Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3 Тәжрибелік сабақ

Тақырыбы: Ауадағы шаң мөлшерін анықтау.

Сабақтың мақсаты: Малқора ауасының шаңмен ластануын анықтау әдiстерiн игеру

Керектi құралдар және жабдықтар. ЭА-ЭО электроаспираторы (аспиратор орнына Кротов аппаратын да пайдалануға болады), аллонжи (воронкасы), МА-В-ІЗ, АФА-В- 20 қағаз сүзгіштері, аналитикалық таразы.

Сабақтың мазмұны. Ауаның шаңдану дәрежесі 1м3 ауа көлеміндегі шаңның мөлшерін көрсетеді. Ауадағы шаңның мөлшерін анықтау үшін гравиметрикалық (шаңның салмағын анықтау), кониметрикалық (шаңның бөлшектерінің санын есептеу), оптикалық және фотометрикалық тәсілдері қолданылады.

Шаңның салмағын өлшеу /гравиметрикалық/ тәсіл зоогигиеналық зерттеулерде кеңінен қолданып келеді. Бұл тәсіл ауаның белгілі бір мөлшерін әртүрлі сүзгіштерден өткізу барысында шаңның салмақ мөлшерін анықтауға негізделген.

Анықтау барысы. Аналитикалық таразыны пайдаланып сүзгіштерді миллиграмның мыңнан бір бөлігіне дейін өте дәлділікпен өлшеп болған соң, оларды аллонжиға орналастырады. Ауаның шаңын анықтау кезінде аллонжиді аспиратормен немесе Кротов аппаратымен жалғап, сүзгіштен 100 немесе 1000 литр ауаны өткізеді. Бұдан соң сүзгішті алып қайтадан өлшейді. Ауаны өткізгенге дейінгі және өткізгеннен кейінгі сүзгіштердің салмағаның айырмашылықтары арқылы ауадағы шаңның салмақ мөлшерін анықтайды.

Ауаны сынамадан өткізу үшін электроаспираторлар қолданылады. Ол ауаны сорып алуға арналған электрлі үрлегіштен және сүзгіш арқылы өтетін ауаның мөлшерін есептеуші төрт ротаметрден тұрады. Екі реотаметр 0-ден 20 л/мин бөліктерге бөлініп, ауаның шаңдануын анықтау үшін сынама алуға арналса, ал қалған екеуі 0-ден 1 л/мин бөліктерге бөлініп ауадағы газдардың мөлшерін зерртеу үшін қолданылады.

10-сурет. ЭЛЕКТРОАСПИРАТОР 1-аспапты электр жүйесіне қосатын орын;

2- аспапты іске қосу және ажырату тетігі;

3-электр күшінің ауытқуларынан сақтандыру

ұясы; 4-аспаптың электродвигателінің ауаны

аз мөлшерде сору және жұмысқа қосуды

5-жеңілдетуі кезінде сақтандыру клапаны;

ротаметрдің вентилдерінің тұтқасы;

6-ауа жылдамдығын анықтайтын ротаметрлер;

7-сорғыш құралдардың резина түтікшелерін

жалғайтын штуцерлер; 8-аспапты жерге қосу

клеммасы.

Шаңның санын есептеу тәсілі – шаң бөліктерін есептеу екі-түрлі тәсілмен жүргізіледі: ауадан бөліп алу жолымен және тікелей шаңданған ауа ағысында анықтау. Жоғарыдағы екі тәсілдің де бірнеше түрлері бар.

Ауадағы шаң-тозаңның белгілі бір бөліктерін зерттеу үшін седиментатор құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін жабысқақ заты бар шынының бетіне қонған шаң мөлшерін микроскоп арқылы санайды немесе әртүрлі шаң есептегіш құралдың көмегімен оның мөлшерін анықтайды. Көз аясына көрінген тозаңның орташа санына қарай I см2 тозаң мөлшерін шығарады. Шаң-тозаңды анықтау үшін В.Ф.Оденстың, Матусевичтің және басқалардың да құралдарын қолданады.

Шаң-тозаңды анықтаудың оптикалық және фотометрикалық тәсілдері. Ауадағы шаңның мөлшерін неғұрлым дәл анықтайтын құрал –ВДК – 4 үзіліссіз тасқынды ультрамикроскопы. Ол ауаның белгілі бір мөлшеріндегі шаңның санын анықтап қана қоймай, аэрозолдың шашырандылығын да айқындайды. Бұл құралдың қызметі өте жарық кювет арқылы аэрозолды сору сәтінде пайда болатын қысқа жарқылды тіркеп отыруға негізделген.

Шаң-тозаңды анықтау үшін ИКП-1 құралын пайдаланады. Ол - 0,1 500 мг/м3 шамасындағы ауадағы механикалық қоспалардың салмағын (массасын) анықтауға арналған. Бұл құралдардың қуат алуы жан-жақты, алып жүруге және пайдадануға ыңғайлы.

Шаңды анықтау тәртібі. Мал мен құс қораларындағы ауаның шаңдану дәрежесін анықтау айына 2 рет ішкі ауа құрамын өлшеу деңгейінде жүргізіледі. Ауаның сынамасын мал мен құс демалып жай жатқанда және азықтану кезінде, желдеткіштердің жұмыс істеп немесе істемей тұрғанда алған жөн.

Мал және құс қораларында шаң мөлшері ауаның әр текше метрінде 0,5мг-нан- 6мг аралығынан аспау керек.

Студенттердiң өзiндiк жұмысы: Салмақтық әдiс.

1. Студенттер аналитикалық таразыда фильтрдiң салмағын нақты өлшеп, оны Аллонжи воронкасына салады.

2. Шаңды анықтау аймағында Аллонджи воронкасын аспиратормен немесе Кротов құралына жалғап фильтр арқылы шаңдану дәрежесiне қарай 100 немесе 1000 л ауа өткiзедi.

3. Содан кейiн фильтрдiң салмағын қайта өлшеп, салмақ айырмашылығына алынған ауа мөлшерiндегi шаңдану дәрежесiн анықтайды.

Шаңның санын есептеу әдiсi:

1. Петри шыны табақшасына канифольдан /25 г/ асфальт лагінен /75 г/ және ксилолдан тұратын жабысқақ қосындыны құйып, оны 10 минутқа ашып қояды.

2. Шаң-тозаңды микрометрлі обьективті қолдану арқылы микроскоптың кіші ұлғайтқышын пайдаланып 1 см2 олардың санын анықтайды.

3. Студенттер мал қора ауасындағы анықталған шаң мөлшерi бойынша қорытынды жасайды

Бақылау сұрақтары:

1. Шаңның мал организміне әсері қандай.

2. Ауадағы шаңды анықтау үшін қандай тәсілдер қолданылады.

3. Электроаспиратордың құрылысы және оның жұмыс істеу ережесі

4. Ауадағы шаңның салмағын анықтау әдісі.

5. Шаңның әсерінен мал қандай ауруларға шалдығуы мүмкін.