Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Нәрестенің және ерте жастағы баланың жыныс мүшелерін жуу алгоритмі

Көрсеткіші:

  • дене гигиенасын сақтау;

  • баланың таза болу кажеттілігін қанағаттандыру;

  • таза жүру әдетін қалыптастыру

Керекті құралдар:

ағынды су (температурасы 37-38°С);

  • дәке салфеткалары, мақта домалақшалары;

  • сүлгі немесе жұмсақ жөргек;

  • стерильді өсімдік майы;

  • жөргектейтін үстөлдегі таза жөргектеуге арналған жинақ немесе киімдер;

  • резеңке қолғап;

  • дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш,

  • кір киімдерге арналған қап.

Ескерту:

  • үлкен дәреттен кейін міндетті түрде жыныс мүшелерін жуу;

  • тек қана ағынды сумен жуу;

  • әр кіші дәреттен кейін жыныс мүшелерін жумауға болады

Кезеңдер

Негіздемесі

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

• баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету

2.Керекті қүралдарды дайындау.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3.Ағынды судың температурасын реттеп алу (орьндаушы өзінің білегіне тексереді).

• күйіктердің алдын алуы

4.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

5. Баланың кірленген киімдерін шешіп кір киімге арналған қапқа салу.

• баланы шара өткізуге әзірлеу

• қоршаған орта тазалығын сақтау мақсатымен

6.Баланы сол қолдың білегіне және алақаны- на салу, баланың басы орындаушының сол білек буынында болуы қажет

•балаға жағымды жағдай тудыру

7.Дәке салфеткасымен ағынды судың астында жыныс жолдарын жуу.

Есте сақтау! Қыз балаларды - тек алдынан артқа және жогарыдан төмен бағытта жуу қажет

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

8.Баланы дезерітіндімен оңделген үстөлдің үстіне жатқызып жыныс мүшелерінің терісін жөргекпен немесе сүлгімен абайлап құрғату.

• гигиеналық жағымды жағдай тудыру

• тоңазу қауібін төмендету

9.Тері қыртыстарын қайнатылған өсімдік майымен сылау.

• базданудың алдын алуы

10.Балаға таза киім кигізу.

• балаға жағымды жағдай тудыру

11.Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу жөне қүрғату.

• жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы Гигиеналық ваннаны Өткізу алгоритмі

Көрсеткіші:

  • дене гигиенасын сақтау;

  • баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру;

  • таза жүру әдетін қалыптастыру;

  • баланы шынықтыру.

Керекті құралдар:

  • шомылдыруға арналған ванна;

  • ваннаға арналған жөргек;

  • су температурасы 36 -37° С шайындыруға арналған суы бар құмыра;

  • су термометрі;

  • түкті қолғап; бала сабыны; 5% калий перманганат ерітіндісі;

  • үлкен жүмсақ сүлгі;

  • жөргектейтін үстөлдегі жөргектеуге арналған таза жинақ немесе киімдер;

  • стерильді өсімдік майы немесе бала үнтағы;

  • резеңке қолғап;

  • дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

  • жылы су (37-38° С), 2-3 айлық балаларға - қайнаған су;

  • дәке салфеткасы,

  • кір киімдерге арналған қап.

Ескерту

  • Алғашқы гигиеналық ваннаны кіңдік жарасы жазылғаннан кейін өткізу қажет.

  • Тамақтандырғаннан кейін бірден суға түсіруге болмайды.

  • Суға түсіргенде бөлме температурасы 22-24°С болу тиісті.

  • Ваннадағы судың температурасын тек су термометрінің көмегімен анықгалады.

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Нәрестенің анасына (туыстарына) шараны өткізу жолын түсіндіру.

• баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету

2. Керекті қүралдарды дайындау.

Ваннаның ішін дезерітіндімен өңдеу.

• шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету

3.Ваннаны тұрақты жағдайда орналастыру.

• шара өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, қүрғату, қолғапты кию.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

5.Ваннаның ішін дезерітіндімен залалсыздандыру

6. Ваннаның ішін шөткемен жуып, қайнаған сумен шаю.

7. Ваннаның түбіне бірнеше қабатталған жөргекті төсеу, су термометрін салу.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

•Балаға жағымды жағдай тудыру

8. Жөргектейтін үстөлді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу.

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

•балаға жағымды жағдай тудыру

9.Ваннаның түбіне бірнеше рет бүктелген жөргекті салу (жөргектің шеттері ваннаның қабырғаларына жетпеуі тиіс)

•балаға жағымды жағдай тудыру

• ваннада жөргектің дұрыс жағдайын сақтау

10. Ваннаға су термометрін салу.

11. Ваннаны 1/2 немесе 1/3 бөлігіне дейін температурасы 37-38° С суға толтыру.

Ескерту: а) ваннаны суға толтырғанда салқын суды ыстық сумен кезекпе-кезек құю;

б) су температурасын тек термометр көмегімен тексеру.

• күйіктердің алдын алуы

• баланың қауіпсіздігін сақтау

• көп мөлшерде будың пайда болуын шектеу

12.Ваннадан баланы шайындыруға арналған суды құмыраға толтырып алу.

• баланы суға түсіріп жатқанда құмырадағы су 1 - 2° С дейін салқындап шынықтыру эффектін қамтамасыз етеді.

13. Баланы шешіндіру (керек жағдайда жыныс жолдарын ағынды сумен жуу).

14.Баланың шешкен киімдерін кір киімге арналған капқа салу.

• баланы суға түсіруге әзірлеу

• қоршаған орта кірленуінің алдын алуы

15. Сол қолмен арқасы мен желкесін, оң қолмен жамбасы мен балтырларын сүйеп баланы қолға алу.

16. Баланы абайлап суға салу (әуелі - аяғы мен жамбасын, одан кейін денесінің жоғары болігін). Су деңгейі баланың тек сүт бездерінің сызығына дейін жетуі керек, кеуденің үстіңгі бөлігі ашық қалады.

17.Сол қолмен баланың басы мен денесінің жоғарғы бөлігін сүйеп түрып оң қолды босатып алу.

• бұлшық еттерінің максималды босансуы қамтамасыз етіледі

• баланың қатты ысуы (ыстықтауы) жойылады

• шараны өткізгенде баланың ең ыңғайлы фиксациясы

• баланың құлақ жолдарына су түспеуінің алдын алуы

18. «Қолғапты» бос қолға киіп (керек болса сабындап алу керек), баланы келесі кезекте жуындырады: бас (маңдайдан желкеге) - мойын - дене - аяқ-қолдары (әсіресе табиғи қыртыстарын жақсылап жуу).

Ең соңында жыныс мүшелері мен жамбас арасын жуу.

• тері жарақаттануының алдын алуы

• баланың көзіне су мен сабын түспеуінің алдын алуы

• терінің ең кірлеген жерлерінен басқа жерлеіне көшірудің алдын алу

19. Қолғапты шешіп баланы судың үстінде көтеріп үстау. Баланың бетін төмен қаратып аудару.

• Баланы құмырадағы арнайы сумен шайындыру (су 35-36° С дейін салқындайды).

• жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

• баланың көзі мен құлағына су түспеуінің алдын алуы

• шынықтыру эффектін қамтамасыз ету

20. Балаға сүлгіні жауып жөргектейтін үстөлге жатқызу.

21.Баланы абайлап қүрғата сүрту.

• бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету

• тері қабатының тітіркенуінен сақтау

22. Табиғи қыртыстарын стерильді өсімдік майымен немесе бала үнтағымен өңдеу.

• базданудың алдын алуы

23. Баланы жергектеп төсекке жатқызу.

•балаға жағымды жағдай тудыру

24. Жөргектейтін үстөлдегі жөргек пен «қолғапты» кір киімге арналған қапқа салу.

(қолғапты міндетті түрде қайнату)

25. Ваннадағы суды төгіп, оны шаю.

26. Ваннаның ішін және жөргектейтін үстөлдің үстін дезерітіндімен сүрту.

27.Қолғапты шешу, қолды жуып, кептіру.

• жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету