Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
marketing_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

12.Тауардың өмірлік циклінің мәні мен мазмұнын және оның түрлері ашып көрсетіңіз

Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі , немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршендік кезеңі дегеніміз - тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады.. Тауардың өміршендік кезеңі:

  • Рынокқа енгізу

  • Өсу

  • Кемеліне жету

  • Құлдырау

Рынокқа енгізу фазасында-жаңа тауарға рынок қалыптасады. Сату көлемі, маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл фазада пайда алынбайды, керісінше шығын болуы мүмкін. Өсу фазасында тауардың болашағына әсер етеді. Тауарды өткізуден түскен пайда барынша максималды деңгейіне жетеді. Мұндағы фирманың негізгі мақсаты сату көлемінің өсуін неғұрлым ұзақ уақытқа созу керек.Кемеліне жету фазасы жаңа тауар дәстүрлі тауарға айналады, сату көлемі шектеледі. Пайда көлемі төмендей бастайды. Алайда тұтынушылардың көпшілігі тауарды әлі де сатып алады. Құлдырау фазасында сату көлемі төмендей түседі. Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп, оны жаңарту мүмкіндіктерін немесе оны өндірістен шығаруды қарастыру қажет. Бір фазадан бесқасына ауысқан кезде күрт өзгерістер әдетте байқалмайды. Сондықтан маркетинг бағдарламасына дер кезінде ұтымды өзгерістер енгізу үшін сату көлемінің өзгерісіне зер сала қадағалау қажет.

Тауардың өміршеңдік кезеңінің түрлері:

  1. Дәстүрлі ирегі: рынокқа тауарды енгізу, өсу, кемеліне жету және құлдырау фазалары нақты мезгілдерімен қамтылған.

  1. Классикалық ирегі: ұзақ уақыт мерзімінде тұрақты өтетін ерекше танымал тауарды сипаттайды.

  1. Елігу ирегі: жылдам шарықтап өсе алатын және тез құлдырауға тән тауардың өмірлік циклін көрсетеді.

  1. Ұзаққа созылған елігу ирегі: бұл әуестік қисығына ұқсас болады, бірақ ақырғы өткізу көлемі бұрынғы өткізу көлемінің кішігірім бөлігін ғана құрайды.

  1. Мерзімді немесе сән ирегі: тауар жақсы өтімін тауып, маусым мерзіміне қарай осы ирек сипатын алады.

  1. Жаңару немесе зарығу ирегі: белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тауарға қайтадан сұраныс пайда болғанын сипаттайды.

  1. Сәтсіздікке ұшырау ирегі: рынокта мүлдем табыс бермейтін тауарды сипаттайды және ол тек екі фазамен қамтылады: рынокқа енгізу мен құлдырау фазалары.

13. Тауар ассортиментінің мәні және оның негізгі көрсеткіштерін сипаттап көрсетіңіз

Тауар ассортименті – функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы.

Тауар ассортиментінің негізгі көрсеткіштері:

  1. Тауар ассортиментінің ені – ассортименттік топтар саны

  2. Тауар ассортиментінің тереңдігі – әр ассортименттік топтағы жайғасым саны

  3. Тауар ассортиментінің салыстырмалылығы – тұтынушылар көз қарасынан, түпкі қолдануға, тарату арналарына және бағаға байланысты ұсынған ассортименттік топтардың арақатынасы.

Тауар ассортиментінің кеңдігі фирманың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Нарықтың көп бөлігін қамтуды мақсат ететін фирма ауқымды тауар ассортиментіне ие болуы қажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда ол пайдалы тауардың санаулы ассортиментімен ғана шектеледі. Уақыт өткен сайын фирманың тауар ассортименті әдетте кеңейе түседі, ол өсу және толықтыру арқылы жүзеге асырылады.

Тауар ассортиментінің өсуі төменге, жоғарыға және екі бағытқа да бірдей жылжуы мүмкін.

Тауар ассортиментінің жоғары қарай өсуі. Екінші деңгейде, яғни нарықтың төменгі эшелонында әрекет жасаушы фирмалар оның жоғары сатысына қарай ұмтылады.

Тауар ассортиментінің төменге қарай өсуі. Көптеген фирмалар нарықтың алдыңғы қатарында, яғни жоғарғы эшелонында орналасқысы келеді. Алайда, фирма өзінің өндірісі мен тауарлық ассортиментін кеңейту үшін басқа нарық эшелонын қамтуға тырысады.фирмалар төменге қарай өсуді нарықтың жылдам дамушы сегментіне ұмтылатын бәсекелестерді тежеу үшін қолдануы мүмкін. Бірқатар американдық фирмалар («Форд», «Дженерал Моторс») 70-жылдардың басында ассортименттерін төменге қарай ұлғайтпағаны үлкен қателік болды. Мұны жапон фирмалары тиімді пайдаланып, АҚШ автомобиль нарығының айтарлықтай бөлігін қамтып алды.

Тауар ассортиментінің жоғары және төмен өсуі. Нарықтың орта эшелонында әрекет ететінифирмалар өз тауар ассортиментін бір мезгілде жоғары қарай, төменге қарай да өсіруге шешім қабылдауы мүмкін. Ол үшін фирма айтарлықтай жетілген тауарлар шығарып, оларды төменгі нарық эшелонындағы бағамен сатуы керек. Фирма жоғарыға қарай өсуі үшін жоғары сапалы тауарлар шығарып, оны нарықтың жоғарғы бөлігіндегі бағадан төменірек сатуы керек. Осындай амал қолдану арқылы «Сони» корпорациясы дербес аудиоплеерлердің әлемдік нарығында алдыңғы қатарға шықты.

Тауар ассортиментін толықтыру.

Тауар ассортиментін толықтырудың бірнеше себептері бар:

  1. Табысты көбейту қажеттігі;

  2. Ассортиментті кеңейтуді сұрайтын делдалдардың пікірін ескеру;

  3. Фирманың іске қосылмаған өндірісін жүзеге асыру;

  4. Бәсекелестердің іс-қимылын бейтараптандыру.

Тауар ассортиментін толықтыру үшін өндіріліп жатқан өнімдерден жаңа тауар айтарлықтай ерекшеленуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]