Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842 Кб
Скачать
☆

3. Кеден сараптамасының құралы және объектісі оның жүзеге асырылу негізі

3.1. Кеден сараптамасының құралы және объектісі

Кеден сараптамасын сараптамалардың ерекше сыныбына жатқызуға болады , себебі оның өзіне тән сипаттамасы болады : құралдар , тапсырмалар, объектілер және зерттеу әдістері .

Кедендік сараптама құралы – бұл кедендік процедуралар операцияларын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ КЕБ туралы істерді, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы, қылмыстық істерді қарау және жүргізу кезінде зерттелетін және бекітілетін нақты мәліметтер.

Кедендік сараптаманың құралына кеден ісінің жалпыға ортақ мәселерімен қатар, сондай-ақ кедендік бақылау процедураларының нақты фактілерін де жатқызуға болады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:

  • кедендік бақылау объектілерінің тағайындалуының және күй-жағдайының түрін анықтау;

  • ЕвроАзЭС СЭҚ ТН сәйкес тауардың сыныптамасы;

  • тауардың кедендік құнын анықтау;

  • тауардың сапалық көнсеткіштерінен шыға отырып, олардың нарықтық құнын бағалау (маркалар, сұрыптар, материалдардың табиғилығы және т.б.);

  • тауарлар мен құжаттардың кедендік мөрлерінің, штамптарының және өзге де кедендік қамтамасыз ету белгілерінің түпнұсқалылығын (шынайылылығын) теңестіру;

  • тауарлардың экологиялық және пайдаланымдық қауіпсіздігін белгілеу;

  • тауарлардың химиялық құрамы мен физикалық құрылымын анықтау;

  • тауарлардың сипаттамаларын анықтау (лицензиялық, акцизастылық);

  • есірткілік және психотропты заттардың теңестірілуі;

  • шығу елін анықтау;

  • дайын өнімнің шығу нормасын нақтыдау және оның теңестірілуі;

  • асыл бұйымдардың, антиквариаттардың, мұражай құндылықтарының диагностикасы.

Сонымен қатар, кедендік сарапшылардың алдына сараптаманың криминалистикалық, экономикалық, тауартанушылық, геммологиялық және басқалары тәрізді кедендік сараптама сыныптарының көмегімен шешетін КЕБ және контрабандамен күрес үрдісінде жедел қызметкерлермен ұсынылатын бөлек мәселелер қойылады.

Кедендік сарапшылармен шешілетін негізгі мақсаттардың арасынан келесілерді ерекшелеуге болады:

объектілердің теңестірілуіне бағытталған, объектілердің бейнелері бойынша отождествлениесі, көбінесе, іздерге. Бұл жерге тауарлардың СЭҚ ТН сәйкес белгіленген сынамалары мен үлгілерінің атауын, сапасын, тауардың өндірілген орындарын, т.б. жатқызуға болады;

диагностикалық – оқиғалардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің жалғасу тәсілдерінің, себепші байланыстардың механизмін анықтау. Бұл жерге технологиялық сараптаманы, шыару нормаларын анықтауды, шикізат көздерін және т.б. жатқызуға болады;

сараптамалық профилактиканы – кедендік заңнамада құқықбұзушылықтарды және қылмыстарды жасауға себепші болатын жағдайларды нақтыдау және де оларды болғызбау шараларын құру жөніндегі қызмет. Бұл жерге кеден тарифіндегі криминалды қауіпті тауарлық топтаманың пайда болуын болжау және бұрмалаушыларды зерттеу және қорларға жинау жөніндегі қызметтерді жатқызуға болады.

Сараптамаларды және зерттеулерді тағайындау кезіндегі ең көп таралған құқықбұзушылық болып:

  • сақтау мен қораптауды қамтамасыз етусіз тауарлар сынамаларын (үлгілерін) кедендік зертханаларға ұсыну;

  • сараптамаға (зерттеуге) ұсынылатын объектілердің объектілердің сәйкес еместігі;

  • объектілерді дұрыс емес сипаттау – олардың жеке сипаттамаларын көрсетусіз (көбінесе, құрамында бағалы металдар мен тастар кездесетін бұйымдар);

  • алып қою хаттамасында құпия түрде объектілерді сипаттаудың криминалистикалық сараптамаларын тағайындау кезінде бланкілердің, штамптардың, мөрлердің салыстырмалы үлгілерінің болмауы.

Сараптаманы жүргізу тауарлардың теңестірілуімен және бұрмалануымен байланысты сұрақтарды шешу үшін қажетті кәсіби білімдері бар тәжірибелі мамандар, ғалымдар болып табылатын сарапшыларға жүктеледі. Сарапшылар зерттелуші тауарлардың топтарынжақсы білулері, олардың сапасын бағалау бойынша жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Тауардың сапасын бағалауды және жүргізумен тығыз байланысты сараптама қызметтің ерекше түрі ретінде сынақ нәтижесепке алуды және зерттеулер негізінде сараптамалық әдістерді қолдануды талап етеді.

Тауар сапасы :

- келісім шартта келтірілген сапалы көрсеткіштер жиынтығы;

- келісім шартқа сәйкес тауарларды тағайындау;

- тауарлардың үлгісіне немесе сипаттамасына сәйкестігі;

- берілген тауарға стандарттардың сәйкестігі.

Тауарлардың сараптамалық бағалау әдістері :

1. шығынды, сатушының қызығушылығын бейнелейтін;

2. кірісті, сатып алушының дәлелін ескеретін;

3. бақылаушы, мемлекеттің қызығушылығына жауап беретін.

Сараптаманың негізгі компоненттері : субъект, объект, белгілер әдістер, процедуралар және нәтижелер (6).

Кедендік сараптама объектілері - материализацияланған анықтамалардың қайнар көздері : кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары, сонымен қатар зерттеу үшін іріктелген сынамалары; кедендік ережелерді бұзушылықтар (КЕБ) және контрабанда объектілері; кедендік бақылауда және рәсімдеуде қолданылатын тауарлармен бірге алып жүру құжаттарының әр түрлері (кедендік, нормативті-құқықтық, қаржылық және т.б.).

Сараптаманың көлемі және құралдары сараптаманы тағайындайтын анықтамалар, бұйрықтар, қаулылар және лаузымды тұлғалар белгілейтін тапсырмалар мен объектілер шеңберіде сипатталады. Сарапшы сараптамаға берілгендердің көлемін шектеуге құқығы жоқ. Алайда, бірыңғай объектілер көп кездескен кезде кеден органының лауазымды тұлғасы таңдамалы зерттеменің толықтылығы туралы мәселені қарастыруы керек, яғни сараптамалық объектілердің үлгілері мен сынама іріктемелерін зерттеуді жүзеге асырып, сол арқылы сараптаманың көлемін шектеуі керек.

Субъектілер – кедендік сараптамаға қатысы бар тұлғалар болып табылады, олар мыналар бола алады: сараптаманы тағайындауға өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары, басқа да құқық қорғаушылық және сот органдары, кеден органдарының лауазымды тұлғалары, заңды тұлғалар және жеке тұлғалар; сараптаманы орындаушы сараптамалық коммерциялық мекемелер және жеке сарапшылар, қызметі бойынша мемлекеттік сарапшылар; СЭҚ қатысушы тұлғалар, кеден шекарасы арқылы тауар тасымалдайтын (көлік құралдарын және басқа да құралдарды) немесе өтетін тұлғалар, сонымен қатар осы тауарларға жауапты тұлғалар және олардың өкілдері ( кеден делдалдары, декларанттар, қорғаушылар).

Тауарлардың тұтынушылық құрамына баға беру мен талдау кезінде қолданылатын критерийлер жалпы және нақты болып бөлінеді.

Жалпы критерийлер – бұл қоғамда қалыптасқан құнды нормалар және ұсынулар, оларды басқара отырып сарапшылар тауардың тұтынушылық құндылығы туралы пікір айтады.

Нақты критерийлер – бұл әрекет етуші нормативті-техникалық құжаттамада (НТҚ) бекітілген берілген түрдің тауарларының сапасына нақты талаптар, сондай-ақ елде немесе шет елде шығарылатын нақты бар бұйымдардың, өнімдердің сапасын сипаттайтын базалық көрсеткіштердің жиынтығы.

Тауарлардың тұтынушылық қасиеттерінің сараптамасын жүргізу әдістері әр түрлі негіздерді есепке ала отырып топтастырылуы мүмкін. Әдістерді сыныптау үшін екі бағыт таңдалған:

Сыныптаудың бірінші негізі болып өңдеу (техникалық тапсырма, жоба, тәжірибелі үлгі) және пайдаланым (еңбек құралдары, тұтыну заты) сатыларында сараптама объектілерінің ерекшеліктерімен анықталатын айырмашылық қызмет етеді.

Сыныптаудың екінші негізі болып алдында тұрған тапсырмалар мен құралдар жиынтығының шешімі үшін қолданылатын, осылардың шешіміне мамандардың жақын келу ерекшеліктерімен анықталатын айырмашылықтар қызмет етеді. Бұл негіз жалпы әдістердің кешендік және жедел болып бөлінуіне себепші болады, ал олар, өз

__________________________

Додонкин И. және басқалары .-М: 2003

кезегінде, сараптамалық, әлеуметтік және есепті-аспаптық әдістеріне бөлінеді.