Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842 Кб
Скачать
☆

6.5. Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде шешілетін мәселелер

Маман – істің нітижесіне мүдделі емес арнайы білімдер мен дағдыларды меңгерген кез келген жеке тұлға. Маман нақты іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге: табуға, бекітуге, құжаттарды алып қоюға қатысу үшін тартылады. Сарапшы маманға қарағанда, жиналған дәлелдемелермен жұмыс жүргізеді, зерделеу нәтижесінде кеден органының лауазымды тұлғасына бұрын таныс емес жаңа нақты мәліметтерді алады. Лауазымы тқла сараптаманы арнайы білімдердің болуынан тыс тағайындайды. Кеден органының шешім қабылдайтын лауазымды тұлғасының міндеттері бір-біріне сәйкес келмейді.

Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде анықтауға жататын мәселелер

  1. Мұнай өнімдері, жанар-жағар май және жеңіл тұтанатын заттар.

Зерттеу мақсаты – заттың табиғатын, оның топтық және туыстық қатысын, бензиннің сауда маркасын, заттардың нақты көлемдерін сәйкестендіруді белгілейді:

  • зерттеуге ұсынылған зат мұнай өнімі болып табылады ма;

  • зерттелетін зат өнімнің қандай тобына, маркасына жатады;

  • зерттелетін заттың негізгі тағайындалуы қандай;

  • зерттелетін сұйықтық жеңіл тұтанатын сұйықтық тобына жатады ма.

2.Есірткі құралдары және күшті әсер ететін заттар. Зерттеу мақсаты –

объектілерді тану, олардың табиғатын класын белгілеу:

  • зерттеуге ұсынылған зат есірткі құралы болып табылады ма, егер солай болса, онда қайсысы;

  • күшті әсер ететін немесе улы заттар болып табылады ма, егер солай болса, онда қайсысы;

  • заттардың саны қанша.

3.Бағалы металдар, қорытпалар және олардан жасалған бұйымдар:

  • зерттелетін зат қандай металдан жасалған және неден тұрады;

  • бағалы металдың проценттік құрамы қандай;

  • заттың салмағы қандай;

  • зерттелетін зат валюталық құнды болып табылады ма;

  • зерттелетін заттың шығу тегін белгілеу;

  • зерттелетін заттың көркемдік-мәдени және тарихи құндылығын анықтау.

4. Полимерлік материалдар және олардан жасалған бұйымдар:

  • пластмассалардан жасалған бұйымдардың топтарын анықтау;

  • осы зат полимер болып табылады ма;

  • полимер қандай типке, түрге, маркаға жатады;

  • негізгі заттың құрамы қандай;

  • бірлескен полимерлердің ара-қатынасын анықтау.

5. Тамақ өнімдері. Зерттеу мақсаты - өнімдерді олардың атауларына

сәйкестәгін теәестіру, тамақ өнімдерінің сорттылығын және сапасын белгілеу:

  • зерттеу объектісі ас қоспалары болып табылады ма;

  • темекілерді сигарета) шығаратын елді анықтау;

  • бала тамағына немесе диабеттік тамаққа қатысы;

  • зерттеуге ұсынылған өнімнің қауіпсіздік сертификатына сәйкестігі;

  • зерттелетін өнімде гербицидтер, пестицидтер атауын көрсете отырып ), нитраттардың болуы; егер солай болса, онда қандай концентрацияға жатады; СЭҚ ТН бойынша тауардың кедендік атауын анықтау;

  • негізгі компоненттердің сандық ара-қатынасы.

Тамақ өнімдері сараптамасының объектілері ет және ет өнімдері; балық

және балық өнімдері; сүт және сүтөнімдері; қант және кондитерлік бұйымдар; бал; ас майлары және майлар; кофе, шай, какао және олардан жасалған өнімдер; көкөністер; алкогольдік сусындар және т.б.