Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

Омфалит кезінде кіндік жарасын өндеу алгоритмі

Көрсеткіші:

• кіндік жарасының қабынуы.

Керекті қүралдар:

стерильді мақта таяқшалары - 3; 3% сутегі асқыны тотығы; 70% этил спирті; 5% калий перманганат ерітіндісі; немесе бриллиант жасылының спиртті ерітіндісі; стерильді тамызғыш;

жөргектейтін үстөлдегі жөргектеуге арналған жинақ; резеңке қолғап; колданылған заттарға арналған лоток; дезерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш.

Кезеңдер

Негіздемесі

1Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету

2. Керекті қүралдарды дайындау.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату, резеңке қолғап кию.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

4. Жөргектейтін үстөлді дезерітіндімен өндеп, оның үстіне жөргек төсеу.

• жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету

• балаға жағымды жағдай тудыру

5.Баланы отырғызу немесе үстөлдің үстіне жатқызу.

• балаға ыңғайлы жағдай тудыру

6. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.

• кіндік жарасының түбіне жетуді қамтамасыз ету

7. Кіндік жарасына тамызғыштан 1-2 тамшы сутегі асқыны тотығының ерітіндісін тамызу, кіндік жарасында пайда болған «көбікті» стерильді мақта таяқшаларымен атып тастау (іштен сыртқа қарай).

• кіндік жарасының механикалық тазартуына жету

8. Кіндік жарасын (керек жағдайда) 5% калий перманганат немесе жасыл бриллианттың ерітіндісімсн күйдіру (жара маңы терісіне тигізбей).

9. Кіндік жарасының шеттерін керілген жағдайда сақтай тұрып, ішінен сыртқа қараған қимылмен 70% этил спиртіне малынған стерильді мақта таяқшасы арқылы өндеу, таяқшаны лотокқа тастау.

10. Ішінен сыртқа қимылымен 70% этил спиртіне малынған стерильді мақта таяқшасы арқылы кіндік жарасының аймағын өндеу (таяқшаны лотокқа тастау).

• залалсыздандыру және құрғату ңәтижелерді қамтамасыз ету.

11. Мақта таяқшасы көмегімен (қажет болған кезде) 5% калий перманганат ерітіндісімен немесе бриллиант жасылының спирт ерітіндісімен кіндік жарасын өндеу (таяқшаны лотокқа тастау) .

• залалсыздандыру және құрғату нәтижелерді қамтамасыз ету.

• калий перманганаттың «күшті» ерітіндісі теріні күйдіруі мүмкін.

12.Баланы жөргектеп төсекке жаткызу.

•баланың қауіпсіздігіні қамтамасыз ету

13.Жөргектейтін үстөлден жөргекті алып кір жөргекке арналған қапқа салу, жүмыс үстөлін дезерітіндімен сүрту.

14. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және қүрғату.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету