Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

57. Қаржы саясатының мәні, мақсаты, қағидасы.

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір ксзеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезіңде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларыңда қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету кажеттігінен туындайды.

Таяудағы мақсат ретінде — мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қагидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

- әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сактау;

- қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

- қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резерстерінің асып түсуі);

- мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

58. Ақшаға кейнстік трансакциялық сұраныс әдісі

Экономикалық теорияның макроэкономикалық тұрақтылық проблемаларымен айналысатын түрлі мектептері мен бағыттары бар. Экономикалық теория ақша проблемаларын жеке алып қарастырмайды, оларды макроэкономикалық тепе-теңдік проблемаларымен тығыз байланыста қарастырады. Белгілі теориялардың ішінде кейнсиандық пен монетаризмді ерекше бөліп айту керек. Негізін қалаушы Джон Мейнард Кейнс болған кейнстік теория Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және одан кейін басшылық алды. Ол өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыс бастылық, пайыз және ақша» деген кітабында Кейнс АҚШ-тың 1933 жылы дағдарыстан шығуы бойынша тәжірибиесіне сүйене отырып, нарықтық экономика автоматты түрде тепе-теңдік жағдайға ұмтыла алмайды және құлдырау мен тоқырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыруға бағытталған белсенді ақша-несие саясатын жүзеге асыру жолымен оны реттеуге мемлекет араласуы керек деген тұжырымға келді.

Кейнсиандықтар мен монетаристердің ерекшелігі, олардың ақшаға деген көзқарастарының әр түрлі болуы: кейнсиандықтар ақша маңызды, бірақ тұрақтылықты қамтамасыз етуде анықтаушы фактор емес десе, монетаристер керісінше, ақшаға ерекше көңіл бөлді.