- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігі
- •«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша
- •Қарағанды 2012
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту нәтижелері
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Үй бақылауы:
- •Рейтинг-шкала
- •1.10 Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •1.9 Баға туралы ақпараттар
- •2.2. Лекциялық сабақтар тезистері.
- •1. Қазіргі замандағы білім беру.
- •2. Білім беру философиясының негізгі ұғымдары.
- •3. Білім беру – құндылық ретінде.
- •4. Білім беру – жүйе ретінде.
- •5. Білім беру іс-әрекет және процесс ретінде.
- •1. Жеке тұлға – туралы түсінік және педагогикада оған сипаттама.
- •2. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің тұжырымдамасы.
- •3. Үздіксіз білім мұғалімнің кәсіби-тұлғалық өсуінің басты шарты ретінде
- •1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті.
- •2. Педагогикалық мамандықтың тарихы.
- •1.Педагогикалық іс-әрекет түсінігі.
- •2. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері
- •3. Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары
- •1. Білім беру жүйесі туралы жалпы түсінік.
- •2. Үздіксіз білім беру жүйесі.
- •3. 12 Жылдық білім беру жүйесі.
- •1. Құзыреттілік ұғымына түсінік.
- •2. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі, оның құрылымы
- •1. Құндылық, рухани құндылық туралы түсініктер.
- •2. Педагогикалық мамандық қоғамның рухани құндылықты бағыт-бағдары.
- •2. Мұғалім мамандығының әлеуметтік педагогикалық мәні
- •1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттардағы мұғалімге қойылатын талаптар.
- •2. Жаңа форматтағы мұғалімнің сипаты.
- •1. Педагогикалық жобалаудың мәні
- •Педагогикалық жобалаудың кезеңдері мен формалары
- •1. Педагогикалық қарым-қатынас мәні мен мазмұны
- •2. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары
- •3. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы
- •1. Педагогтың сөйлесу техникасы және сөйлеу мәдениеті.
- •2. Сөйлеу техникасы: тыныс алу, дауысы, дикциясы, ритмика
- •1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.
- •2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі.
- •3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.
- •4. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі.
- •1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті.
- •2. Педагогикалық мамандықтың тарихы.
- •3. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жайлы.
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары қарастырылмайды.
- •2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмайды.
- •2.5. Оқытушы жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •Тапсырма 1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын талдаңыз
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмысының сабақ жоспары
- •2.6.2 Курстық жұмыс оқу жоспарында қарастырылмаған.
- •2.7. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету.
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша
2.2. Лекциялық сабақтар тезистері.
№1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі.
1. Қазіргі замандағы білім беру.
2. Білім беру философиясының негізгі ұғымдары.
3. Білім беру – құндылық ретінде.
4. Білім беру – жүйе ретінде.
5. Білім беру іс-әрекет және процесс ретінде.
1. Қазіргі замандағы білім беру.
Тұлғаны жан-жақты дамытудың және оның базалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі – білім мазмұны.
Білім беру – бұл тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
Білім беру - қоғамдық ұйымдастырылатын және реттелетін, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа әлеуметтік маңызды тәжірибені тұрақты түрде беру процесі. Білім беру үш бірдей процессті қамтиды: тәжірибені меңгерту, жүріс-тұрыс қасиеттерін тәрбиелеу, дене және ақыл-ойын дамыту.
Білім беру мақсаты – қоғам мүшелерінің жоғары дәрежедегі адамгершілік, интеллектуальдық мәдени және тұлғалық дамуына әрі кәсіптік құзырлылығына қол жеткізу болып саналады.
2. Білім беру философиясының негізгі ұғымдары.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарға болмыс, материя, қозғалыс, саяси экономияда – қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) – объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері – білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.
Білім беру – бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімді деп есептеді.
3. Білім беру – құндылық ретінде.
ҚР-ның Орта білімді дамыту тұжырымдамасында, білім берудің бүкіл үздіксіз білім жүйесінің негізгі (ақырғы) мақсаты болып табылатын үш іргелі мақсаттары белгіленеді:
Дүниетаным; Шығармашылық; Құзырлылық (компетентность);
Қазіргі біртұтас дүниетанымды қалыптастыруда ғылым негіздері үлкен рөл атқарады. Адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік әлеміне көтеру, өз дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік тудырып, адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім-көзқарастарын тудыру – білім берудің маңызды мақсаты. Осылайша, демократиялық қоғамда дүниетанымды қалыптастыру төмендегі мәселелерді қамтиды:
дүниетанымдық бағдарды еркін таңдау;
дүниетанымдық айқындамаға сыншыл көзқарас;
саналы түсінген және негізделген пікір тудыру.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәләлді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
