- •1.Маркетингтің мәні және оның негізгі түсініктері, маркетинг қағидалары, қызметтерін анықтаңыз.
- •2.Маркетинг тұжырымдамалары, олардың ерекшеліктері және ролін анықтаңыз
- •3.Маркетингтік зерттеулердің мәні мен қағидалары және маркетингтік зерттеу кезеңдерін атап көрсетіңіз
- •4.Маркетингтік орта және оның түрлері сипаттап беріңіз
- •5.Тұтынушылардың кандай түрлері және олардың мәні мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •6. Тұтынушылардың мінез құлықтарына әсер ететін негізгі факторлар және түпкі тұтынушының сатып алу туралы шешім қабылдау процесін сипаттап көрсетіңіз.
- •7.Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі анықтаңыз
- •8. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері
- •10.Мақсатты сегментті таңдаудың мәні және тауарды нарықта позициялаудың маңыздылығын көрсетіңіз
- •9.Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және оның қандай қағидаларын қарастырыңыз
- •11.Маркетингтегі тауар түсінігін ащып көрсетіңіз және тауарлар жіктелуін сипаттаңыз
- •12.Тауардың өмірлік циклінің мәні мен мазмұнын және оның түрлері ашып көрсетіңіз
- •13. Тауар ассортиментінің мәні және оның негізгі көрсеткіштерін сипаттап көрсетіңіз
- •14.Жаңа тауарды жасау кандай кезендерінің ерекшелігін түсіндіріңіз.
- •16.Көтерме сауда және оның түрлері.
- •17.Бөлшек сауданың мәні және оның түрлерін сипаттап көрсетіңіз
- •18. Коммуникацияның мәні мен оның түрлерін сипаттап көрсетіңіз
- •19. Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі , оның ролі және атқаратын қызметтері мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •20.Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар және баға белгілеудің негізгі әдістерін білесіз? Тауарға баға белгілеуде қолданылатын стратегиялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •21. Маркетинг жүйесіндегі өткізу және тауарларды өткізу арналары, түрлері, деңгейлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •22. Жарнама түсінігінің мәні неде? Жарнаманын атқаратын қызметтері, түрлері мен оларды тарату құралдарын сипаттап беріңіз
- •23.Жеке сатудың мәнін ашып, оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
- •24. Қоғаммен байланыс (pr) түсінігінің, даму тарихының мазмұнын ашыңыз және қоғаммен байланыстың түрлері мен әдістерінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
- •25. Өткізуді ынталандырудың мәнін және оның түрлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •26.Маркетингтік жоспар түсінігінің және оның түрлерінің мазмұнын ашыңыз
- •27.Бкт, Портер және Ансофф матрицаларының мәні және оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
- •28.Халықаралық маркетингтің қызмет аясының және маркетинг кешенін құрудың ерекшеліктері және халықаралық маркетингтің стратегияларын дайындауды сипаттап көрсетіңіз
- •29.Қызметтердің тауардан ерекшеліктері, қызметтердің жіктелуі және қызмет маркетингінің кешенін әзірлеудің ерекшеліктерін сипаттап көрсетіңіз
- •32. Берілген ұялы байланыс компаниялардың ең тиімдісін анықтаңыз
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді компанияны анықтаңыз
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз
- •35. Берілген 4 дәрі-дәрмек жабдықтаушылардың ең тиімдісін таңдау
- •41.Әр түрлі тауарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша бірнеше мысал келтіріңіз, өткізу арналарының әр түрлі нұсқаларын қолданыңыз (өзіңіздің таңдауыңызды нақтылап түсіндіріңіз)
- •43. Өтrкізу саясатының жүйелі блогын көрсетілген элементтер негізінде құрастырыңыз:
- •2) Тарату арналарын басқару
- •1) Тарату арналарын жоспарлау 9)логистикалық үрдістерді жоспарлау
- •3)Тарату арналарын 4)тарату арна- 6) тауарды жылжыту 5) тауарды
- •44. Ұялы телефондар – тауарларын тұтынушылар үшін келесі негізгі сипаттамаларды анықтау мақсатында сауалнама құрастырыңыз:
- •45. Сіз нақты бір тұтыну тауар мысалында ауызша пікір сұрау үшін топ құрасыз. Мысалы: персоналды компьютер таңдау...
- •3.Болашақ жарнама науқанында мынадай жағдайларды ескеуге болады:
- •48. Теледидар –тауарлары бойынша нарық потенциалын бағалау үшін қандай маркетингтік зерттеу жүргізу керек? Келесідей анықтамаларды құрайтын зерттеу құрылымын жасаңыз:
- •1. Өндірістік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз
- •2. Есепті шығарып, ең тиімді жабдықтаушыны анықтаңыз
- •53. Қолдан жасалған жиһаз өндіретін компания жиһазды жоғары бағамен және белгілі бір аймақта ғана өткізеді, осы компанияға қандай жылжыту әдісін таңдауға болады?
- •55. Флора комуникациялық кәсіпорыны өзінің сапалы өнімдерімен танымал болған. 2010 жылдың соңында кәсіпорын директоры пайданы арттыруға күшті жұмылдыру міндетін қойды...
25. Өткізуді ынталандырудың мәнін және оның түрлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз
Өткізуді ынталандыру – тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралардың жиынтығы.
Өткізуді ынталандыру әдістеріне мыналар жатады:
өзінің сауда қызметкерлерін ынталандыру;
делдалдарды ынталандыру;
тұтынушыларды ынталандыру.
Сауда қызметкерлерін ынталандыру олардың жұмыс сапасын және кәсіптік шеберлігін көтеруге бағытталған. Ол үшін ақшалай сыйақылар, сыйлықтар, байқаулар, сауда қызметкерлерін оқыту, оларға қосымша демалыс беру пайдаланылады
Делдалдарды ынталандыру мыналардан тұрады:
тауарларды тегін беру;
арнайы жеңілдіктер;
өткізуді ұйымдастыру бойынша байқаулар;
ақпаратпен қамтамасыз ету және сатушыларды оқыту;
бірлесіп жарнама жүргізу.
Тауарды өткізуде түпкі тұтынушыларды ынталандыру келесі құралдар арқылы жүзеге асырылады:
Сыйақылар
Купондар
Жеңілдіктер
Байқаулар
Несие
Тауарды таныстыру рәсімі (презентации)
Ақшаны қайтару кепілдігі.
Лотереялар мен сыйлыќтар.
Тегін үлгілер
26.Маркетингтік жоспар түсінігінің және оның түрлерінің мазмұнын ашыңыз
Көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарсыз жұмыс істейді. Жаңа фирма басшыларының ондай жоспар құрастыруға уақыты да болмауы мүмкін. Ал бұрыннан келе жатқан фирма басшыларының басым көпшілігі жосапрсыз ақ жұмыс жүргізуге болады деп ойлайды. Өйткені олардың ойы бойынша рыноктағы жағдай тез өзгеріп жатады.Сондықтан жоспармен бәрін қамту мүмкін емес, жоспарға кеткен шығын босқа қалады деп өзін ақтауға тырысады. Осы тәрізді себептерден көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарлау жұмысын жүргізбейді. Ал шындығына келетін болсақ тәжірибе көрсетіп отырғанындай келешекке арналған жоспарлау көптеген жеміс береді.Мелвилл Бранч жоспарлаудың төмендегі ұтымды жақтарын атап көрсеткен:
1)Келешекке арналған жоспарлау фирма басшыларын іс келешегін алыстан ойластыруға, оны күні бұрын білуіне итермелейді;
2)Алдағы бақылауға алынған ісәрекет көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді;
3)Фирма әрекеттерін ұтымды үйлестіруге көмектеседі;
4)Фирма өзінің міндетін және саяси мақсатын анық белгілей алады;
5)Фирманың күтпеген кездейсоқ өзгерістерге күні бұрын дайын болуына мүмкіндік береді;
6) фирманың барлық бөлімшелерінің өзара дұрыс байланысын орнатуға көмектеседі.
Маркетинг жоспарларын келесі белгілерге сәйкес мына түрлеріне бөлуге болады:
Мерзім ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді ( 1жылға дейін), орта мерзімді (2-5 жылға)және ұзақ мерзімді (5жылдан астам) жоспарлары;
Ауқымы бойынша : әр негізгі өнімге арнайы маркетинг жоспары (әдетте тұтыну тауарларына), барлық өнімдерді қамтитын жалпы маркетинг жоспары (әдетте қызмет саласына), арнайы маркетинг тауарына бөлінген шаруашылық жоспары (әдетте өнеркәсіп тауарларына) арналған жоспарлары;
Зерттеу әдістері бойынша: төменгі өндіріс буынынан жоғары буынына қарай, немесе жоғары буынынан төмен қарай жасалған маркетинг жоспарлары.
