Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

16.Көтерме сауда және оның түрлері.

Көтерме сауда дегеніміз- тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды деолдалдарға, қайта өндірушілерге, бөлшектік саудагерлерге, корпоративтік клиенттерге қайта сату.

Көтерме сауданың атқаратын мынадай қызметтері анықталады:

1. өндірушілерге тауарларын қысқа және тиімді байланыс жолымен өткізуге көмектеседі.

2. Білікті сауда кәсібі мамандары арқылы жұмыс жүргізеді.

3. өндірушіге және бөлшек сауда саласына маркетингтік және техникалық қолдау көрсетеді.

4. Тауарды дұрыс сақтау үшін материалдық негізін жасайды.

5. өндірушіге және бөлшек саудаға қаржы көмегін береді.

6. Ақаулы өнімдерді төмен бағамен өткізеді.

Көтерме сауданы ұйымдастырудың үш нұсқасы болады: өндірушілік көтерме саудасы, коммерциялық көтерме саудасы және сауда агенттері мен брокерлер арқылы көтерме сауда.

Өндірушілер көтерме саудасы. Егерде өндірушілер өз көтерме саудамен айналысса, барлық сауда қызметтерін өздері атқарады. Мұнда сауда олардың өткізу кеңселері, немесе дербес бөлімшелері арқылы жүргізіледі. Өндірушінің өткізу кеңсесі өндірістің өзінде, не рынокқа жақын жерде орналасады және тауар қорын жасамайды. Ал оның дербес бөлімшесінде өнімді сатумен қатар, тауарды сақтау үшін қоймалар жасалады.

Коммерциялық көтерме сауда. Коммерциялық көтерме саудамен шұғылданатын ұйымдар тауарды қайта сату үшін сатып алады. Демек ол ұйымдарға тауарға деген меншік құқығы ауысады.

Бұл ұйымдар көрсететін қызметіне байланысты толық немесе шектелген жұмыстарды атқарады. Толық қызмет көрсететін коммерциялық көтерме сауда ұйымдары тауар ассортиметін белгілі жерде жинайды, сауда несиесін қамтамасыз етеді, тауарды қоймаларда сақтау мен және жеткізумен шұғылданады, зерттеу және жоспарлау жұмыстарын жеткізуге көмектеседі. Ал шектеулі қызмет көрсететін коммерциялық көтерме сауда ұйымдарының атқаратын жұмыстары шамалы болады. Олар зерттеу және жоспарлау жұмыстарына араласпайды және несие бере алмайды.

Агенттер мен брокерлер арқылы көтерме сауда.Агенттер мен брокерлер әртүрлі көтерме сауда жұмыстарын орындайды. Алайда оларда тауарға деген меншік құқығы болмайды. Тағы бір ескертетін ерекшелігі-олар сыйақысын сату көлеміне байланысты пайызбенен алады. Агенттер мен брокерлерді пайдаланудың өзі үш артықшылық береді: шектелген ресурстарымен өндірушілер өтімді ұлғайтуға мүмкіндік алады, өтімге кететін шығындар алдын ала пайызбенен белгіленіп, шығындар үнемделеді, сауданы жоғары шеберлікпен жүргізетін мамандар арқылы дұрыс дамытуға болады.

17.Бөлшек сауданың мәні және оның түрлерін сипаттап көрсетіңіз

Бөлшек сауда – соңғы тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеті. Б.сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқ\ы. Тұтынушыларға тауар жылжыту үрдісінде шаруашылықтық байланысты тұйықтырушы буын бөлшек сауда болып саналады.

Бөлшек сауда бірнеше функциялар атқарады:

• тауарлы рынокта конъюнктураны зерттейді;

• нақты тауарларға сұраныс және ұсынысты анықтайды;

• ассортимент құруда тауарларды талдап және анықтайды, оларды сұрыптайды;

• тауарларды қабылдау, сақтау, маркировкалау операцияларын өткізеді және оларға баға бекітеді.

  • Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде қызмет көрсету және жеке кеңес беру тұтынушының тауар сатып алу туралы шешім қабылдауына әсер етеді.

Қызметтеу деңгейі бойынша бөлшек дүкендер:

  • өзін-өзі қызметтеуші;

  • тауарларды тәуелсіз таңдаушы;

  • қызметтеу циклы шектеулі;

  • қызметтеу циклы толық болып ажыратылады.

Өткізетін өнімнің түрлеріне байланысты бөлшектік дүкендер азық –түлік сататын, азық –түлік сатпайтын болып бөлінеді. Тауарлық ассортименті бойынша дүкендердің төмендегідей типтер бар: супермаркет, суперстор, гипермаркет, арнаулы дүкендер, универмаг, көпшілікке арналған таурлар дүкендері, ыңғайлы дүкендер. Қызмет көрсету түрі бойынша бөлшек сауданың мынадай түрлері бар: 1) пошта арқылы сату. 2) автоматтар. 3) тапсырыстар қызметі. 4) шығарып сату саудасы. Дүкеннен тыс бөлшек саудаға тікелей маркетинг, жеке сату, жарнамалық хабарландыру арқылы жүргізілетін сауда жатады.

  1. Тікелей маркетинг – қазіргі кездегі жаңа технология мен БАҚ арқылы тауарларды сату.

  2. Пошта немесе телефон арқылы жүргізілетін бөлшек сауда

3)Каталог бойынша тапсырыс алу саудасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]