Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сүрлемнің жалпы қышқылдылығын анықтау

Құралдар мен ыдыстар: 250 мл колба, тамыызғыштар , бюретка штатив.

Реактивтер: 1% фенолфталеиннің спирттегі ертіндісі, 0,1н аОН ертіндісі.

Колбаға 100 мл сүзінді құйып, оған 1% фенолфталеиннің спирттегі ертіндісісінің, 1-2 тамшысын қосып оны солғын қызыл түрге боялғанша 0,1н аОН ертіндісмен титрлейді. Сүрлемнің қышқылдылығын градуспен белгілейді, сүрлемге салынған азықтың 100 грамынан алынған сүзінді суды нейтрализациялауға жұмсалған 0,1 поценттік сілті ертіндісінің әрбір 1 мл бір градусқа санайды. Жақсы сүрлемнің жалпы қышқылдылығы 260 төңірегінде болуы тиі. Жақсы сүрленген азықта 2-3 процент еркін қышқыл болса, оның 2/3 бөлігі сүт қышқылы мен 1/3 бөлігі сірке қышқылы болып табылады.

Сүрлемдегі аммиактың қоспаларын анықтау.

Құралдар мен ыдыстар: пробиркалар, штативтер, тамызғыштар.

Реактивтер: Несслер реактиві.

10мл сүзінді алып, оған Несслер реактивінің 3-5 тамшысын қосады. Ашық сара немесе қызғылыт сары түс пайда болса, онда аммиак қоспасының бар екендігін, ал қызыл кірпіш түсті түнбалар бөлінсе оның едәуір көп екендігін білдіреді.

Егер сүрлеген азық дайындау барысында немесе сақтау барысында малдың нәсжісімен, садырамен былғынса, онда одан алынған сүзінді судың құрамында хлорид және сульфат болуы мүкін.

Қант қызылшасындағы нитритті анықтау

Құралдар мен ыдыстар:сағаттық шыны немесе петри шынаяғы, шыны таяқшалар, тамызғыштар.

Реактивтер: дефиниламин кристалдары, күкірт қышқылы (конц)

Қызылшамен уланудың себебі: буланған немесе қайнатылған қызылша 5-6 сағ соң улы қызылшаға айналады. Оның улылығы бірте-бірте арта, түсіп 12 сағ кейін нағыз күшіне енеді.

Нитриттің бар жоғын анықтау. Жаңадан дайындалған қызылша тілігінің үстіне дифениламиннің бірнеше кристалын қойып, шыны таяқшалардыңкөмегімен күкірт қышқылының бірнеше тамшысымен ылғалдндырады. Егер қызылша тілігінің етінде анық көк түс пайда болса, аз мөлшерде болғаны, ал егер бояу көрінбесе шамалы ғана болғаны.

Сүрлемдегі хлоридттерді және сульфаттарды анықтау

Құрадар мен ыдыстар:пробиркалар, стакандар (диаметрі 2,5-3 см), тамызғыштар

Реактивтер: азот қышқылның ертіндісі 5 gО3 және 25 түз қышқылы, 10 процент ВаСL2 ертіндісі

Сульфатты анықтау Сүзіндінің 10мл, 25 түз қышқылының ертіндісінің 5 тамшысын қышқылдадырады, 10 процент ВаСL2 ертіндісінің 5-10 тамшысын қосады.сульфат бар болған жағдайда ақ тұнба пайда болады.

Хлоридті анықтау. Сүзіндінің 10мл азотты қышқылдың бірнеше /3-5/ тамшысын қышқылдандырып және оған 5 ертіндісінің 5 тамшысын қосады. Хлорид бар болған жағдайда ақ ірімшікті тұнба пайда болады.

Картоптағы салонинді анықтау

Құралдар мен ыдыстар: қандауылар, сағат шынысы немесе петри табақшалары, тамызғыштар.

Реактивтер: 80-90  сірке қышқылыертіндісі, күкірт қышқылы (конц), 5  сутегі тотығының ертіндісі.

Глюкозид – салонин картопта әдетте шамалы мөлшерде /100г 2-3 мг жуық/ болады. Дұрыс сақталмаса ол көбейе түседі. Салонин мөлшері едәуір ұлғайып, кей жағдайда картоптың 100 грамында 50 мг дейін көбейеді. Мұндай картоппен азықтандырған кезде малдың улану қаупі туады. Салонинді анықтау үшін картоп түйнегін өзегінің бойымен қалыңдығы 1 мм етіп тіледі, сөйтіп жоғарғы ұшынан негізіне дейін көздерін қалдыра екі тілікке бөледі. Тіліктерді сағаттық шыныға немесе фарфор табақшаға салады да оған бір тамшыдан 80-90 проценттік сірке қышқылы ерітіндісін, концентрацияланған күкірт қышқылын және 5 проценттік сутегі тотығының ерітіндісін тамшылатып тамызады. Егерде картоп тілігінің бетінде қызыл немесе қою құлпынай түстес бояу байқалса салониннің бар болғаны.

15- Тақырып. Дәндi-дақылды азықтарды және құрама жемді санитариялық-гигиеналық бағалау

Сабақтың мақсаты: 1. Дәндi дақылды азықтардың сапалығын анықтайтын әдiстердi игеру

2. Дәндi-дақылды азықтардың лабораториялық зерттеулерiн игеру

Бақылау сүрақтары:

Дәнді азықтардың санитариялық-гигиеналық бағалануы қандай тәсілдермен жүргізіледі?

Сапалы дәнге органолептикалық көрсеткіш бойынша баға беру.

Дәңді дұрыс сақтамағанда қандай бос қышқылдар пайда болады, дәннің қышқылдығының мөлшері?

Малдың гранозанмен, формалинмен улануының себептері неде?

Сабақтың мазмұны:

Дәнді-дақылдың және ұнтақты азықтың сапалылығын органолеп-тикалык және лабораториялык тұрғыдан анықтайды.

Ораганолептикалық зерттеу

Түсі - жас сұлы, арпа, жүгері дәнінің өзіндік жылтыр түсі болады. Азық дәндерінің жылтыры жоқ, күлгін түсті, қара дақтарының болуы, оларды жинау мезгілі мен сақтау жағдайларының бүзылуына байланысты.

Исі - қалыпты әрі іріктелген дәннің өзіне тән жұпар исі болады, ал сапасы төмен дәннің шірік исі болады.

Дәмі - жас дәннің сүт татыған тәттілеу дәмі болады және дәмін татқан кезде ауызда иленіп қамырға айналады. Ал бүлінген, ескі, көгерген дәннің дәмі ащылау немесе ащы болады.

Ылғалдығы - құрғақ дәннің ылғалдылығы 15 процент, орташа - 17 процент, ал дымқыл дәндегі ылғал 20 процент болады.

Астықты дәннің нақты салмағын анықтау. Дәнді азықтың жұғымдылығын 1000 дәннің граммен алғандағы нақты салмағын анықтайды. Сұлының таңдаулы сортының нақты салмағы 33 г орташа -28,5 г, осыған сәйкес арпанікі 44-30 - 23,6 г болады. Дәннің нақтты салмағын анықтау үшін қатарынан 300 дән санап алып оны өлшейді алынған салмақты 10-ге көбейтіп, 3-ке бөледі.

Дәннің балаусалығын анықтау. Дән бұзылған жағдайда бос қышқыл пайда болып, органикалық заттар ыдырайды. Дән неғұрлым көп бүлінген сайын оңдағы бос қышқылдар көп болады (сірке қышқылы, майлы, қымыздық қышңьшдар амин қышқылдары). Дәннің қшқылдылығы градуспен белгіленеді. Бір градус қышқылдылық 100 грамм дәннің қышқылын бейтараптауға кеткен 0,1 нормальды сілтінің I мл ерітіндісіне тең.

Дәннің қышқылдылығын бағалаудың мына төмеңдегідей шектері белгіленген: 3,50-4,6° - бүліну процесінің басталуы; 5,5°-сақтауға қауіпті; 9,5°- бүлінген дән, бұл дәннен құны төмен малдарды және өте аз мөлшерде азықтандырған жөн.

Анықтау жолы: 5 г дәнді алып, келіге мұқият түйеді. Сыйымдылығы 200 мл колбаға 40 мл дистилді су құйып жармаланған дәңді салып, 2-3 минуттай мүқият шайқайды да шыны таяқшамен пайда болған түйіршіктерді майдалайды. Қабырғаларына жұққан бөлшектерін таза сумен шаяды. Осы қоспаға фенолфталеиннің I% ерітіндісінің 5 тамшысын қосып NAOH немесе КОН-тың 1 % ерітіңдісімен қызғылт түс пайда болғанша титрлейді.

Х = А х 20 : 10,

NAOH немесе К ОН-ның жұмсалған миллилитр ерітіндісінің мөлшері

/А/ 20-ға көбейтіледі, өйткені небары 5 г дән алынған болатын; көбейтіндіні 10-ға бөледі, оның себебі титрлеген кезде 0,1 проценттік сілті ерітіндісі пайда болады.

Керектi құралдар мен жабдықтар: аптека таразысы, иелі, тамызғыштар, бюреткалар, 250 мл колба, шыны таяқшалар, 1 проценттік фенолфталеин ертіндісі, 1,1н. КОН немесе NaOH

Дәндегі гранозанды анықтау. Өсімдік шаруашылығында әртүрлі дақылдардың тұқымын өсімдік ауруларының қоздырғыштарының бүлдіруінен сақтап қалу үшін сынапты препараттар /гранозан, формалин, меркуран, тағы басқаларын/ кеңінен қолданады. Формалинді, гранозанды және басқаларын пайдадану барысында сақтық жөніндегі нұсқауларды орындамаған жағдайда мал мен құс мұндай дәңді жеп улануы мүмкін.

Анықтау жолы: 1 Зерттеу үшін фарфор ыдысқа 25 грамм дән салады, оған тұз қышқылының 18 % ертіндісін құяды. Бұдан кейін алдын ала наждак қағазбен тазаланған мыс пластинканың немесе сым темірді шыны ілгішпен қоспаға түсіреді де спиртовкада 30 минут бойына қайнатады. Сынап болған жағдайда пластинканың бетінде күміс түстес дақтар пайда болады.

2. Колбаға зертелетін 10 г дәнді салып, 20 мл дистильді су құяды да 10 минуттан кейін оны араластырып сүзгіден өткізеді. Натрии гипосульфат ертіндісі сіңген сүзгіш қағаздың жолақтарына сыналатын ертіндінің тамшыларын тамызады. Егер де катион бар болса сары дақтар пайда болады.

Керектi құралдар мен жабдықтар: сыйымдылығы 10 мл колба, құйғыш, сүзгіш қағаз шыны ілгіш, мыс пластинка, наждакты қағаз, электрлі плитка немесе спиртті шам, тұз қышқылының 10 проценттік ертіндісі дистильді су.

Дәндегі формалинді анықтау

Анықтау жолы: Колбаға зерттелетін 10 гр дән салып, 20 мл дистильді су құяды. Тұнба алу үшін қоспаны үй температурасында 3-4 сағат қояды да соңынан сүзеді. Зерттеу үшін пробиркаға 1 мл сүзінді құйып, 1 мл жаңадан дайындалған пептонның 1 проценттік ертіндісін және бромды калий түйіршіктерін қосады.

Бромды калий еріп болғанша пробирканы сілкілегеннен кейін оған күшті күкірт қышқылының қоспасын қосады. Егерде сүйықтық қышқыл араларында сарғыш күлгін түсті шеңбер пайда болса формалиннің бар болғаны.

2. Пробиркадағы I мл сүзіндіге I мл 2 проценттік резорцин ерітіндісін қосады. Қ0оспаны жақсылап шайқап, сақтықпен Імл концентрацияланған күкірт қышқылын төменгі қабаттан қосады. Формалин бар болса сүйықтықпен қышқыл аралығында солғын қызыл бояу пайда болады.

Керектi құралдар мен жабдықтар: сыйымдылығы 100 мл колба, құйғыш, сүзгіш қағаз, пробиркалар, тамызғыштар, резорциннің 2 проценттік ертіндісі, пептонның 1 проценттік ертіндісі, концентрацияланған күкірт қышқылы, бромды калий.

Студенттердiң өзiндiк жұмысы: 1. Студенттер дәндi дақылдардың орташа сынамасын алып оған органолептикалық зерттеулер жүргiзедi.

2. Дәндi-дақылдардағы гранозанды, формалиндi анықтайды.

3. Студенттер алынған нәтижелерi бойынша қорытынды жасайды

Құрама жемге санитарлық-гигиеналық баға беру

Сабақтың мақсаты: 1. Мал азықтарындағы улы азықтарды зерттеу

2. Мал азықтарында кездесетiн улы азықтарды анықтау тәсiлдерiн игеру