Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика мамандыкка кереспе.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669 Кб
Скачать
☆

2. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері

  1. Оқу материалын іске асыру бойынша оқытушылық жұмыстары.

  2. Тәрбие беру жұмыстары.

  3. Оқытушылардың өздігінен білім алулары мен өзін-өзі тәрбиелеуі.

  4. Басқарушылық әрекет.

  5. Ғылыми-зерттеу жұмыстары.

  6. Мектептен тыс жұмыстар.

  7. Әдістемелік жұмыстар.

  8. Ұйымдастырушылық жұмыстар.

3. Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары

Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары:

  1. Диагностикалық.

  2. Бағыттылық-болжамдық.

  3. Конструктивтік-жобалық.

  4. Ұйымдастырушылық.

  5. Ақпараттық-түсіндірмелік.

  6. Коммуникативтік-ынталандырушылық.

  7. Аналитикалық-болжаушылық.

  8. Гностикалық.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,11,12,13,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 1,3,4,5,7,12,13,14.

№5 дәріс тақырыбы. Педагогикалық білім жүйесі

1. Білім беру жүйесі туралы жалпы түсінік.

2. Үздіксіз білім беру жүйесі.

3. 12 жылдық білім беру жүйесі

1. Білім беру жүйесі туралы жалпы түсінік.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.

Яғни, білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі .

Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.

Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері.

• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; •  азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; •  Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау; •  жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту; •  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.

2. Үздіксіз білім беру жүйесі.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.

Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.

Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар).