну заттарына деген сұраныспен тығыз байланысты.

Тауарларды классификациялаудың басқа да түрлері болады, мысалға – сатып алу сұранысы бойынша:

  • күнделікті сұраныстағы тауарлар (нан, сүт, қант);

  • алдын-ала сұраныстағы тауарлар (жиһаз, теледидарлар, радиоаппаратура, киім);

  • ерекше сұраныстағы тауарлар (сәнді тауарлар, стерео аппаратура, маркалы шараптар);

  • пассивті сұраныстағы тауарлар (жиһаз, үйді, облигацияларды, мемлекеттік заемдарды сақтандыру ).

Тауарларды классификациялау кезінде ерекшелері:

  • жеке тауардың объективті шарттары: сапа, материал, салмақ, түс, өлшем, сыртқы түрі, силуэт, иісі, дәмі, құрылымы, дефекттер нақтылығы;

  • нарықтағы шарттары: баға, бәсеке қабілеттілік, таңдаудың көптігі, тасумалдау қолайлылығы, тартымдылығы;

  • тұтыну кезінде қолданылатын шарттар: қарапайымдылығы, күту ді көп қажет етпеуі, ауыстыру уақыты.

Тауар саясатын бейнелегенде тауар бірлігі, тауар ассортименті, тауар номенклатурасы, деген түсініктер болады, жаңа тауарды құрғанда – тауар ниетпен, нақты орындалған тауар, қосымша күшпен тауарлар.

Тауар бірлігі – бұл баға, көлем көрсеткіштерімен, жеке қасиеттермен оқшауланған тұтастық. Бұл белгілі өлшемдегі нақты ер адамдам костюмі; нақты иіс суларының келісілген бағадағы түрі. Тауар бірлігі белгілі бір аралас топқа жатады : костюм – ерлер киімінің тобына, иіс су – иіс сулар тобына. Фирмамен шығарылған тауар ассортиментінің бір неше ассортименті – фирманың тауар номенклатурасын құрайды.

Тауар номенклатурасы келесі көрсеткіштермен көрсетіледі:

  • тауар номенклатурасының тереңдігі – бұл ассортиментті топтағы әр бір жеке тауардың ұсыныстар нұсқасы (егер тіс пастасы үш түрлі қасиетпен берілсе, онда оның ұсыныс тереңдігі үшке тең, ал егер тіс пастасы екі иіспен берілсе, оның тереңдігі беске тең);

  • тауар номенклатурасының маңздылығы – фирманың жеке тауарларын құрайтын жалпы сандар;

  • тауар номенклатурасының үйлесімділігі - яғни соңғы пайдалану бойынша, бөлу каналдары бойынша, немесе т.б көрсеткіштері арасындағы әр түрлі топтардағы тауарлардың жақындық дәрижесі.

  • Тауар номенклатурасының кеңдігі – фирма шығаратын жалпы ассортименттік топтардың саны.

Тауар номенклатурасына келтірілген төрт көрсеткіш фирманың тауар саясатын анықтайды. Ол өз қызметін төрт әдіспен кеңейтуге болады:

  • тауар номенклатурасын оған жаңа тауар ассортименттерінің топтарын енгізу арқылы;

  • бар тауарлардың номенклатурасының қуаттылығын арттыру ақылы;

  • бар тауарлардың көп көлемінен тауар номенклатурасын тереңдету;

  • әр түрлі тауар ассортименттері арасындағы үйлесімділікті жақсарту арқылы;

  • осылай тауар саясаты – бұл фирманың тауар ассортименті мен тауар номенклатурасы арасындағы шешімдерді қабылдау қызметі.Ол өзіне жаңа тауар өндіргенде мақсаттылық туралы шешімдер қабылдауды қамтиды.Жаңа тауар мінездемесі өз анықтамаларына ие. Бұнда айыру керек;

  • ниетпен тауар – яғни оны ойлап табушы қалай елестеткен;

  • нақты орындаудағы тауар – бұл құрастырушы мен технолог құраған тауар;

  • қосымша күштелгентауар – бұл сатылып қойғаннан кейінгі қосымша қызматтер мен пайдалар.

Жаңа тауарды шығару кезінде коммерциялық табысқа сәйкес келетін басқа да мінездемелері қарастырылады.

Сонымен, Қазқстан Республикасының кеден органдарына енгізілген, кеден қызметінің маңызды құрамдық элементі мен функциясы болып, СЭҚтің тауар номенклатурасын жүргізуі, тауарларды сұрыптау мен кодтау табылады. Бұл функциялардың орындалуы дұрыс қолдану барысында кедендік реттеудің тауарлық өлшемдері үшін маңызды.

Тауарларды сұрыптаудың дұрыстығынан объективті критерийлерге негізделіп, олардың құнын белгілеу жүргізіледі, осыған сәйкес, негізгі есептеу мен кедендік төлемдерді алу пайдпа болады. Тауарларды сұрыптаудың дұрыстығы елдің кеден саясатының қалыптасуында және оны жүзеге асыруда нақты шешімдер қабылдауда, кедендік рәсімдеу үрдісінде және тауарлар мен транспорттық құралдарды бақылауда , сыртқы сауданың кедендік статистикасының объективтілігінің өсуіне де алып келеді. Сондықтан, кеден қызметінің тиімділігінің жоғарылығы кеден органдарының қызметкерлерінен тауарлар классификациясы теориясына терең кіруді, негізгі классификациялық жүйелерді білуді және теория мен тәжірибеде тапсырмаларды осы жүйелер арқылы шешуді қажет етеді.

«Тауар номенклатурасы» түсінігінің негізгі элементтері болып «номенклатура» және «классификация » түсініктері болады.

Номенклатура (лат. Nomenklature- тізбек, аттар жазуы) – бұл қандай да бір ғылым, техника салаларында, тәжірибе қызметтеінде қолданылатын аттар, терминдер жүйесі (өзіндік құны).

«Тауар номенклатурасы» түсінігі бұл мәнде қоғамдық тәжірибенің «тауар» деген сөзімен және мыңдаған сол сөз қолданылатын, төмендегідей салаларымен тығыз байланысты: «тауар жүргізу», «кеден қызметі», «өндіріс», «тұтыну», «СЭҚ», «сыртқы сауда» және т.б . Осымен, тауар номенклатурасы – бұл өздерінің кәсіпкерлік қызметінде кеден огандарының міндетті адамдары мен декларанттар кездестіретін тауарларың аталуының өзіндік құны.

Номенклатура терминінің екінші мәні: шартты және абстрактты символдар реттелетін жүйе. Келтірілген екі терминде кеден қызметінде кеден органдарының міндетті тұлғалары және декларанттарытауарлардың көп атаулары мен жұмыс істегендіктен қолданылады.

Бұл терминді тереңірек білу үшін, «тауар» термині «тауарлы» деген анықтаманың қалыптасуына тоқталу керек, бұл термин кілтті болып табылады және кеден қызметі мен СЭҚ да қолданылады.

Бұл тауар кез келген кеден органдарымен тіркелетін сыртқы экономикалық операциялардың пәні болады. Кеден шекаралары арқылы өткізілетін тауарлардың нақты бейнесі оның материалды – заттық түрі хәне транспорттықтығы.

Тауардың нақты осы қасиеттері тауар анықтамасында тауар бір орталық түсінік ретінде көрсетіледі.

ҚР тауар номенклатурасында кейбір анықтамаоарда «тауар» деген сөз болмаса да ондағы сөздер тауармен тығыз байланысты. Сондай сөздерден болып «кедендік төлемдер» деген термин жатады.

Бір жағыынан «тауар» термині берілген анықтамада жоқ. Басқа жағынан, кеден заңнамасының, оны қолдану тәжірибесінен, барлық кедендік төлемдер тауарлардың кеден шекарасы арқылы өтуімен немесе тікелей (тауар қозғалысы бойынша сыртқы экономикалық операциялардың айналымы – кедендік сәндеу жинақтары, кедендік баж салығы, акциз, ҚҚС) немесе жанама (кеден органдары берген құжаттар мен байланысты кеден брокеріне, кедендік сәндеу маманына, СВХ иесіне немесе кедендік тасымалдаушыға сыртқы саудамен байланысты қызметпен айналысу құжаттары).

ҒТП ке және технологиялардың жүзеге асуы мен тауар ассортименті, өндірістің әр түрлі салаларында және ауыл шаруышылығында әр түрлі және кеңеюде.Ол тауарлардың жүздеген түрін қамтиды. Әр бір тауарды жеке үйрену егер әр бір анықтамаға жеке элементтерді, топтарды, бқлімдерді қоспағанда оңай емес. Кедендік тауар жалға алу кезінде оларды жүйелендіру негізгі сұрақтардың біреуі болады. Ондай мәселелерді шешу кезінде сұрыптау термині кездеседі.

«Сұрыптау» термині - белгілі көбейтулерге нақты объектілерді бөлу дегенді білдіреді. (сыныптар, топтар, бөлімдер, бөлімшелер, түрлер және т.б) Осылармен құралған жүйені сұрыптау дейміз.

Тауарды сұрыптаудың алдында тұрған тапсырмалардан бөлек, соңғылары өндәрәс салалары бойынша, олар дайындалған материалдар бойынша , жасалу дәрижесі бойынша, функционалдық бағыты бойынша және т.б топтастырылуы мүмкін.

Сұрыптаудың қабылданған жүйесіне сәйкес, сәйкес объектілерге басқа да сұрыптамалар берілген.

Сондықтан сұрыптағыш – сұрыптандырылатын объектілердің жүйлендірілген түрлері, әр бір объектіге өз орнын табуға белгілі кодтау арқылы көмектеседі.

Код сан, әріп, сан мен әріп, шифр түрінде болады.Тауарды сұрыптаудың кодтық жүйесі ақпарат кеден органдарына жинақтауға, тексеруге, жіберуге, қайта өңдеуге, экономикалық анализді беруге ыңғайлы форма түрінде берілуі керектігін көрсетеді.

Электронды т үрдегі ақпарат пен жұмыс істеу кезінде (мысалға, жүктік электронды кеден декларацияларын көшіргенде), кодттық жүйе ЭЕМ арқылы іздегенде, берілгендерді сорттау мен жалпы сомасын тапқанда ыңғайлы. Тауар номенклатурасы арқылы тауарды сұрыптау береді:

  • тауарды кодтау;

  • кедендік- экономикалық операциялар жүргізеді(кедендік баж салығын алу, кеден құнын анықтау, есеп жүргізу, жоспарлау жіне т.б);

  • сыртқы сауданың тауар құрылымын анықтау.

_________________________________________________________________

Кілттік терминдер

Кедендік сараптама

Кедендік сараптаманың субъектілері

Эталондар, нормативтік база

Өнім

Тауар

Тауарлық бірлік

Тауарлық саясат

Номенклатура

Классификатор

__________________________________________________________________

Бақылау сұрақтары

1. Кеден сараптама

2. Кедендік сараптаманың объектілері және құралдары

3. Кеден сараптама субъектілері

4. Сараптама тапсырмалары

5. Сараптамалық қорытындының сатылары

6. Cараптамалық мекеме ( эталондар , нормативтік база )

7. Сараптама нәтижелерінің қателіктерінің қайнар көздері

8. СЭҚ тауарлық номенклатурасы - кедендік сараптаманы нәтижелі

жүзеге асырудың негізі ретінде