Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика мамандыкка кереспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669 Кб
Скачать
☆

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Оқу жоспарының көшірмесі

Оқу түрі

Оқу мерзі-мі

Курс

Семестр

Несиелер

Лекциялар

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

Күндізгі

4

1

1,2

1

15

15

15

45

Емти-хан

Cыртқы

3,2

1

1,2

1

15

15

15

45

Емти-хан

1.3 Пререквизиттері (бұл курстың басталуына дейін зерттеп оқуды қажет ететін пәндер)- білім беру стандарттарында қарастырылған бастауыш, жалпы және кәсіптік мектептердегі; арнайы мектептердегі; орта техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріндегі оқу пәндері

1.4 Постреквизиттері: Педагогика, Этнопедагогика, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:

“Педагогикалық мамандыққа кіріспе” курсының студенттерді болашақ мұғалімдер ретінде дайындау жүйесінде алатын ерекше орны бар.

Пәннің мақсаты: студенттердің болашақ кәсіптік қызметінің жалпы сипатымен таныстыру, кәсіптік қызмет, кәсіптік біліктілік, кәсіптік өзін-өзі тәрбиелеу негіздерімен қаруландыру болып табылады.

Пәннің қысқаша мазмұны: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, прнициптері мен заңдылықтары және оның даму тарихымен байланысты бірқатар мәселелерді қарастыруды көздейді, сондай ақ курстың мазмұнында болашақ мұғалім тұлғасының адамгершілік қасиетіне, педагогикалық іс-әрекеттің стильдеріне, педагогикалық қарым-қатынасқа, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктеріне, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне баса назар аударылады. Болашақ педагогтарда қәзіргі кездегі тәрбие, оқыту және білім беруді басқарудағы өзекті проблемалар туралы білімдер, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, оқушылар ұжымын ұйымдастыру және басқару іскерліктерін, мұғалім мамандығына ынтасын, қызығушылығын қалыптастыра отырып білім нәрімен қаруландырады.

Силлабус лекциялардан басқа, студенттердің оқытушымен өз бетімен атқаратын және өз бетімен жұмыстарын қоса ескереді.

«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсы емтихан тапсырумен аяқталады.

Оқыту мақсаты: студенттерді болашақ кәсіби- педагогикалық іс-әрекетінде қажетті ғылымының негіздерімен қаруландыру.

Курстың міндеттері:

Оқыту міндеттері:

- болашақ мұғалімнің әрекетінде кәсіби – педагогикалық білім және біліктердің маңыздылығын аша отыра меңгерту;

- болашақ мұғалімінің кәсіби-педагогикалық әрекеті, оның жалпы педагогикалық және арнайы кәсіби қызметі туралы алғашқы білім негіздерін қалыптастыру;

- мұғалім мамандығының ізгілік, мәдениеттану, коммуникативтік және шығармашылық мәнін негіздей отыра, студенттердің аталмыш мамандыққа деген қызығушылығын арттыру;

- кәсіби-педагогикалық өзін-өзі дамыту негізде болатын мұғалімнің өз бетімен қажетті кәсіби және жеке бас қасиеттерін жетілдіруге ықпал ету;

Студенттердің міндеттері:

- педагогикалық мамандық туралы алғашқы білім негіздерін меңгеру;

  • болашақ мұғалімінің кәсіби-педагогикалық әрекеті, оның жалпы педагогикалық және арнайы кәсіби қызметі туралы білу;

  • педагогтарға қойлатын талаптарды білу;

- ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен өзіндік жұмыс істеу іскерлігін меңгеру.

Студент курсты оқу кезінде келесі талаптарды орындау керек:

  1. Жоғары мектеп студенттеріне арналған негізгі оқу әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, қажетті материалдарды меңгеру;

  1. Ғылыми теоретикалық және жазба басылымдарын зерделеу, жалпы ақпараттық құралдар (ЖАҚ);

  2. Бақылау жұмыстар, тест көмегімен алған білімдерін тексеру;

  3. Оқылып отырған курс бойынша жазылған рефераттар процессі арқылы алған білімдерін тереңдету және бекіту.

Сабаққа қатысу міндетті болу керек. Сабақты босату оны оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей толық көлемде өтеледі. Себепсіз курстың үштен бір бөлігінен артық босату курстан босатылуға әкеліп соғады.

Студент сабаққа кешікпеуі керек, өзінің ұялы байланыс телефонын сөндіріп тастап, оқу процесіне белсенді түрде қатысып отыруы керек.