Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жылытқышты қолдану

Көрсеткіші: жергілікті жылыту, тартылу және ауырысынуды басатын қүралретінде пайдаланады

Көрсеткіштері: терінің, буындардың жергілікті қабыну үрдістері; қызба кезінде, мұздау, іш қуысындағы созылмалы қабыну үрдістеру (созылмалы тастрит және т. б.), дәрігердің тағайындауы бойынша

Қарсы көрсеткіштері: іш қуысындағы жіті қабыну үрдістері (жіті соқыр ішек, холецистит, панкреатит, перитонит және т. б.); ішкі қан ағулар, соққы алудың бірінші сағаттарында, тәулігінде; инфекцияланған жаралар; қатты қызба, ісіктер; маститтер; тромбофлебиттер; терінің жаралануы, қатерлі ісіктер

Керекті күралдар: жылытқыш; ыстық су (60-70°С); жөргек; су термометрі.

Кезеңдері

Негіздемесі

  1. Баланың анасымен не баламен кездеспей тұрып, ол туралы мәлімет жинау.

Сыпайы түрде оған өзін таныстыру. Оны қалай атауға болатынын нақтылау. Осындай манипуляцияны бұрын жасағаны туралы, қандай себеппен, оны қалай көтергенін анықтау.

• баланың анасымен және баламен қарым-қатынас орнату.

2. Емделушіге болатын емшараның мақсаты мен жасалу ретін түсіндіру.

•манипуляцияға психологиялық тұрғыда дайындау.

3. Оның келісімін алу

• анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

4. Қажетті жабдықтарды дайындау

емшараның тиімді өтуін қамтамасыз ету

5. Қол жуу (әлеуметтік денгей)

•инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

6. Жылытқышқа 2/3 бөлігіне дайындалған суды құю, мойнынан қысып, ішіндегі ауаны шығарып, ауызын тығынымен бекіту.

•жылытқыштың денемен жақсырақ түйісуін қамтамасыз ету. Баланың терісінің күюінен сақтау.

7. Жылытқышты, ауызын төмен қаратып, жөргекпен орау.

•герметикасын тексеру. Терінің қатты ысуынан қорғау.

8. Жылытқышты дененің керек жеріне 20 минутқа қою. Қажетті жағдайда (дәрігердің тағайындауымен), егер жылытқышты ұзағырақ ұстау қажет болса, әр бір 20 минут сайын 15-20 минуттық үзіліс жасау керек.

•терінің жергілікті қатты ысуының және күюдің алдын алу.

9. 20 минуттан соң жылытқышты алып тастау.

•әрі қарай жылытқышты ұзақ устау ішкі ағза тамырларының парезіне әкеп соғады.

10. Баланың жылытқыш қойған жеріндегі терісін қарау.

•терінің сезімталдығын бағалау: тері түсі сәл қызару тиіс.

15. Баланың жағдайын сүраңыз. Өзін жақсы сезінетініне көз жеткізіңіз.

•психологиялық комфортты қамтамасыз ету.

16. Жылытқыштағы суды төгу. Оның залалсыздандырылуын жасау

•инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

17. Қолды жуып, кептіру (әлеуметтік деңгей).

•инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

18. Емшараны орындау туралы және баланың емшараға реакциясы туралы стационарлық науқас картасына немесе амбулаторлық картаға (егер емшара үйде жасалса) жазыңыз.

•медбикелік күтім сабақтастығын қамтамасыз ету.

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы