Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика мамандыкка кереспе.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669 Кб
Скачать
☆

2. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары

Педагогикалық қарым-қатынас мынадай функциялар атқарады:

  • хабар - алмасу функциясы;

  • жеке адамды танып білу функциясы;

  • өзін-өзі танып білу - өзін-өзі реттеу функциясы.

Хабар алмасу функциясы - оқу тәрбие жұмысындағы жағымды мотивтерді тудырады. Рухани материал алмасуды жасайды. Бірлесіп ойлау - ізденуге мүмкіндік жасайды.

3. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы

Педагогикалық қарым-қатынастың мына төмендегідей құрылымдары болатындығын атап көрсетуге болады:

  • қарым-қатынасты моделдеу кезеңі;

  • қарым-қатынасты ұйымдастыру кезеңі;

  • жүзеге асырылған қарым-қатынасты талдау кезеңі.

Негізгі әдебиеттер: 1, 5,6,8,9,10,12,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 1,3,4,5,6,7,10,11,12,14.

№12 дәріс тақырыбы. Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде

Жоспар

1. Педагогтың сөйлесу техникасы және сөйлеу мәдениеті

2. Сөйлеу техникасы: тыныс алу, дауысы, дикциясы, ритмика

1. Педагогтың сөйлесу техникасы және сөйлеу мәдениеті.

Мұғалімнің педагогтық шеберлігінің басты бір белгісі-оның сөз байлығынан, сөйлеу мәдениетінен байқалады.

Мұғалім сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлелдігімен баурап алып кетеді. Оның сөз оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар.

А.С.Макаренко мұғалімнің сөйлеу қасиетіне былай деп мән береді: „Оқушылар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек“, Өз сабағында жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөзі арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер мұғалім өз сөзіне немқұрайды қарайтын болса, оқушылар оны бірден байқап қалады. Оның білімі мен тәртібіне кері әсер етеді.

Мұғалім педагогикалық сөйлеу функцияларын дұрыс жүзеге асыру керек. Сөйлеу функциясы мыналарды жүзеге асырады:

а) Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты орнатады. ә) Балалардың санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп оны қалыптастырады.

б) Оқу материалының оқушылардың санасында қабылданып, нығайтылуына әсер етеді.

в) Оқушылардың білім және тәжірибе жұмыстарын дұрыс ұштастырып үйлестіреді.

Мұғалімнің коммуникативтік мәнерінде сипатталатын сөйлеу тоны, қозғалысы, келбет-пішіні. Мұғалімінң сөйлеу тілінің коммуникативтік өлшем сапасы.

2. Сөйлеу техникасы: тыныс алу, дауысы, дикциясы, ритмика

Сөйлеудің жылдам, жай болуы - дауыс ырғағына байланысты. Эксперименттік тәжірибелерге қарағанда үлкен адамдар бір минутта 120-150 сөз айтуға болады. 5-6 сыныптар үшін "60" сөзден, 9-11 сыныптар үшін 75-100 сөзден аспағаны дұрыс. Материалдың қиындау жерін жай айту, одан жеңілдеу материалды тез айту, белгілі дауыс ырғағын дұрыс қолдануға байланысты. Дауыстың мәнерлі болуы үшін логикалық, психологиялық паузаны пайдалану керек. Өзіңнің дауысыңды бағалағаннан кейін: тыныс алу, дикцияны жөндеу, дауыс байланысын жөндеу, оймен байланыстыру қажет.

Мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысына жаттығу, метафора, эпитет, теңеу. Сөйлеу техникасы: дауыс, дикция, тыныс, тыныстау.

Негізгі әдебиеттер:17,19,23,33

Қосымша әдебиеттер:2,3,4,5,6,18

№13 дәріс тақырыбы. Жоғары педагогикалық білім жүйесіндегі педагогикалық практика

Жоспар

1.ЖОО студентерінің оқу-тәрбие практикасын ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері

2. Оқу-тәрбие практикасын ұйымдастыру және өткізу.

1.ЖОО студентерінің оқу-тәрбие практикасын ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері. Үздіксіз оқу-тәрбиепрктикасының негізгі мақсаты: студенттердің университетте алған теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесінде жан-жақты қолдану іскерліктерін қалыптастыру.

Оқу-тәрбие прктикасының міндеттері:

-студенттердің жоғары оқу орнында алған білімдерін, іскерлік, дағдыларын кәсіби іс-әрекетінде өздігінше пайдалана білу;

-студенттердің білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесіментанысуы және бақылауы;

-сынып жетекшінің, үйірме жетекшілерінің, секция және факультативтердің негіізгі бағыттарын оқып-үйрену;

-оқу жылы бойынша сынып жетекшісінің, үйірме жетекшісінің жоспарларының құрылымымен, мазмұнымен танысу;

-оқушыларды бақылау, сынып жетекшісінің және сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар жетекшілерінің іс-әрекетінінің, сонымен қатар оларды өткізу барысын бақылау, іс-шараларды талдаудың жалпы педагогикалық біліктіліктерін қалыптастыру.

2. Оқу-тәрбие практикасын ұйымдастыру және өткізу.

Педагогикалық практикасының басталуы алдында кафедра деканттарпен бірлесіп, бекіту конференциясын өткізеді, онда студентттерге педагогикалық практиканың мазмұны мен өткізілуі түсіндіріледі.

Оқу-тәрбие прктикасы жоғары оқу орнының жоспарына, мелекеттік білім беру стандартына ,барлық білім беру мекемелерініңнегізгі құжаттарына сәйкес бағытта өкізіледі. Оқу-тәрбие іс-әрекетін жүзеге асыру үшін студент-практикант білім беру мекемесіне бекітіледі. Бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау негізінде жетекші педагог-әдіскерлер, кеңесшілер тағайындалады. Әр курста оқу-тәрбие практикасы аяқталған соң, қорытынды конференцияда практиканың нәтижелері қорытындыланады. Соңғы аптада оқу-тәрбие практикасы бойынша білім беру мекемелерінің әкімшіліктерімен бірлесе отырып, қорытындыланып нәтиже шығарылады.

Негізгі әдебиеттер: 67,68,69,17,19,23,33

Қосымша әдебиеттер:2,3,4,5,6,18

№14 дәріс тақырыбы. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өз білімін көтеру және олардың үздіксіз білім жағдайында педагогтың кәсіби қалыптасуындағы рөлі.

Жоспар

1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.

2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі.

3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.

4. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі.