Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика мамандыкка кереспе.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669 Кб
Скачать
☆

4. Білім беру – жүйе ретінде.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының бірінші тараудың 8-ші бабында, төмендегі міндеттер көрсетілген:

Білім жүйеснің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау.

Білім беру жүйесінің басым міндеттері мыналар болып табылады:

  • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

  • азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуы, сондай-ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

  • Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

  • жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;

  • әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру;

  • білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;

  • оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу; алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамуына жәрдемдесу.

5. Білім беру іс-әрекет және процесс ретінде.

Адам баласының іс-әрекетінде процесс термині жиі кездеседі. Мысалы, еңбек процесі, технологиялық процесс, биологиялық процесс т.б.

Процесс – бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады. Оқыту процесін алсақ – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады.

Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,15,17

Қосымша әдебиеттер: 4,5,8,25

№2 дәріс тақырыбы. Жеке тұлға, оның қазіргі қоғамдағы мәселелері және үздіксіз білім мұғалімнің кәсіби-тұлғалық өсуінің басты шарты ретінде

  1. Жеке тұлға – туралы түсінік және педагогикада оған сипаттама.

  2. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің тұжырымдамасы.

  3. Үздіксіз білім мұғалімнің кәсіби-тұлғалық өсуінің басты шарты ретінде