Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

19.Экономиканы реттеуші ретіндегі салық теориясы

Реттеушілік – салықтың негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты бұл өндірістің дамуына ықпал ету, салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері, салықтық реттеудің тетіктері болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктерін тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктермен байланысты болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің кірісінің азаюына әкеліп соқтырады.

Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады. Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.

Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады.

20.Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің іс-әрекеті

Тұрғын үй құрылысы жинақтары Қазақстандағы тұрғындардың тұрғын үй жағдайын жақсартудың жаңа жүйелік несиелеу тәсілі болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын (ТҚЖ) енгізу Қазақстанда 2000 жылғы 7-желтоқсандағы «Тұрғын үй жинақтары туралы» ҚР заңының қабылдануынан бастау алады. 2003 жылы 16-сәуірде ТҚЖ Банкінің құрылуы оның жарғылық капиталдағы үлесінде 100 пайызбен мемлекет болып табылады.

ТҚЖ-ның ең басты ерекшелігі – ТҚЖ Банкінде тұрғындардың өз шоттарында салымдарын салып жинақтарын алдын ала жинақтауы болып табылады. белгілі шарттарға сәйкес алғалы отырған тұрғын үйдің немесе оның жөндеу жұмыстарын жүргізудің қажетті ақша сомасының кем дегенде 50%-ын жинақтау керек. Сонан соң барып банк қалған қажетті соманы өте төмен пайызбен тұрғын үй қарызын береді. Жинақталған жинақтардың сомасының құрамына клиенттің жинаған ақшасы, банктің сыйақысы және мемлекеттің сыйақысы жатады.

Банктегі салымшылардың тұрғын үй жинақтарын жианқтаудың минималды мерзімі 3 жыл. Максималды мерзімі шектеулі емес.

«Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» өзінің клиенттермен жұмысын 29 қыркүйек 2003 жылы бастады. ТҚЖБ-нің салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері жылына 1,5%, ал тұрғын қарыздары бойынша сәйкесінше 3,5-тен 6,5%-ға дейінгі аралықта. Тұрғын үй қарыздары 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Бұл банктің құрылуына Германияның Баушпор тұрғын үй жинақ кассалары негіз болды. Ол Германияда 1924 жылы құрылған болатын.

ТҚЖБ-нің клиенттік базасы жылдан жылға көбейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша олардың саны 25 000 болып, олардың келісімдік сомасы – 19 миллиард құрады.