Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

64. Экономиканы бюджеттік реттеу

Мемлекеттің қаржы жүйесінде негізгі орынды мемлекеттік бюджет алады. Бюджет бұл табыс пен шығыстың тепе-теңдігін көрсететін баланс. Бюджеттік жүйе – күрделі жүйе, оның құрылымы елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық құрылымына байланысты болады. Мемлекеттік бюджет дегеніміз мемлекеттің аппаратын, қорғаныс күштерін және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры. Бюджеттің негізгі табыс көздері мыналар: фирма табысына салынатын салық,жергілікті салық, сатудан түскен табысқа салық, бюджеттік емес түсімдер т.б. Ал шығыс көздері қоғамдық-мәдени бағдарламаларды, мемлекеттік қорғанысты және басқаруды қаржыландыру, несие беруді қамтиды.

65. Коммерциялық несиенің мәні

Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несне формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралык, фирмалық және т.б. жатқызады.

Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату.

Әр түрлі тауарларды өндіру жәше өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбнесе белглі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель - жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әркайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екін-шіден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген; оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықгарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал- жабдығы бола алмайды.

Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі - тауарлардың ұдайы жеткізілуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.

Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: карыз келісімі - аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосакталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақыт-та жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түрне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.

Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.

Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уакыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әруақтта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады.

Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды.