Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842 Кб
Скачать
☆

3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізу орны

9. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ кеден органдарымен нақтыдалатын тауарлар орналасқан басқа да орындарда жүзеге асырылады.

4. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу процедурасы

10. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алмас бұрын маркировка бойынша тауардың атауын және жүктің қауіптілігі жөніндегі белгінің бар екендігін тексеру, сондай-ақ міндетті түрде радиациялық фонды тоқтатуды жүргізу қажет.

11. Сынамалар мен үлгілер оларды іріктеп алу нормаларын көздейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес (халықаралық стандарттар – ГОСТтар, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары – ҚР СТ және т.б.) зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде алынады.

12. Кедендік сараптама жүргізу мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу белгіленген нысанда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу Актісін жасаумен ресімделеді (Приложение 1). Акт үш данада жасалады: бірінші данасы кеден органында қалады және жүктік кедендік декларациямен бірге (ЖКД) сақталады, екіншісі – іріктелген сынамалармен және үлгілермен бірге кедендік зертханаға жолданады, үшіншісі – тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға немесе оның өкіліне беріледі.

13. Кедендік сараптамаға жолданатын тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарлардың қасиеттеріне сәйкес қорапталған және қораптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ярлыкпен мөрленген болуы тиіс.

14. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кезінде оларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалармен, олардың өкілдерімен тауарлардың қасиеттері туралы ақпараттар алу мақсатында алдын ала шешім қабылдау сатысында акт ресімдеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету ярлыгі қажет етілмейді.

15. Сәйкес үлгіде қорапталған сынама ярлыкпен бірге жүруі тиіс, онда мыналар көрсетіледі:

өнімнің атауы;

өнімді дайындаушы-кәсіпорын атауы; өнімді тасымалдайтын кәсіпорынның атауы; партия нөмірі, өнімнің маркасы (сұрыпы); сынама іріктелген партиядағы өнімнің саны (мөлшері); іріктелген сынама саны (мөлшері);

тауарға нормативті-техникалық құжаттаманың атауы және мағынасы;

сынаманы іріктеу мерзімі;

16. Кеден органдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалардың шығыстарын өтемейді.

17. Кедендік зертханаларға сараптама жүргізуге бағытталған материалдар (тауарлардың сынамалары, үлгілері және бірге алып жүретін құжаттары) сәйкесінше белгіленген нысан бойынша жасалған тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу Журналында тіркеледі (Приложение 2).

  1. Қорытынды ережелер

    1. Сынамалар мен үлгілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратылуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптама аяқталған соң сынамалар мен үлгілер декларантқа қайтарылады.

Қазақстан Республикасының Кедендік Бақылау Агенттігінің Төрағасының 2003 жылғы «14» мамырдағы №205 бұйрығымен бекітілген тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алудың Ережелеріне Приложение 1.