Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

61. Ақша-несиелік саясат

Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалықсаясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша – несие саясаты – бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттің ақша – несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша – несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша – несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механихмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.

Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттуді маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.

62. Қаржы жүйесінің құрылымы

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады.

Қатынстардың ирархиялық субординациясын ескере отырып, «жалпыдан – жекеге» қағидасы бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпықоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар және т.т.)

Ұдайы өндіріс процесі үздіксіз жалғасып жататын өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадияларының өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесуі түрінде жүзеге асып жатады. Ұдайы өндірістің бұл төрт стадиясы қоғамдық өндіріс процесінің қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және болу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қогамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Өз кезегінде тауар қатынастарының болуына экономикалық агенттердің еңбек бөлінісінің қажеттігі қозғау салады, осыған орай олар мамандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны меи сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы — қоғамдық өнімнің — натуралды-заттық көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натураллы-заттық нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, эконоинкалық қатынастар қаржының мәнін құрады. Бүдан қаржыны ұдайы өндірістің объективті қажетті категориясы деп атауға болады. Ақша қорларын қалыптастыру, оларды тауар қатынастарына пайлануға қаржы көмегімен болып жатады.

Қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады. Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақшалай нысанда) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу-сату актілері жасалатын айырбаста да қаржыға орын жоқ. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын үдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қогамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі — үлттық табыс алғашқы бөу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді.