- •1.Маркетингтің мәні және оның негізгі түсініктері, маркетинг қағидалары, қызметтерін анықтаңыз.
- •2.Маркетинг тұжырымдамалары, олардың ерекшеліктері және ролін анықтаңыз
- •3.Маркетингтік зерттеулердің мәні мен қағидалары және маркетингтік зерттеу кезеңдерін атап көрсетіңіз
- •4.Маркетингтік орта және оның түрлері сипаттап беріңіз
- •5.Тұтынушылардың кандай түрлері және олардың мәні мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •6. Тұтынушылардың мінез құлықтарына әсер ететін негізгі факторлар және түпкі тұтынушының сатып алу туралы шешім қабылдау процесін сипаттап көрсетіңіз.
- •7.Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі анықтаңыз
- •8. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері
- •10.Мақсатты сегментті таңдаудың мәні және тауарды нарықта позициялаудың маңыздылығын көрсетіңіз
- •9.Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және оның қандай қағидаларын қарастырыңыз
- •11.Маркетингтегі тауар түсінігін ащып көрсетіңіз және тауарлар жіктелуін сипаттаңыз
- •12.Тауардың өмірлік циклінің мәні мен мазмұнын және оның түрлері ашып көрсетіңіз
- •13. Тауар ассортиментінің мәні және оның негізгі көрсеткіштерін сипаттап көрсетіңіз
- •14.Жаңа тауарды жасау кандай кезендерінің ерекшелігін түсіндіріңіз.
- •16.Көтерме сауда және оның түрлері.
- •17.Бөлшек сауданың мәні және оның түрлерін сипаттап көрсетіңіз
- •18. Коммуникацияның мәні мен оның түрлерін сипаттап көрсетіңіз
- •19. Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі , оның ролі және атқаратын қызметтері мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •20.Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар және баға белгілеудің негізгі әдістерін білесіз? Тауарға баға белгілеуде қолданылатын стратегиялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •21. Маркетинг жүйесіндегі өткізу және тауарларды өткізу арналары, түрлері, деңгейлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •22. Жарнама түсінігінің мәні неде? Жарнаманын атқаратын қызметтері, түрлері мен оларды тарату құралдарын сипаттап беріңіз
- •23.Жеке сатудың мәнін ашып, оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
- •24. Қоғаммен байланыс (pr) түсінігінің, даму тарихының мазмұнын ашыңыз және қоғаммен байланыстың түрлері мен әдістерінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
- •25. Өткізуді ынталандырудың мәнін және оның түрлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •26.Маркетингтік жоспар түсінігінің және оның түрлерінің мазмұнын ашыңыз
- •27.Бкт, Портер және Ансофф матрицаларының мәні және оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
- •28.Халықаралық маркетингтің қызмет аясының және маркетинг кешенін құрудың ерекшеліктері және халықаралық маркетингтің стратегияларын дайындауды сипаттап көрсетіңіз
- •29.Қызметтердің тауардан ерекшеліктері, қызметтердің жіктелуі және қызмет маркетингінің кешенін әзірлеудің ерекшеліктерін сипаттап көрсетіңіз
- •32. Берілген ұялы байланыс компаниялардың ең тиімдісін анықтаңыз
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді компанияны анықтаңыз
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз
- •35. Берілген 4 дәрі-дәрмек жабдықтаушылардың ең тиімдісін таңдау
- •41.Әр түрлі тауарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша бірнеше мысал келтіріңіз, өткізу арналарының әр түрлі нұсқаларын қолданыңыз (өзіңіздің таңдауыңызды нақтылап түсіндіріңіз)
- •43. Өтrкізу саясатының жүйелі блогын көрсетілген элементтер негізінде құрастырыңыз:
- •2) Тарату арналарын басқару
- •1) Тарату арналарын жоспарлау 9)логистикалық үрдістерді жоспарлау
- •3)Тарату арналарын 4)тарату арна- 6) тауарды жылжыту 5) тауарды
- •44. Ұялы телефондар – тауарларын тұтынушылар үшін келесі негізгі сипаттамаларды анықтау мақсатында сауалнама құрастырыңыз:
- •45. Сіз нақты бір тұтыну тауар мысалында ауызша пікір сұрау үшін топ құрасыз. Мысалы: персоналды компьютер таңдау...
- •3.Болашақ жарнама науқанында мынадай жағдайларды ескеуге болады:
- •48. Теледидар –тауарлары бойынша нарық потенциалын бағалау үшін қандай маркетингтік зерттеу жүргізу керек? Келесідей анықтамаларды құрайтын зерттеу құрылымын жасаңыз:
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз
- •53. Қолдан жасалған жиһаз өндіретін компания жиһазды жоғары бағамен және белгілі бір аймақта ғана өткізеді, осы компанияға қандай жылжыту әдісін таңдауға болады?
- •55. Флора комуникациялық кәсіпорыны өзінің сапалы өнімдерімен танымал болған. 2010 жылдың соңында кәсіпорын директоры пайданы арттыруға күшті жұмылдыру міндетін қойды...
11.Маркетингтегі тауар түсінігін ащып көрсетіңіз және тауарлар жіктелуін сипаттаңыз
Тауар және оның жіктелуі Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар кысқа мерзімде және үзақ мерзімде қолданылатын тауарлар дел бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра, т.б.) жатқызуға болады. Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады. Түпкі түтынылуына байланысты тауарлар түтыну тауарлары және өңдіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі түтынушының қолдануы үшін сатьтп алатын тауарлар жатады. Олар - күнделікті сүранымдағы, алдын ала таңдальшатын, ерекше сұраныстағы және шссивті (бәсең) сүраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күндсгкті сүраныстағы тауарлар бүл түтынушылар ойлан'"с і-ак, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең түтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы ,-ияқты тауарларды жатқызуға болады. Әдетте бүл тауарлар арзан әрі оларды күнделікті сатып алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сүранымдағы тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды, түтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра карайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сүраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және түтынушылар бүл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жүмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондык, электрлі-түрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті (бәсең) сүранымдағы тауарлар - түтынушы біл-мейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең түтынудағы тауарлар (жаңа енгізулер, сақтандыру xypjiepi, күзет жүйесі және т.б.) Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар - кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, ягни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы баска заттар. Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және түтынушылык сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша үқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассоргпментін (эр алуан тауар жинағын) өндіреді. Тауар ассортиментінің кеңдіпн және тереңдігін бөліп көрсетуге болады. Тауар ассортиментінің кеңдігі фирманың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Нарықтың көп бөлігін қамтуды мақсат ететін фирма ауқымды тауар ассортиментіне ие болуы қажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда ол пайдалы тауарлардың санаулы ассортиментімен ғана шектеледі. Уакыт озған сайын фирманың тауар ассортименті әдетте кеңейе түседі, ол өсу (наращивание) және толықтыру (насыщение) арқылы жүзеге асырылады. Тауар ассортиментінің өсуі төменге, жоғарыға немесе екі бағытқа да бірдей жылжуы мүмкін. Тауар ассортиментінің жоғарыға қарай өсуі. Екінші дең-гейде, яғни нарыктың төменгі эшелонында әрекет жасаушы фирмалар оның жоғары сатысына қарай үмтылады. Нарық-тьщ жоғарғы эшелоны өткізудің жоғары қарқынын және пай-даның мол түсуін қажет етеді. Жоғарыға қарай өсу көптеген қүралдар мен тәуекелділікті талап етеді. Себебі жоғары дең-гейдегі бәсекелестер нарықтың мықты позициясын қамти отырып, мүмкіндігі төмен бәсекелестеріне эсер ететін шешім қабылдай алады. Әлуетті түтынушылар төменгі деңгейдегі фирмалар жоғары сапалы тауар шығаруға мүмкіндігі бар екендігіне сенбеуі мүмкін. Ең бастысы, нарыктың жоғары деңгейінде қызмет көрсетуге фирма қызметкерлері мен дел далдарының кәсіби біліктілілігі мен қабілеттілігі жетпеуі мүмкін. Тауар ассортиментінің төменге қарай өсуі. Көптеген фирмалар нарықтың алдыңғы қатарында, яғни оның жоғарғы эшелонында орналасқысы келеді. Алайда, фирма өзінің өндірісі мен тауарлық ассортиментін кеңейту үшін басқа да нарық эшелонын қамтуға тырысады. Фирмалар төменге қарай өсуді нарықтың жылдам дамушы сегментіне үмтылатын бәсекелестерді тежеу үшін қолдануы мүмкін. Біркатар американдық фирмалар («Форд», «Дженерал Моторс») 70-жылдардьщ басында ассортименттерін томенге қарай үлғайтпағаны, яғни нарықтың төменгі эшелондарын игермегендігі үлкен қателік болды. Мүны жапон фирмалары тиімді пайдаланып, АҚШ автомобиль нарығының айтарлықтай бөлігін қамтып алды. Тауар ассортиментінің жоғары және төмен өсуі. Нарықтың орта эшелонында әрекет ететін фирмалар өз тауар ассортименті бір мезгілде жоғарыға да, төменге де өсіру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ол үшін фирма айтарлы.лай жетілген тауарларды шығарып, оларды төменгі нарық эшелонындағы бағамен сатуы қажет. Фирма жогарыға қарай өсуі үшін жоғары сапалы тауарлар шығарып, оны нарықтың жоғарғы бөлігіндегі бағадан төменірек бағамен сатуы. тиіс. Осындай амал қолдану арқылы «Sony» корпорациясы дербес аудиоплеерлердің әлемдік нарығында алдыңғы қатарға шықты. Тауар ассортиментін толықтыру. Тауар ассортиментін толықтырудың бірнеше себептері бар:
табысты көбейту қажетгілігі;
ассортимента кеңейтуді сүрайтын делдалдардың пікірін ескеру;
фирманың іске қосылмаған өндірісін жүзеге асыру;
бәсекелестердің іс-қимылын бейтараптандыру.
Тауар ассортиментін толықтыру үшін өндіріліп жаткан өнімдерден жаі-а тауар айтарлықтай ерекшеленуі керек. Алайда, тауар ассортиментінің толығуы жалпы табыстың қысқаруына әкеп соғады. Себебі, тауарлар бір-бірімен өзара бәсекеге түседі, ал түтынушы оларды таңдауда қиналуы мүмкін. Тауар ассортиментін толықтыру туралы шешім қабылдау тауар номенклатурасы үғымымен тығыз байланысты. Тауар номенклатурасы - нақты сатушылардың сатып алушыларға үсынатын тауарлар мен тауар бірліктерінің барлық ассортименттік топтарының жиынтығы. Тауар номенклатурасы кеңдігімен, толықгығымен, тереңдігімен және үйлесімділігімен сипатталады. Тауар номенклатурасының кеңдігі деп фирма шығарған ассортименттік топтардьщ жалпы санын айтады. Мысалы, «Ақсай-нан» ұн өнімдерінің 5 ассортименттік топтарын шығарады. Олар - нан, ойық тоқаш нан, пряник, сухари (кептірілген нан), кондитер өнімдері. Тауар номенклатурасының толыққандығы деп - барлық ассортиментті қүрайтын жеке тауарлардың жалпы санын айтады. Мысалы, «Ақсай-нан» нанөнімдерінін 14 түрін шығарады. Тауар номенклатурасьшың тереңдігі-бұл әр ассортиментті топ шегіндегі үсынылған тауар нүсқалары. Мысалы, «Ақсай-нан» жүмсақ нан, жай нан, макпен, жүзіммен тоқаш пісіреді. Бүл үсыныс тереңдігі 4-ке тең егенін түсіндіреді. Тауар номенклатурасьң үйлесімділігіне әр түрлі ассортимент топтарындағы тауардың соңғы тұтынылуы, өндірісті үйымдастыруға қойылатын талаптары, тарату арналары немесе басқа да көрсеткіштері түрғысынан өзара үқсастығы жатады. «Ақсай-нанның» ассортименттік тауар гоптарының номенклатурасы үйлесімді, себебі - осының барлығы, тек әдеттегі тарату арналары арқылы өтетін күнделікті сүраныстағы тауарлар. Тауар номенклатурасын сипаттайтын бүл 4 көрсеткіш фирманың тауар-номенклатурасьш анықтауға мүмкіндік береді. Ол тауар номенклатурасына тауарлардың жаңа ассор-тименттік топтарын коса отырып кеңейте алады. Фирма шығарылатын тауардың өлшемін өзгерте отырып және оған әр түрлі қоспалар қосу арқасында тауар номенклатурасын тереңдете алады. Маркетингтік тұрғыда нақты, жинақталған және кеңейтілген өнім деген түсінік кездеседі. Накты өнім нақты сипаттары бар тауардың негізгі физикалық мәнін көрсетеді. Мысалы, «Kodak» фотоаппараты, «Bocsh» кір машинасы, «Султан» макароны, «Нұр» шарабы, т.б. сияқты. Кеңейтілген енім - тауардың нақты сипатын ғана емес, сонымен қатар оның қызмет көрсетуін білдіреді. Мысалы, «Pentium» компьютерін сатып алуды түтынушы оны пайдалгл у мен қызмет көрсету ережесін және бағдарламалар пакетін іілумен байланыстырады. Жинақталған өнім - бұл маркетинг түжырымдамасына сай та 'ардың аукымды, айтарлықтай кең анықтамасы. «Берхаус» фирмасының киімдерін сатып алған тұтынушы езін жас, нұрлы, сән-салтанатты, қайратты немесе нәзік сезінуі мүмкін.
