- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігі
- •«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша
- •Қарағанды 2012
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту нәтижелері
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Үй бақылауы:
- •Рейтинг-шкала
- •1.10 Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •1.9 Баға туралы ақпараттар
- •2.2. Лекциялық сабақтар тезистері.
- •1. Қазіргі замандағы білім беру.
- •2. Білім беру философиясының негізгі ұғымдары.
- •3. Білім беру – құндылық ретінде.
- •4. Білім беру – жүйе ретінде.
- •5. Білім беру іс-әрекет және процесс ретінде.
- •1. Жеке тұлға – туралы түсінік және педагогикада оған сипаттама.
- •2. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің тұжырымдамасы.
- •3. Үздіксіз білім мұғалімнің кәсіби-тұлғалық өсуінің басты шарты ретінде
- •1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті.
- •2. Педагогикалық мамандықтың тарихы.
- •1.Педагогикалық іс-әрекет түсінігі.
- •2. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері
- •3. Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары
- •1. Білім беру жүйесі туралы жалпы түсінік.
- •2. Үздіксіз білім беру жүйесі.
- •3. 12 Жылдық білім беру жүйесі.
- •1. Құзыреттілік ұғымына түсінік.
- •2. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі, оның құрылымы
- •1. Құндылық, рухани құндылық туралы түсініктер.
- •2. Педагогикалық мамандық қоғамның рухани құндылықты бағыт-бағдары.
- •2. Мұғалім мамандығының әлеуметтік педагогикалық мәні
- •1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттардағы мұғалімге қойылатын талаптар.
- •2. Жаңа форматтағы мұғалімнің сипаты.
- •1. Педагогикалық жобалаудың мәні
- •Педагогикалық жобалаудың кезеңдері мен формалары
- •1. Педагогикалық қарым-қатынас мәні мен мазмұны
- •2. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары
- •3. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы
- •1. Педагогтың сөйлесу техникасы және сөйлеу мәдениеті.
- •2. Сөйлеу техникасы: тыныс алу, дауысы, дикциясы, ритмика
- •1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.
- •2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі.
- •3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.
- •4. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі.
- •1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті.
- •2. Педагогикалық мамандықтың тарихы.
- •3. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жайлы.
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары қарастырылмайды.
- •2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмайды.
- •2.5. Оқытушы жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •Тапсырма 1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын талдаңыз
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмысының сабақ жоспары
- •2.6.2 Курстық жұмыс оқу жоспарында қарастырылмаған.
- •2.7. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету.
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша
2. Жаңа форматтағы мұғалімнің сипаты.
Білім беруді реформациялау және мамандарды (мұғалімдер) қайта даярлау мәселесі білім беруде келешегі кемел және жүйені құрастырушы сала ретінде қарастырылады. Болашақ мұғалімді даярлау үздіксіз педагогикалық білім беру сипатын алуда, ол педагогикалық колледждерде, институттарда, универсиеттерде жүзеге асады, бұл ретте университеттік білім беруге көшу басты міндет болады.
- Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық даярлау мақсаты қайта қарастырылады, педагогикалық білім беру мазмұны жаңартылады, жаңа оқу жоспарлары құрастырылады, бағдарламалар коррекцияланады.
- Болашақ мұғалімді оқытудың мерзімі ұзартылады, практикалық даярлығы күшейтіледі.
- Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімді кәсіби даярлау жүйесі көп деңгейлі болып табылады.
- Жас маманның педагог-үйренуші немесе мұғалімнің көмекшісі ретінде бейімделуіне арнайы уақыт бөлінеді.
- Қоғамның қажетілігі ескеріліп, педагогикалық білім берудің иілгіш жүйесі қалыптасады, университеттер мен колледждерде дарынды және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге арналған педагогикалық кадрлер даяарлау бойынша мамандандырылған педагогикалық бөлімдер ашылады, интеграцияланған даярлық белсендендіріледі.
- Жас мұғалімдер біліктілігінің қалыптасуы олардың квалификацияларын арттырудың түрлі формалары (мұғалімдік орталықтар, қашықтықтан оқыту, «ауадағы университет») арқылы өтеді, бұл ретте, екінші мамандық алу қарастырылған.
Жоғары педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына сәйкес, Қазақсан Республикасындағы жоғары білім берудің мақсаты жаңа форматтағы кәсіби компетентті педагог даярлау болып табылады, ол мектеп оқушысының тұлға ретінде қалыптасуы, дамуы проблемасының шешіміне шығармашылықпен жақындай алуы тиіс.
Жаңа форматтағы мұғалім – рефлексияға қабілеттілігі, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарындылығы және жаңаға ұмтылысы бар рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Бұл қасиетер мен мінездемелердің қарапайым (мұғалімдік мамандықтар бойынша кәсіби мінездемелерде дәстүрлі түрде баяндалғандай) жиынтығы ғана емес, бүтін динамикалық білім беру, оның логикалық орталығы мен негізі оның әлеуметтік және кәсіби позициясын құрастырған мұқтаждалған-мотивацияланған орта болып табылады.
Педагогикалық жоғары оқу орнының ақпаратты-білім беру ортасын қалыптастыру кәсіби даярлықтың басты мақсатына сәйкес болу тиіс. Мұнда болашақ мұғалімдердің білімі мен тәжірибелік әрекеті кәсіби қызмет объектісінің – педагогиаклық үрдістің бүтіндігі – ерекшеліктеріне адекватты болуы шарт.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 23
Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 22, 23, 24
№10 дәріс тақырыбы. Педагогикалық жобалау мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекше түрі ретінде
Жоспар
Педагогикалық жобалаудың мәні
Педагогикалық жобалаудың кезеңдері мен формалары
1. Педагогикалық жобалаудың мәні
Жобалау әдісі білім беру ресурсы ол оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту. Жобалау әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Төменде көрсетілетіндей Е.С Полат жобалау әдісі жаңа педагогикалық технологиялар дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді.
Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс-сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді.
Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді.
Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір-біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым-қатынасқа бейімділік, бір-біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Мұнда бәсекелесу, күндеу, менмендік, дөрекілік, авторитарлық сияқты дәстүрлі педагогикамен жиі қалыптасатын қасиеттер жобалау технологиясымен қиылыспайды.
Қазіргі таңда жобалау технологиясы өте мұқиат шет және өз еліміздің әдіскерлерімен зерттелуде: И.Л Бим ,И.А Зимний ,Т.Е Сахоровой, О.М Моисеевой, Е.С Полат, И Чечель, L Fried-Booth,T Hutchinson, D Phillips және т.б. Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру үрдісін көрсетеді.
Жобалау әдістемесі жаңа педагогикалық жеке тұлғаға бағытталған технология ретінде гуманистік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:
Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;
Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау;
Педагогикалық жобалау –кез келген мұғалімнің кәсіби қызметі(оқушылармен өзара қарым қатынас жасау мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін іздестіру) болып табылады.
Педагогикалық жобалау алдыңғы іс-әрекетке қолайлы жағдайлар туғызу және оның нәтижелерін алдына ала болжау.
Педагогикалық жобалаудың обьектісі: педагогикалық жүйелер, педагогикалық процесс, педагогикалық жағдаяттар
Педагогикалық процесс мұғалім үшін жобалаудың басты обьектісі.
