Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842 Кб
Скачать
☆

6. Кедендік сараптаманың технологиясы

6.1. Сараптамалық зерттеу технологиясының ұғымы

Казакстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлардың сапалы құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын сәйкес дұрыс жіктелуі үшін зерттеу жүргізу кеден сараптамасының мақсаты болып табылады.

Тауарлар, кеден және басқа да құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер, сәйкестендіру белгілері кеден сараптамасының объектілері болып табылады.

Сараптама зерттеу объектісін кеден зертханаларына жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, кеден зертханаларында да, өзге орындарда да жүргізіледі.

Кеден мақсаттарында тауарлардың барлық сараптамалары орындалу мерзімі үш тәуліктен артық емес күрделі сараптамаларды қоспағанда, бір тәулік ішінде жүргізіледі. Белгіленген мерзімді ұзарту кеден зертханасы немесе кеден органы басшысының шешімі бойынша сарапшының берген баянаты негізінде анықталады. Кеден сараптамалардың түрлері сарапшының алдына қойылған мәселелерге байланысты олардың негізгі мазмұны бойынша бөлінетін атап өткен жөн. Бірақ жеке сараптамаларды орындау кезінде сараптамалардың басқа түрлерінің болып табылатын мәселелерді шешу керек болады. Мәселен, сараптамалардың жіктелуін жүзеге асыру кезінде, әдетте, бірінші сатыда сәйкестендіру мәселелерін шешу қажет болса, соңғыны орындау кезінде материалтану және химиялық сараптамалар және т.б. жүргізу қажет болады. Сонымен қатар кеден сарапшыларына сараптамалардың криминалистикалық, экономикалық, саудагерлік, геммологиялық және басқа да кластарының көмегімен шешілетін контрабанда және КЕБ қарсы күрес процесінде жедел қызметшілердің ұсынатын жеке сұрақтар қойылады.

Сараптамалық зерттеу технологиясы жалпы тұрғыда бірінен соң бірі рет-ретімен өзгеріп отыратын сатылардан (кезеңдерден) тұрады:

  • даярлық (сараптамалық қарау, сынамаларды іріктеу);

  • талдау (сараптама объектілерінің шынайы зерттеу сатысы),

синтетикалық (салыстырмалы зерттеу сатысы);

  • нәтижелерді бағалау және қортындыны (ой-тұжырымдарды)

қалыптастыру.

6.2. Геммологиялық сараптаманың технологиялық циклі

Кеден сараптамасының технологиялық циклін кеден практикасына тән объектілер – бағалы материалдар (геммологиялық объектілер) үлгісінде көрсетуге болады ( 3сурет).

Сараптаманың көп сатылы процесіне операциялардың бірнеше қатары жатады, олардың әрқайсысы сараптаманың дербес түрі болып табылуы мүмкін (мысалы, диагностика,сертефикаттау және басқалар) және бір немесе бірнеше технологиялық тәсілдерден (мысалы сынаманы дайындау, тазалау, өлшеу және т.б.) тұрады.

3- сурет. Геммологиялық сараптаманың технологиялық циклі

Толық технологиялық цикл бойынша бағалы заттардың кеден сараптамасын жүргізу міндетті емес. Технологиялық операциялардың саны мен тәртібі кеденшілердіңТехнологиялық операциялардың саны мен тәртібі кеденшілердің сарапшыларға қоятын міндеттермен келісіледі.