Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842 Кб
Скачать
☆

5.3. Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні

Химиялық сараптама тауар қасиеттері мен сапасының құжаттамасында баяндалғандардың сәйкестігін белгілеу, зерттелетін объектінің сапалық және сандық химиялық құрамын анықтау, есірткі құралдарына, күшті әсер ететін және улы заттарға қатыстығынын анықтау, мақсатында жүргізіледі және мынандай сұрақтарға жауап беруі тиіс :

  • объект қандай типке, түрге, маркаға жатады;

  • оның құрамында бағалы металдар жоқ, па;

  • объектінің химиялық құрамы қандай;

  • объектідегі компоненттердің құрамы қандай;

  • тауардың сапасы ұсынылған құжаттамаға сәйкес келеді ме;

  • СЭҚ ТН ЕврАзЭС бойынша тауардың кедендік атауын анықтау.

Сыныптамалық сараптама нақты тауарлардың СЭК ТН ЕврАзЭС көрсетілген талапқа жатқызу мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • объектіні зерттеуге ұсынылғанды сәйкестендіру;

  • тауардың кедендік атауын СЭҚ ТН ЕурАэЭС бойынша анықтау.

Технологиялық сараптама тауардың Қазақстан Республикасының кеден «аумағында» немесе « аумағында тыс» кеден режимінде қайта өңделу мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • объектінің шығу орнын анықтау;

  • зерттелетін өнімде шикізатты сәйкестендіру;

  • өнімінің немесе шикізаттың белгілі бір түрінің шығу орнын анықтау;

  • белгілі бір объектіні өндіру кезінде шикізатты қолданудын толықтығын

анықтау.

Сертификатталған сараптама тауардың сапасы анықтау мақсатында жүргізіледі және мынандай сұрақтарға жауап беруі тиіс;

  • зерттелетін объект нақты нормативтік- технологиялық құжатқа сәйкес

келедіме;

  • зерттеуге ұсынылған объектінін сапасы, маркасы сорты қандай;

  • тауардың сапасы ұсынылған құжаттамаға сәйкес келедіме.

Материалтану сараптамасы тауардың, заттардың бұйымдардың және материалдардың нақты класына жататынын анықтау мақсатында жүргізіледі және мынандай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • зерттеуге ұсынылған бұйым қандай матералдан жасалған;

  • материалдың физикалық, химиялық және механикалық қасиеттері

қандай;

  • зертелетін материалдын жіктелуіне әсер ететін техналогиялық белгілір

қандай.

Саудагерлік сараптама тауардың сапасын оның бағасына әсер ететін негізгі қасиеттерімен факторларын анықтау мақсатында жүргізіледі және мынандай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • жеке бірліктін бір топқа жататыннын анықтау;

  • зертеуге ұсынылған тауардың сапасын анықтау;

  • зертелетін тауардың бар стандаттарға сәйкестігі зертелетін тауардың

пайдасымен қауыпсіздігін анықтау;

  • зертеуге ұсынылған тауардығ тұтынуы құнын анықтау;

  • тауардың кедендік атауын СЭҚ ТН ЕурАэЭ С бойынша анықтау;

  • тауар қасиеттерінің нормативтік құжаттарға сәйкестігін анықтау.

Экологиялық сараптама тауарды әкелу немесе тауарды нақты кедендік режимге орналастыру мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізіледі және мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • тауардың экологиялық және пайдалану қауіпсіздігін анықтау;

  • озонды жою заттарының болуын анықтау.

Минерологиялық сараптама геммологиялық сараптама) бағалы тастар табиғатын, олардың сапалық және құндық белгілерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • зерттелуге ұсынылған тастар қандай атауларға ие;

  • олар табиғи,жасанды немесе қайта өңделген бе; олардың салмағы, көлемі

қандай;

  • тастардың пайда болу көзін және олардың бағасын анықтау;

  • коллекциялық материалдардың ғылыми-тарихи құндылығы қандай.

Өнертану сараптамасы өнер шығармашылығының және антиквариат затының тарихи, көркемдік-мәдени, ғылыми маңыздылығын анықтау мақсатында жүргізіледі мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • зерттелетін зат өнер және мәдениет шығармашылығына жата ма, ол

антиквариат заты болып табылады ма;

  • зерттелетін заттың шығу тегі қандай;

  • осы заттың тарихи, көркемдік-мәдени, ғылыми маңыздылығы қандай.

Криминалистикалық сараптама кедендік сәйкестендіру белгілерінің бұзылуын, деректемелердің, құжаттардың жалғандығын

  • мөр нысаны қандай тәсілмен жасалынғанын;

  • мөр (мөртаңба), құжатта бар берделеме фабрика өндірісі тәсілдері

бойынша жасалынған ба;

  • мөрдің (мөртаңбаның) бедерлемесіне еліктеулік бар ма;

  • еліктеу қандай тәсілмен жасалған;

  • банкнот (чек) тиісті елдің ақша белгілері мен мемлекеттік бағалы

қағаздарын өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорынмен жасалынған ба;

  • қолжазба мәтіндері (қолдар) зерттелетін бірнеше құжаттарда немесе

мәтіннің әр түрлі фрагменттерінде бір адаммен ғана орындалған ба;

  • акциздік марка жалған емес пе;

  • құжатта тазартулар, түзетулер бар ма.

Радиологиялық сараптама кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде тауарлардың және көлік құралдарының радиациялық қауіпсіздігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Қорытындыда кеден ісі салаларындағы тәжірибеде тауарларды зерттеу үшін қолданылатын аналитикалық құрылғылардың және жабдықтардың негізгі түрлерін келтіреміз (1-кесте).

Аспаптық талдаудың табыстары кқбінесе аналитикалық құрылғы құрылымының теориялық және тәжірибелік жетістіктермен анықталады. Аспаптық талдау оптикалық, электрлік және хроматографиялық құрылғыларды қолдануға негізделген (спектрофотометрлер, спекттометрлер, флуриометрлер, спектрофлуриориметрлер, масс-спектрометрлер, полярографтар, кондуктометрлер, потенциометрлер, кулонометрлер, ядрлік магнитті спектрлар және әр түрлі қимылдағы хроматографтар).

Хроматография және басқа да заманауи әдістер кез келген химиялық қосылыстарды, олардың тізбектелуін, сандық және сапалық сипаттарын анықтайды және өте қолайлы сәйкестендіреді. Мысалы, күдік тудырған заттарды есептілік заттарға жатқызуға көптеген жағдайларда хроматографиялық әдістермен негізінде жүргізіледі ( жұқа қабатты хроматография – алдын-ала тестілеу үшін, газды-сұйықтық хроматография – сотта дәлел ретінде қолданылатын заңдық күші бар нәтижелерді алу үшін). Бұл әдістер қажет болған жағдайда заттардың «іздік» өте аз санын нақтыдауға мүмкіндік бере отырып жоғарғы сезімталдықты иеленеді. Мысалы, атомды-абсорбционды спектордың көмегімен токсинды ауыр металдар құрамын (Cd, As, Hg), балалар тағамының өнімдері 0.02; 0.005 мг/кг сәйкес шектеулі босатылған қоспаларды анықтауға көмектеседі.

1-кесте