Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

І. Операция-танымдық кезеңі Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

  1. Гломерулонефриттер: Жіті және созылмалы гломерулонефриттердің анықтамасы

  1. Себептері

  2. Патогенезі

  3. Гломерулонефриттің клнникалық синдромдары

  4. Нефриттік гломерулонефриттің клнникалық синдромдары

  5. Нефроздык гломерулонефриттің клнникалық синдромдары

  6. Аскынулары

  7. Диагностикалау әдістері

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

  1. Күтім жасау, емдеу принциптері

  2. Емдәм мен күтім жасау рөлі

  3. Емңің ерекшеліктері

  4. Сыркаттанатын наукас балаларға диспансерлік бакылау жүргізу принциптері

  5. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы және пиелонефриттер анықтамасы

  6. Зәр шыгару жүйесі дамуында даму акаулары мен баска да туа біткен ауытқулардың рөлі

  7. Ерте жастағы балалардағы ағымының ерекшеліктері

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

  1. Диагностикалау әдістері

  2. Зәр шығару жүйесінің инфекцияларын емдеу және алдын алу принциптері

  3. Бүйрек функциясының жіті және созылмапы жеткіліксіздігі

  4. Себептері. Патогенезі. Аурудың өршу механизмі. Жіктемесі. Басты синдромдары

  5. Консервативті жолдармен емдеу принциптері

  6. Гемодиализ, перитонеалды диализ

  7. Балалардағы бүйрек трансплантациясы

№2 қосымша

Жаңа материалды белсенді меңгеруге студенттерді даярлау кезеңі алгоримдер

Зәр бөлу жүйесін зерттеу әдістері

І. Ш а ғ ы м д а р ы. Ең жиі кездесетіндері : зәр бөлу бұзылыстары, ісіктер, бас ауруы, бел ауруы, жүрек айну, құсу.

ІІ. А н а м н е з і. Анамнез жинағанда тұқым қуалаушылыққа, әйел жүктілігінің ағымына, баланың созылмалы инфекциялық ошақтарына, баланың ауырған жұқпаларына, нефротоксикалық дәрілерді қолдануына (антибиотиктер, сульфаниламидтер, алдын алушы егулер) назар аудару керек.

ІІІ. Қ а р а у. Қарағанда баланың тері түсіне, денебітіміне, бет және аяқ-қолдын ісіктеріне, іштің қалыпына және көлеміне назар аударған жөн.

IV. Қ о л м е н з е р т т е у (пальпациялау). Ісіктерді пальпациялау кезінде анықтауға болады. Анықтау үшін үшінші-төртінші саусақтармен маңдай немесе балтыр аймағындағы жұмсақ тіндерді астында жатқан сүйекке екі-үш секундқа басу қажет.

Екі жасқа дейінгі ауру балалар бүйрегін қолмен зерттегенде, бала арқасында сәл бүгілген аяқтарымен жату керек. Ол үшін сол қолды он екінші қабырға аймағында арқа астына орналыстырады, оң қолды баланың ішіне қойып, құрсақ қуысының артқы қабырғасына баяулап жылжытады; содан соң сол қолмен бүйректі алға таман оң қолға қарсы ығыстыру және бүйрек үстін, ауырсынуын анықтау. Толы қуықты тек кішкентай балаларда ғана қолмен зерттеледі.

V. Т ы қ ы л д а т у. Тықылдату әдістерден Пастернацкий белгісі қолданылады. Сол қолдың алақанын белге салып, оның үстін оң қолдын қырымен абайлап тықылдатады.

Ерте жастағы қыз балаларда зәрді жалпы анализге жинау алгоритмі

Көрсеткіші:

  • зәрде патологиялық өзгерістер бар екендігін анықтау

Керекті құралдар:

  • орамал, резеңке бессаусақты қолғап, екі жөргек, резенке дөнгелек, тарелке, клеенка, этикеткасы бар құрғақ таза шыны, жолдама.

Ескерту:

- шыны ыдысты сода ерітіндісімен жууға болмайды (зәр тез қышқылданьш кетеді);

- сәттен немесе жуу үнтақтарынан босаған ыдыстарды қолдануға болмайды.

- зәрді ұзақ уақыт сақтамау, себебі нысандық элементтері іріп-шіриді, зәрдің реакциясы өзгереді, ақыр аяғында зерттеудің қорытындылары өзгеріп кетуі мүмкін.

Кезеңдер

Негіздемесі

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

•анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

  1. Керекті құралдарды дайындау, клиникалық лабораторияға жолдама жазу

•шараның айқындығын қамтамасыз ету

  1. Қолға резенке бессаусақты қолғапты кию

•жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. Төсекке клеенка салу

•зәрдің төсекке түсуінің алдын алу

  1. Резенке дөнгелекті сәл үрлеп, жөргектермен орау

•суық резенке дөнгелекке тигенде бала жағынан теріс реакцияны болдырмау үшін алдын алу әрекет

  1. Клеенкаға тарелкены қойып, оның үстіне жөргектермен оралған резенке дөнгелекті орналастыру (жөргектердің шеттері тарелкаға түспегендей)

•емшектегі қызбалаларда зәр жинау үшін қажетті шарт

  1. Алдынан артқа қаратып ағынды су астында қызбаланың тақымын жуу

•жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. Жынысты мүшелерін орамалмен құрғату

•нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

  1. Қызбаланы резенке дөнгелекке жатқызу

•нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

  1. Суды краннан жіберу немесе балаңа су ішкізу

• зәр бөлуін стимуляциялау

  1. Зәр бөлінгеннен кейін баланы дөнгелектен алу

  1. Жөргекпен немесе орамалмен баланың жынысты мүшелерін кептіру

•гигиеналық комфортты жаралту үшін

  1. Жиналған зәрді абайлап тәрелкеден таза құрғақ шыныға құю

•нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

  1. Бессаусақты қолғапты шешу және қолды жуып құрғату.

•жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. 1 сағаттан кешіктірмей зәрді лабораториға жеткізуді ұйымдастыру

•нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

Шешімі:

Түсі - сабанды-сары немесе сары

Мөлдірлігі - толық

Реакциясы - қышқыл

ақуыз - 0,033% дейін

глюкоза - жоқ

кетон денелері - жоқ

ацетон - жоқ

өт пигменттері - жоқ

эритроциттер 0-1-2

лейкоциттер - 0-4

тұздар, шырыш – жоқ

Жолдама

Жалпы зәр анализі

Науқас аты – жөні

Бөлімше, палата№

Күні, мейіркеш