- •1.Маркетингтің мәні және оның негізгі түсініктері, маркетинг қағидалары, қызметтерін анықтаңыз.
- •2.Маркетинг тұжырымдамалары, олардың ерекшеліктері және ролін анықтаңыз
- •3.Маркетингтік зерттеулердің мәні мен қағидалары және маркетингтік зерттеу кезеңдерін атап көрсетіңіз
- •4.Маркетингтік орта және оның түрлері сипаттап беріңіз
- •5.Тұтынушылардың кандай түрлері және олардың мәні мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •6. Тұтынушылардың мінез құлықтарына әсер ететін негізгі факторлар және түпкі тұтынушының сатып алу туралы шешім қабылдау процесін сипаттап көрсетіңіз.
- •7.Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі анықтаңыз
- •8. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері
- •10.Мақсатты сегментті таңдаудың мәні және тауарды нарықта позициялаудың маңыздылығын көрсетіңіз
- •9.Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және оның қандай қағидаларын қарастырыңыз
- •11.Маркетингтегі тауар түсінігін ащып көрсетіңіз және тауарлар жіктелуін сипаттаңыз
- •12.Тауардың өмірлік циклінің мәні мен мазмұнын және оның түрлері ашып көрсетіңіз
- •13. Тауар ассортиментінің мәні және оның негізгі көрсеткіштерін сипаттап көрсетіңіз
- •14.Жаңа тауарды жасау кандай кезендерінің ерекшелігін түсіндіріңіз.
- •16.Көтерме сауда және оның түрлері.
- •17.Бөлшек сауданың мәні және оның түрлерін сипаттап көрсетіңіз
- •18. Коммуникацияның мәні мен оның түрлерін сипаттап көрсетіңіз
- •19. Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі , оның ролі және атқаратын қызметтері мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •20.Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар және баға белгілеудің негізгі әдістерін білесіз? Тауарға баға белгілеуде қолданылатын стратегиялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •21. Маркетинг жүйесіндегі өткізу және тауарларды өткізу арналары, түрлері, деңгейлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •22. Жарнама түсінігінің мәні неде? Жарнаманын атқаратын қызметтері, түрлері мен оларды тарату құралдарын сипаттап беріңіз
- •23.Жеке сатудың мәнін ашып, оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
- •24. Қоғаммен байланыс (pr) түсінігінің, даму тарихының мазмұнын ашыңыз және қоғаммен байланыстың түрлері мен әдістерінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
- •25. Өткізуді ынталандырудың мәнін және оның түрлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •26.Маркетингтік жоспар түсінігінің және оның түрлерінің мазмұнын ашыңыз
- •27.Бкт, Портер және Ансофф матрицаларының мәні және оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
- •28.Халықаралық маркетингтің қызмет аясының және маркетинг кешенін құрудың ерекшеліктері және халықаралық маркетингтің стратегияларын дайындауды сипаттап көрсетіңіз
- •29.Қызметтердің тауардан ерекшеліктері, қызметтердің жіктелуі және қызмет маркетингінің кешенін әзірлеудің ерекшеліктерін сипаттап көрсетіңіз
- •32. Берілген ұялы байланыс компаниялардың ең тиімдісін анықтаңыз
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді компанияны анықтаңыз
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз
- •35. Берілген 4 дәрі-дәрмек жабдықтаушылардың ең тиімдісін таңдау
- •41.Әр түрлі тауарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша бірнеше мысал келтіріңіз, өткізу арналарының әр түрлі нұсқаларын қолданыңыз (өзіңіздің таңдауыңызды нақтылап түсіндіріңіз)
- •43. Өтrкізу саясатының жүйелі блогын көрсетілген элементтер негізінде құрастырыңыз:
- •2) Тарату арналарын басқару
- •1) Тарату арналарын жоспарлау 9)логистикалық үрдістерді жоспарлау
- •3)Тарату арналарын 4)тарату арна- 6) тауарды жылжыту 5) тауарды
- •44. Ұялы телефондар – тауарларын тұтынушылар үшін келесі негізгі сипаттамаларды анықтау мақсатында сауалнама құрастырыңыз:
- •45. Сіз нақты бір тұтыну тауар мысалында ауызша пікір сұрау үшін топ құрасыз. Мысалы: персоналды компьютер таңдау...
- •3.Болашақ жарнама науқанында мынадай жағдайларды ескеуге болады:
- •48. Теледидар –тауарлары бойынша нарық потенциалын бағалау үшін қандай маркетингтік зерттеу жүргізу керек? Келесідей анықтамаларды құрайтын зерттеу құрылымын жасаңыз:
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз
- •53. Қолдан жасалған жиһаз өндіретін компания жиһазды жоғары бағамен және белгілі бір аймақта ғана өткізеді, осы компанияға қандай жылжыту әдісін таңдауға болады?
- •55. Флора комуникациялық кәсіпорыны өзінің сапалы өнімдерімен танымал болған. 2010 жылдың соңында кәсіпорын директоры пайданы арттыруға күшті жұмылдыру міндетін қойды...
27.Бкт, Портер және Ансофф матрицаларының мәні және оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
1.БКГ матрицасы – әрбір стратегиялық бизнес бірліктің матрицадағы орны нарықтың өсу қарқыны және нарық үлесіне сәйкес анықталады. Бұл үлгі өнімнің өмірлік циклі және тәжірибе қисығы тұжырымдамаларына негізделген. Нарық өсуі/ үлесі матрицасы төрт шаршыға бөлінеді: сұрақ белгісі немесе қиын балалар- бұл нарықта компания жоғары қарқынмен өсуі мүмкін, бірақ нарықтағы салстырмалы үлесі төмен; жұлдыздар- нарықтағы лидер; сиырлар- бұның стратегиялық бизнес бірліктері жетілген салалардағы нарықтың үлкен үлесін жаулап алңан, өсу қарқыны баяу; ит- нарықтағы салыстырмалы үлесі төмен бизнес.
2. Ансоффтың тауар нарық стратегиясы- Бұл матрица төрт балама стратегиядан тұрады: нарыққа ену- тауарларды жылжытуды қарқындату және бәсекеге қабілетті бағалар қою арқылы бар тауаоларды нарықта өткізуді ұлғайту мақсатында қолданылады; нарықты дамыту- бар тауарлардың жаңа нарықтарда өтуін ұлғайту немесе тұтынушыларды бұрынғы өнімді жаңаша қолдануға шақыру, яғни нарықты кеңейту; тауарды әзірлеу- жаңа не жетіліп, жаңартылған тауарларды әзірлеп, қазіргі нарыққа сату арқылы өткізу көлемін ұлғайту; диверсификация- фирманың жаңа тауарларымен жаңа нарықтарға шығуы.
3. SWOT талдау: фирманың күшті жақтарын, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтайды.
4. Портер – егер фирманың ерекше өнімі немесе шығындар бойынша басымдылықтары болмаса, онда ол орта жолда қалып қоюы мүмкін. Сондықтан фирманың орташа позицияға ие болуы өте қауіпті.
28.Халықаралық маркетингтің қызмет аясының және маркетинг кешенін құрудың ерекшеліктері және халықаралық маркетингтің стратегияларын дайындауды сипаттап көрсетіңіз
Халықаралық маркетинг – бұл компанияның бас өкілдігі орналасқан елдің ұлттық шекарасынан тыс жердегі тауарлар мен қызметтер маркетингі.Ішкі және халықаралық маркетинг арасында айтарлықтай принципиалды айырмашылықтар жоқ. Екі жағдайда да бірдей қызмет ету принциптері пайдаланылады. Алайда халықаралық сауданың өзіндік спецификасына байланысты сыртқы елдердің нарықтық, экономикалық, саяси-құқықтық, әлеуметтік, мәдени ортасын ескермеуге болмайды. Халықаралық сауданың ерекшеліктерін, халықаралық келісім-шарттар мен саудалық практиканы, салт-дәстүрді де есте сақтау керек. Шетелдік нарықта қызмет етуді көздеген фирмалардың негізгі міндеттерінің шешілу реті мынадай: халықаралық маркетинг ортасын зерттеу; сыртқы нарыққа шығудың саналылығы туралы шешім қабылдау; нақты нарықтарды таңдау; сыртқы нарыққа шығу тәсілдерін дайындау; маркетинг кешенін қалыптастыру; маркетинг қызметін дайындау.
Халықаралық экономикалық қатынастар саласында маркетинг ұғымының трансформациялануы байқалады. Фирманың сыртқы экономикалық қызметіне байланысты айтатын болсақ, маркетингті сыртқы нарықта тиімді өткізу саясатын дайындауға және белсенді жүзеге асыруға бағытталған қызмет түрі деп түсінген жөн. Оның негізгі 3 даму сатысын бөліп қарастыруға болады:
1. Дәстүрлі маркетинг. Тауарды шекарадан тыс елге, ары қарай шығарып салусыз сату. Экспортер сатып алушы алдында тек тауарды жеткізу немесе сату мезетіне дейін жауапкершілікті сақтайды және, әдетте, тауардың одан арғы жағдайына қызығушылық білдірмейді.
2. Экспорттық маркетинг. Бұл жағдайда экспортер шетелдік нарықты жүйелі түрде өңдеуден өткізіп, өз өндірісін осы нарық талаптарына сай қалыптастырады. Сонымен қатар, бұл нарықты үнемі зерттейді және ақырғы тұтынушыға дейінгі тауардың бүкіл жолын бақылауға алуға тырысады.
3. Халықаралық маркетинг. Экспортер нарықты терең зерттейді және оны өңдеу үшін маркетингтің барлық құралдар жиынтығын, сонымен қоса тек экспорт қана емес, сыртқы экономикалық байланыстардың әр түрлі нысандарын пайдаланады: ғылыми-техникалық айырбас, біріккен кәсіпорындар, контрактілік өндірістер, еншілес кәсіпорындар, т.б.
Шекара сыртындағы маркетингтік қызмет өткізуді ғана емес, сонымен қатар барлық функционалды қызмет салаларын қамтиды: қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеулік дайындаулар, өндіріс, қаржы, т.б. Шын мәнісінде бұл – шетелдік жағдайдағы нарыққа бағытталған кәсіпорынды басқару болып табылады. Халықаралық маркетингтің жоғарғы формасы - көпұлттық маркетинг – бұл маркетингтік операцияларды тұтас әлемдік шаруашылықдеңгейінде жүзеге асыру. Маркетингтік операциялардың бұл соңғы түрі трансұлттық корпорацияларға тән. Егер халықаралық маркетинг жағдайында кәсіпорындар бір немесе бірнеше шетелдік нарықтарға бағытталып, тауарды өз елінде шығарып, соңынан басқа елдерде өткізсе, трансұлттық корпорациялар түрлі елдерде әрекет ете отырып, тұтас әлемдік нарыққа қызмет ететін шетелдік өндірістік және өткізу бөлімшелерін пайдаланады.
Фирма шетелде тауарды өткізумен айналысу үшін сол рынокқа шығудың тиімді тәсілін таңдауы қажет. Шетелдік рынокқа шығу стратегиялары:
Экспорт – шетел рыногына шығудың ең оңай түрі. Жүйесіз экспорт д/з фирма кей-кейде ғана өзінің артық тауарларын экспортқа шығарады және шетелдік фирмаларының көтерме саудагерлеріне сатады. Белсенді экспорт фирма белгілі рынокқа өзінің экспорттық операцияларын ұлғайту мақсатын қойған жағдайда қалыптасады. Бұл экспорттың екі түрінде де фирма тауарларын өз елінде өндіреді. Фирма экспортты 2 тәсілмен жүргізуі мүмкін:
1. Жанама экспорт тәуелсіз халықаралық маркетинг делдалдары арқылы жүргізіледі. Бұл экспорт тәсілі экспорт әрекетімен айналысуды жаңадан бастаған фирмалар арасында кең тараған. Себебі жанама экспорт шамалы ақша қаражатын талап етеді және аздаған қауіп-қатермен сипатталады.
2. Тікелей экспорт тәсілінде экспорттық операцияларын фирма өз бетінше жүргізеді.
Бірлескен кәсіпкерлік отандық кәсіпорын және шетелдік фирма өндіріс ж/е маркетинг мүмкіндіктерін біріктіру нәтижесінде құрылады. Бірлескен кәсіпкерліктің 4 түрі бар:
1. Лицензия алу д/з лицензияны сатушы өндіріс үдерісін, тауар белгісін, патентті, суда құпиясын қолдану құқын қалам ақыға (гонорарға) н/е лицензиялық төлемге айырбастайды.
2. Медігерлік өндіріс стратегиясында кетел кәсіпкері жергілікті өндірушілермен бірлесе тауарды өндіру келісімін жасайды.
3. Келісім б/ша басқару стратегиясында отандық фирма шетелдік серіктеске басқару саласындағы өзінің «ноу-хауын» ұсынады.
4. Бірлескен кәсіпорын стратегиясында жергілікті коммерциялық кәсіпорнын құру үшін шетелдік ж/е жергілікті капитал салымшыларының әрекеттерін біріктіреді.
Тікелей инвестициялау артықшылықтары:
- Арзан жұмыс күшін, арзан шикізатты қолдану мүмкіндігіне, көлік шығындарын азайту арқылы фирма қаражатын үнемдеу мүмкіндігі;
- Жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, серіктес елде өзіне жағымды бейне қалыптастырады;
- Қабылдайтын елдің клиенттерімен, жабдықтаушыларымен, дистрибьютерларымен тығыз қатынас құру арқылы өзінің тауарларын жергілікті маркетинг ортасына ұтымды бейімдейді;
- фирма өзінің капитал салымдарына толық бақылауын сақтай алады.
Халыкаралык маркетинг жоспарын жасау мына кезеңдерден тұрады:
1-кезең;халыкаралык маркетингтік ортаны талдау.Бұл сырткы нарыкка шығу жағдайларын және калай шығу керектігін бағалауға мүмкіндік береді.
2-кезең;сырткы нарыкка шығу максаттарын калыптастыру,ол үшін өз нарык үлесі, сату көлемі және пайдасына катысты максаттарды аныктау.
3-кезең;шетелдік нарыктарға шығу ұтымдылығын аныктау.Бұл кезеңде халыкаралык нарыкка шығу мүмкіндіктері бола калса,олардың кайсысы ыңғайлы жағдайда екенін бағалау керек.
4-кезең;халыкаралык нарыкка шығу әдістерін (сртатегияларын)аныктау.
5-кезең;компания шетел нарығында стандартталған немесе бейімделген стратегияны колдану керектігін,баскаша айтканда-халыкаралык өсу стратегисын белгілеу.
6-кезең;шетелдік нарыкка арналған маркетинг-микс стратегиясын ұйымдастыру.
7-кезең;маркетинг жоспарының орындалуын бағалау мен бакылау.Талдау мен бакылау негізінде маркетинг стратегиясына және шығындарға түзетулер енгізіледі.
шетелдердің баска елдердеен тауар мен кызметтерді кабылдауға дайындығы және олардың шетелдік фирмалар үшін тартымдылығы экономикалык,саяси-құқықтық,мәдени т.б.с.с. ортаға тәуелді болады.
