Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

7.Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі анықтаңыз

Өнеркәсіптік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісінде бірнеше өзгерістер болады және бұл өзгерістер бірнеше сатылардан тұрады:

  1. Қажеттіліктерді анықтау, оны сипаттау сатысында компания қызметкерлері өндіріс мәселесін немесе мұқтажын қандай тауарды сатып алумен қанағаттандыруға болатынын ұғынады.

  2. Туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауар парамертлерін анықтау кезеңінде сатып алушы қажетті тауар санын және оның сипаттамаларын анықтайды. Өнімнің қасиеттерін анықтаған кезінде оның өнімділік, төзімділік, нарқы, т.б с.с көптеген көрсеткіштерін қарастырады.

  3. Өндірісті жабдықтаушыларды іздестіру сатысында өнімнің қасиеттерін анықтағаннан кейін керекті жабдықтаушыны іздеу басталады. Ол үшін сауда фирмаларының анықтамалықтарын немесе компьютер мәліметтерін пайдалануға, жарнамаларды қарастыруға және сауда көрмелеріне баруға тура келеді.

  4. Ең тиімді жабдықтаушыны таңдау сатысында жабдықтаушыны таңдаудың алдында сатып алу орталығы оның фирмаға қажет сипаттамаларын және олардың салыстырмалы маңыздылық деңгейін анықтайды. Алынған сипаттамалар бойынша рынокта орын алған әр жабдықтаушыны бағалап, олардың рейтингін есептеп шығарады. Бұл кезеңде жабдықтаушыларды таңдау критерийлары анықталады:

  1. Тауардың сапасы;

  2. Тауардың бағасы;

  3. Жеткізу сенімділігі;

  4. Жабдықтаушылардың беделі;

  5. Жабдықтаушылардың орналасуы;

  6. Жабдықтаушылардың қаржы жағдайы;

  7. Төлем шарты;

  8. Жабдықтаушылардың адалдығы және т.б.

  1. Жабдықтаушының жұмысын бағалау сатысында жоғарыда айтылған үдерістердің бәрін орындағаннан кейін сатып алушы жабдықтаушының жұмысын бағалайды. Ол үшін сатып алушы өзінің түпкі тұтынушыларынан өнім сапасы туралы пікірін сұрауы мүмкін, немесе жабдықтаушының нашар жұмысынан шеккен шығындарын есептеуі мүмкін. Соған сәйкес қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруы немесе келісім шартқа түзетулер енгізуді ұсынуы, немесе жабдықтаушыдан мүлде бас тартуы мүмкін. Сатып алушылар жабдықтаушылардың жұмысын тұрақты қадағалап, оларға өз пікірін хабарлап тұруы керек.

8. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері

Конверсиялық маркетинг: барлық немесе бірнеше нарықтың сегменттері тауарды қабылдайды. Сұраныс түрі жағымсыз. Маркетингтің міндеті мен мақсаты тауарды жақсарту,бағаны төмендету, өткізу арналарын жақсарту,қоғамның пікірін өз мүддесіне сай өзгерту.

Креативтік маркетинг немесе дамушы маркетинг: жасырын сұранысты әйгілеуге бағытталған маркетинг. Сұраныс түрі жасырын. Маркетингтің міндеті мен мақсаты нарықтың сыймдылығын бағалау, жасырын сұранысты қанағаттандыратын таурады іздеп табу

Ремаркетинг: сұраныс төмендеген жағдайда қолданылатын маркетинг. Төмендейтін сұраныс. Маркетингтің міндеті мен мақсаты жаңа нысаналы нарықты табу, оған сәйкес тауарыдың қасиеттерін өзгрту, коммуникацияны тиімді жүргізу.

Синхромаркетинг: сұраныс өндіріс күшінен біршама асатын болса, немесе бұл тауардың өндіріс көлемі нарық қажетінен көп болса қолданылатын маркетинг. Сұраныс тұрақсыз болады. Маркетингтің міндеті мен мақсаты сұранысты уақыт мерзімі бойынша реттеу,икемді баға қолдану.

Демаркетинг: қанағаттандыра алмайтын сұранысты төмендетуге бағытталған маркетинг. Сұраныс артық. Маркетингтің міндеті мен мақсаты бағаны көтеру, өтімді ынталандыру шаралары мен сервисті азайту, сұраныс көлемін азайту.

Қарсы әрекет жасайтын маркетинг тұтынушының және қоғамның жағдайын жақсарту мақсатымен зиянды тауарларға қарсы қолданылатын маркетиг. Иррационалды сұраныс (өлшемге келмейтін сұраныс) Маркетингтің міндеті мен мақсаты бағаны кенет көтеру, тауардың қол жеткізуіне шек қою, тауардың денсаулыққа зияндығы туралы тұтынушылрға ақпарат тарату.

Ыталандырушы маркетинг: ынталы әдістер табу жолында әрекет жасайтын маркетинг. Сұраныс жоқ. Маркетингтің міндеті мен мақсаты бағаны төмендету, жарнаманы күшейту, тауардың ұтымды жақтарын көрсету, өтімді ынталандыру шараларын қолдану.

Демеуші маркетинг: сұранысты бір деңгейде сақтауға арналған маркетинг. Сұраныс толық қанағаттанған. Таурдың сапасына және қызмет көрсету қасиеттеріне көбірек назар аудару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]