Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842 Кб
Скачать
☆

7.2. Сарапшының білімі мен арнайы білімдері

Сарапшы өз қызметіне тиісті салада аяқталған жоғары білімі болуы, өз ойын жазбаша және ауызша нақты, анық айта алуы тиіс. Сарапшыға қойылатын негізгі талап – ол өзі қатысып отырған сараптама немесе бағалау ресми бекітілген арнайы білімдерді меңгеуі тиіс.

Ескертпе: ерекше жағдайда тауарлар сараптамасына жоғары білімі жоқ, бірақ тауарлардың сараптамасы бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар аттестацияланған сарапшылар жіберіледі.

Барлық сарапшылардың:

  • нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар;

  • сараптаманы, сертификаттаудың экономикалық және құқықтық негіздері;

  • нормативтік құжаттамалардың жүргізілетін сараптамаға сәйкестігі;

  • сараптаманы жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық ету;

  • сараптама кезінде қатынасты ұйымдастыру;

  • сертификаттаудың мемлекетте және шет елде инспекцияланған бақылау сараптамасының тәжірибесі;

  • сарапшының құқықтары мен міндеттемелері және өкілеттілігі саласында терең білімдері мен тәжірибелік дағдылары болуы тиіс.

Сараптама жұмыстарына қатыстырылатын сарапшылар:

  • тауарлар сараптамасы, шикізат және жабдықтау;

  • өзіне физикалық-химиялық, микробиологиялық зерттеулерді жатқызатын тауарлардың үлгілеріне (сынамаларына) зертханалық зерттеулер жүргізу;

  • өнімге міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар, сондай-ақ бақылау мен сынақтардың әдістері мен мөлшерлеріне қойылған талаптар бойынша міндетті арнайы білімдерді меңгерулері тиіс.

Жұмыс тәжірибесі. Сарапшыға үміткердің ғылым, жобалау, технология, өндіріс, сынақ, жөндеу, қызмет көрсету, пайдалану немесе қадағалау салаларында төрт жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. Олардың ішінде екі жылы - сараптама, сапаны қамтамасыз ету және басқару салаларында болуы тиіс.

Сарапшыға үміткер сараптама жүргізу кезінде тексерістің толық үрдісін атқару тәжірибесін меңгеруі керек. Тәжірибе толық сараптамалық тексеріске төрт рет қатысумен анықталады.

Сарапшыға үміткердің өз мамандығы саласында он жылдан кем емес, ал осы сала бойынша ғылыми тәжірибесі бар адамның төрт жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы керек.

7.3. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

Кеден сараптамаларын жүргізу кезіндегі сарапшылардың іс жүргізу құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері, сондай-ақ сарапшыға қылмыстық жауаптылықтан бас тарту, қорытынды беруден жалтару немесе жалған қорытынды беру туралы ескерту тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасымен нақтыдалады.

Сарапшы:

  • сараптаманы тағайындаған адамнан немесе органнан қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін беру туралы өтініш айтуға;

  • тұлғаның (судьяның) рұқсатымен кеден ережелерін бұзу туралы істің өндірісіне не жауап алу өндірісіне қатысуға немесе жауап беріп отырған адамға кеден сараптамасының затына қатысты сұрақтар қоюға;

  • сараптамалық зерттеу жүргізу барысында өзіне қойылмаған сұрақтар бойынша іс үшін мәне бар анықталған мән-жайды қорытындыда көрсетуге;

  • кеден сараптамасының затына қатысы бар мән-жайларды зерттеу үшін уақыт қажеттілігіне байланысты өзінің сот отырысына қатысу мерзімін шектеу туралы сотқа өтініш айтуына;

  • өндірісте не кеден ережелерін қарау кезінде тұлғаның немесе қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатқан тұлғаның, прокурордың, соттың (судьялардың) әрекеті мен шешіміне, егер олар сарапшының ережелері мен заңды мүддесін бұзса, заңмен белгіленген тәртіпте шағымдануына құқылы.

Сарапшы:

  • кедендік сараптамаға қатысты материалармен танысуға;

  • Қазақстан Республикасының кеден, әкімшілік, қылмыстық іс жүргізіу заңдарының талаптарын ескере отырып, қойылған мәселелер бойынша арнайы білімдеріне сәйкес сараптамалық зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде қорытынды беруге; ол осы қорытынды үшін жеке жауаптылықта болады;

  • сараптамаға ұсынылған тауарларды, сынамалар мен үлгілерді және басқа да материалдарды, егер олар қосымша мәліметтерді алуды қажет етпестен қойылған мәселелердің бір бөлігін шешуге мүмкіндік берсе, қорытындыда басқа мәселелердің шешілмеу себептері туралы хабарлай отырып, зерттеу жүргізуге;

  • іс жүргізуінде немесе қарауында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы ісі бар тұлғаның не анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың немесе соттың (судьяның) шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге;

  • заңнамада көрсетілген негіздемелер болған кезде өзі бас тартуға;

  • сараптама тағайындаған органның рұқсатынсыз кеденд ережелерінің бұзылуы туралы іс немесе алдын-ала тергеу мәліметтерін жария етпеуге;

  • зерттеу үшін алынған материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге;

  • сраптаманы тағайындаған органның тапсырмасы бойынша немесе өзі бастамашы болып кедендік құқық бұзушылықтарды жасауға және бүркемелеуге ықпал ететін мән-жайларды анықтауға, егер бұл үшін сарапшының арнайы білімін пайдалануға мүмкіндік беретін қажтті деректер болса;

  • зерттеу жүргізу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті.

Сарапшы:

  • кеден зертханасы (құрылымдық бөлімшелердің) басшылығының жазбаша нұсқауынсыз сараптама жүргізуге кірісуге;

  • сараптаманы тағайындау туралы нұсқауда (қаулыларда, анықтамаларда) көрсетілмеген және зерттеу объектілері болып табылмайтын тауарларды, сынаманы, үлгілерді, істің материалын зерттеуге;

  • оған заңды түрде ұсынылмаған мәліметтерді өз бетінше жинауға және пайдалануға;

  • тұлғалар әрекетінің құқықтық баға беруіне жататын мәселелерді, құзіреті шегінен шығатын басқа да мәселелерді шешуге;

  • іске маман ретінде қатысуға, ревизия жүргізуге, тауарлардың сынамаларын, үлгілерін алуға немесе инвентаризация жүргізуге қатысуға, өзі қызметте тұрған (тұратын) мекеменің, кәсіпорынның, ұйымның құжаттарын зерттеуге байланысты сараптама жүргізуге (кеден зертханасы қызметкерінің маман ретінде қылмыстық іс бойынша және кеден ережелерінің бұзылуы туралы іс бойынша іс жүргізуге, сондай-ақ сарапшы ретінде осындай тұлғаны тауардың сынамалары мен үлгілерін алуға қатыстырмайды);

  • өзіне тапсырылған сараптаманың өндірісіне басқа тұлғаларды қатыстыру үшін тартуға;

  • сараптама жүргізілетін тауарларды, сынамаларды, үлгілерді, құжаттарды және басқа да материалдарды қызметтік бөлмеден тыс жерде сақтауға құқығы жоқ.

Сарапшының қорытындысы. Қорытындыны сарапшы тек жазбаша түрде жасайды, оған (әр бетіне) қол қояды және ол ой-тұжырымдыдар мен қойылған сұрақтарға негізделген жауаптар нәтижесінде жасалған өндірістік зерттеулерді егжей-тегжейлі сипаттаудан тұруы тиіс.

Сарапшының қорытындысы 3 бөлімнен : кіріспеден, зерттеуден, ой-тұжырымнан тұрады.

Қорытындының кіріспе бөлімінде сараптаманың атауы, нөмірі, түрі, сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптама (сарапшылар) туралы мәліметтер, сараптама материалдарының түскен күні және қорытындыға қол қойылған күн, сараптаманың өндірісіне арналған негіздемелер, сараптамаға келіп түскен материалдар мен зерттеудің басқа да объектілерінің атауы, істің мән-жайы және қорытынды беру үшін мәні бар нәтиженің мәліметтері, сараптама өндірісінің орны, сарапшыға рұқсат беру үшін қойылатын сұрақтар.

Қайталама және қосымша сараптаманың өндірісі кезінде кіріспе бөлімде сараптамалардың бастапқа (алдыңғы) мәліметтері жазылады.

Қорытындының зерттеу бөлімінде зерттеу үрдісі мен оның нәтижелері сипатталады, сондай-ақ белгіленген фактілерге ғылыми түсініктеме береді.

Сарапшының (сарапшылардың) ой-тұжырымы қорытындының кіріспе бөлімінде жазылған реттілікте қойылған сұрақтардың жауаптары түрінде жазылады. Әрбір қойылған сұрақтарға мәнді жауап беріледі немесе сол не өзге де себептер бойынша оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

Сарапшыға (сарапшыларға) қойылмаған мәселелер бойынша, бірақ зерттеу үрдісінде белгіленген мән-жайлар туралы ой-тұжырымдар қорытындысының соңында жазылады, онда әр түрлі түсініктемелерге жол берілмейді.

Қорытындыға сараптаманы жүргізген сарапшы (сарапшылар) қол қояды. Ол кеден зертханасы мөрімен куәландырылады және сараптама тағайындаған органға немесе тұлғаға, кеден зертханасының құрылымдық бөлімшесінің басшысына жіберіледі. Қорытынды және оның қосымшасы екі данада құрастырылады, біріншісі сараптаманы тағайындаған органға жіберіледі, ал екіншісі кеден зертханасында қалады.

Заттар мен құжаттар, сараптамалық зерттеулердің бұрынғы объектілерімен (сынамалар мен үлгілерді қосқанда) оралған және мөрленген түрде тиісті белгілермен сараптаманы тағайындаған органға қорытындымен (актімен) немесе қорытынды беру мүмкіндігі туралы хабарламамен бірге қайтарылуға жатады.

Кілттік терминдер

Квалиметрлік ақпараттандырылу

Кәсіби ақпараттандырылу

Мәдени ақпараттандырылу

Сарапшының жеке қасиеттері

Іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

Бақылау сұрақтары

  1. Сарапшы және оның құзыреті

  2. Сарапшының жеке қасиеттері

  3. Сарапшының білімі және арнайы білімдері

  4. Сарапшыға үміткерлердің жұмыс тәжірибесі

  5. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

  6. Сарапшының қорытындысы