Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОДГОТОВКИ 410 КАЗдетство.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Баланың бас шеңберін өлшеу алгоритмі

Көрсеткіші: баланың дене дамуын анықтау

Керекті құралдар:

  • сантиметрлік таспа,

  • салфетка, спирт,

  • қағаз, қалам

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2. Керекті кұралдарды дайындау

шараның айқындығын қамтамасыз ету

3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қурғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию.

4.Сантиметрлік таспаны спиртпен дымдалған салфеткамен екі жағынан сүрту.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

5.Баланы отырғызу немесе жатқызу

бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру

6. Сантиметрлік таспаны баланың басына келесі ориентирлер бойынша салады:

а) артынан – шүйде дөңесі бойынша,

б) алдында – қабак үсті доғасы.

7. Қорытындысын баланың даму тарихына жазып алу

8. қорытындысы туралы анасына хабарлау

нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

тексеру қорытындысын құжаттандыру

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

Ескерту. 1. Бөлменің температурасы 22 – 240 С төмен болмау керек. Өлшемдерді тәуліктің бірінші жартысында өткізген жөн.

2. Баланың әр түрлі бөліктер айналымын баланың көңіл- күйі жақсы, тыныш кезінде, мұқият өлшейді.

Баланың кеуде шеңберін өлшеу алгоритмі

Көрсеткіші:

• баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • сантиметрлік таспа,

  • салфетка, 70% этил спирті

  • қағаз, қалам

Кезеңдер

Негіздемесі

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

2. Керекті құралдарды дайындау

шараның айқындығын қамтамасыз ету

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию.

4.См таспаны спиртпен дымдалған салфеткамен екі жағынан сүрту.

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

5.Баланы отырғызу немесе жатқызу

бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру

  1. Сантиметрлік таспаны бала кеудесі торының келесі бағыттары бойынша салу:

  • артқы жағында - жауырынның астыңғы бұрышы

  • алдыңғы жағында – емшек ұшы маңы айналасының астыңғы шеті (пубертатты жастағы қыз балаларда сүт бездері үлкейгенде- 4 қабырға).

нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету

7.Қорытындысын жазып алу

тексеру қорытындысын құжаттандыру

8. Салфетканы бойөлшегіштен алып тастау

жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету