Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАНКТІ~1.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

55. Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы-құқықтық нормалар.

Қоғамда пайда болатын қаржы катынастары қүқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл орайда қаржы кұқығьның әр түрлі нормалары қолданылады.

Қаржы құқығы — бұл коғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесіңде пайда болатан қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен біргс валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айңалысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдсрді де қосады.

Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар — қүқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен камтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бip ережесі пайдаланылады. Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылык, және уәкілеттілік (яғни белілі бip іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржы қатынастары қатысушыларының бeкітушi құқықтары) болып бөлінеді. Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары каржы-құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады. Нормативтік-құқықтық қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды.

Нұсқамалардың мұндай түрі біріншілердің бағынышындағы мемлекеттік органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлeкет атынан қаржы құқықтық қатынастарына ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана емес, сондай-ақ олардың қаржы қатынастарының басқа қатысушыларының құқықтарымен байланысты міндеттіліктері де болады. Қаржы құқықтық қатынас­тарының барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты міндеттіліктері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік-өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының cубьективті ic-әрекеттердің нысандары мен әдістерінің көмегімен обьективті қаржы құқықтық қатынастарын шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның каржылық mipшілігін pemmeyдің құқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржы-құқықтық нормалар мен кесімдер оның тұтқалары ретінде көрінеді.

Сөйтіп қаржы және құқықтық нысандар мен әдістердің экономикалық процестерге қаржы-құқықтық ықпал етудің бірыңғай механизміне қосылуы болады.

Санкциялар қаржы-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін жоғары тарифтер т.б. жатады.

56. Ақша-несиелік реттеу обьектісі және субьектісі

Пайыздық саясат ақша – несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша – несие саясатын іске асыру мақсатында нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданылады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделілігін ескереді.

Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді.

Мақсатты белгiлеуде Орталық банк жүргiзетiн ақша-несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуiн сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi көрсеткiштердi ескередi:

-нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;

-жоспарлы кезеңдегi ақша айналысын есептейтiн жылдамдық;

-жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген деңгейi;

Ақша массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесiн ескере отырып есептеледi. Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.

Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнiмдi орналастыру коэффициентiнiң өте төмендiгiн бiлдiредi, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюнктураны бiлдiредi. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына керi пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттiлiктi қысқартуы тиiс.