Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

М ұзды мұйық көмегімен денені салқындату алгоритмі

  • Көрсеткіші: дене температурасын түсіруге қол жеткізу.

  • Керекті кұралдар:

  • мұзға араналған мүйық; су 14-16°С; ағаш балға; мұз кесектері; жөргектер - 3-4; мұзы бар флакондар; сағат.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету

2.Керекті құралдарды дайындау.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию

• жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету

4. Мұз кесектерін жөргекке салу, ағаш балғамен ұсақтап бөлу.

• Ұсақталған мұз мұзды мұйықта біркелкілей жайғасады

5. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұз кесектерімен толтыру және 2/3 бөлігіне дейін сумен толтыру.

• еріп жатқан мұз су температурасын 10-12° деңгейде болуына қолдайды

6.Мұйықты қатты тегіс жерге салып қолмен ақырын басу арқылы ауасын шығару.

• мұз еріп жатқанда пайда болатын су үшін бос кеңістікті қамтамасыз ету

7.Мұйықтың қақпағын жауып төмен қарай төңкеріп жабылуын тексеру.

• герметикалық (саңылаусыз) жағдайды қамтамасыз ету және тексеру

8. Мұйықты жөргекке орау

• терінің жергілікті үсуінің алдын алуы

9.Мұзды мұйықты баланың бас жағына 2-3 см қашықтықта бекітіп ілу, мұйық пен бала басының аралығында алақан отетіндей болу қажет.

• терінің жергілікті үсуінің алдын алуы

•жылылықтың беруін жақсарту

10.Мұзы бар флакондарды салфеткамен (жөргекпен) орау және ірі тамырлар маңына орналастыру.

• терінің жергілікті үсуінің алдын алуы

11.20-30 минут уақытқа қалдыру, 10-15 минут үзілістен кейін қайталап өткізуге болады.

12.Мұздың еруіне байланысты мұйықтан суды төгіп жаңадан мұз кесектерін салып отыру қажет.

• қан тамырлардың жергілікті тарылуына байланысты патологиялық жағдайлардың пайда болу мүмкіндігінің алдын алуы

13.20-30 минуттан кейін мұйық пен флакондарды алып тастап баланың дене температурасын өлшеу.

• шараның өткізу қорытындысын анықтау үшін

•шара дұрыс өткізілсе дене қызуы 0,2 градусқа төмендеуі керек

Ескерту: дене қызуы 20-30 минуттан кейін 0,2-0,3°С дейін төмендесе - өткізіліп жатқан шаралар тоқтатылады, шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу

Спирттің көмегімен физикалық салқындату алгоритмі

Көрсеткіші: дене температурасын түсіруге қол жеткізу.

Керекті кұралдар:

  • 70° этил спирті; су 14-16°С; мақта домалақшалары; лоток; сағат.

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету

2.Керекті құралдарды дайындау.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

4. 70 градус С этил спиртін 2:1 қатынасымен сумен араластыру (40-45°).

• бала терісінде химиялық күйік пайда болмас үшін

5.Спирт ерітіндісіне малынған мақта дома-лақшаларымен ірі қан тамырлары орналасқан жерлерді сүрту: самай, үйқы артериясының маңы, қолтық асты, тізе асты және шат қыртыстары.

•жылылықтың беруін жақсарту

6. Мақта домалақшаларын лотокқа тастау.

• қоршаған ортаны ластамау үшін

7. Қолды жуу және қүрғату.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

8. 20-30 минуттан кейін дене температурасын өлшеу.

• шара дұрыс өткізілсе дене қызуы 0,2 градусқа төмендейді

Ескерту:

  1. Сүртуді әр 10-15 минут сайын қайталап отыру қажет.

Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу қажет.