Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика мамандыкка кереспе.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669 Кб
Скачать
☆

2.3 Семинар сабақтарының жоспары қарастырылмайды.

2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмайды.

2.5. Оқытушы жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.

№1 СОӨЖ тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Қазіргі замандағы білім беру жайлы түсінік беріңіз.

Тапсырма 2. Білім беру философиясының негізгі ұғымдарына талдау жасаңыз.

Тапсырма 3. Білім беру – құндылық ретінде, жүйе ретінде, іс-әрекет және процесс ретінде дегенді түсіндіріңіз.

Әдістемелік ұсыныстар: талқылау жұмыстарын жүргізу кезеңінде қойылатын талаптарға студенттердің назарын аудару қажет.

Өткізу формасы: пікір талас.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,15,25,45

№2 СОӨЖ тақырыбы. Жеке тұлға, оның қазіргі қоғамдағы мәселелері және үздіксіз білім мұғалімнің кәсіби-тұлғалық өсуінің басты шарты ретінде

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Жеке тұлға және педагогикада оған сипаттама қалай берілетінін түсіндіріңіз.

Тапсырма 2. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің тұжырымдамасына толық түсінік беріңіз.

Тапсырма3. Мұғалім тәрбие мен білім беру саласында атқаратынын рөлін нақты мысалдар арқылы көрсетіңіз.

Өткізу формасы: топпен бірлескен жұмыс жүргізу, бірігіп талдау

Әдістемелік ұсыныстар: осы аймақты білімін кеңейтуге және тереңдетуге студенттердің өз бетімен жұмыс істеуі керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 9,10,11,12,13,14,15,54

№3СОӨЖ тақырыбы. Педагогикалық мамандық және оның дамуының қазіргі қоғамдық қайта құру жағдайындағы негізгі бағыттары

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті жайында жағдаяттар құрып, талдаңыз.

Тапсырма 2. Педагогикалық мамандықтың шығу тарихы мен даму кезеңдерінен түсінік беріңіз (жылдар, педагогтар, ұсынылған идеялар).

Тапсырма 3. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының жаңа кезеңдегі түбегейлі өзгеруі жайлы дәлелдеңіз.

Тапсырма 4. ҚР-ң «Білім беру туралы заңы», «ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасындағы, «ҚР-ы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерінің орындалуы жайлы айтыңыз.

Өткізу түрі: топпен бірлескен жұмыс жүргізу

Әдістемелік ұсыныстар: ұсынылған әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды, оқылған дәріс мәтіндерін пайдалану арқылы қойылған талаптарды ескере отырып орындау қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,12

№4 СОӨЖ тақырыбы. Педагогикалық әрекет және оның негізгі аспектілері

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет құрылымын өзара байланысты үш компонентін бөліп көрсетеді: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативтік. Осы педагогикалық іс-әрекеттің функциональдық түрлерін жүзеге асыру үшін қазіргі заман мұғаліміне қандай қабілеттіліктер қажет?

Тапсырма 2. Мерзімді басылымдардан осы тақырыпқа қатысты мақалаларды қарастырып, оған аннотация жазып көріңіз.

Өткізу формасы: практикалық жаттығу

Әдістемелік нұсқаулар: Аталмыш тапсырмаларды орындау үшін ұсынылған әдебиеттерді, мерзімді баспасөз материалдарын пайдалану қажет, сонымен қатар озық төжірибемен жете таныса отыра тақырыптарды еркін меңгеруді мақсат етіп қою керек. Материалды жүйелей білу, фактілерді талдай білу, қорытындылай білу, тұжырым жасай білу. Аннотация жазуға қойылатын талаптарды ескеруіңіз қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 11,16,17,18,19,20,21

№5 СОӨЖ тақырыбы. Педагогикалық білім жүйесі Педагогикалық білім жүйесі

Тапсырмалар: