Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика мамандыкка кереспе.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669 Кб
Скачать
☆

Тапсырма 1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын талдаңыз

Тапсырма 2. 12 жылдық жалпы орта білім беру бойынша мұғалімдерге қойылатын талаптарды талдаңыз.

Өткізу формасы: пікір-талас

Әдістемелік нұсқаулар:. Аталмыш тапсырмаларды орындау барысында 12 жылдық білім беру тұжырымдамасымен танысу ұсынылады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 2,3,4,5,6,7,8

№6 СОӨЖ тақырыбы. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі, педагогті үздіксіз кәсіби жетілдіру факторлары

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтерудің басты шарты» тақырыбында ғылыми жоба дайындаңыз.

Тапсырма 2. М.Д.Шүкірәлиеваның «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» мақаласына рецензия жасаңыз.

Тапсырма 3. «Құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік» терминдерін сөздіктерден дәптерге жазыңыз.

Өткізу формасы: пікір – Талас

Әдістемелік нұсқаулар: ғылыми жоба дайындау барысында жобаға қойылатын талаптарды ескерген жөн, яғни ғылыми жобада: бет парақ; мазмұны; кіріспе; теориялық бөлімі; зерттеу бөлімі; қорытынды; пайдаланған әдебиеттер тізімі болу керек. 2-ші тапсырманы орындау барысында барысында аннотацияға қойылатын талаптарды назарға алу керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,5,7,15,24,25

№7 СОӨЖ тақырыбы. Педагогикалық мамандықтың қоғамның рухани құндылықтарына әсері

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. «Педагогика», «мамандық», «қоғам», «рухани», «құндылық» ұғымдарының анықтамаларын әдебиеттерден іздеп, тауып конспектілеңіз.

Тапсырма 2. «Мамандығым мақтанышым», «Менің сүйікті ұстазым» «Ұстаз бейнесі көркем әдебиетте» атты өз таңдауыңыз бойынша шағын шығарма жазыңыз.

Тапсырма 3. Әр дәуірдің атақты ұстаздарын атап, олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды іс-әрекеттеріне сипаттама беріп, төмендегі кестені толтырыңыз.

№

Педагогтардың аты-жөні, өмір жолдары

Еңбектерінің атауы

Педагогикалық маңызы

1

Аймауытов Ж. (1898-1931)

Тәрбиеге жетекші

Өткізу формасы: әңгіме.

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырманы орындау үшін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханаларында, соның ішінде № 9 корпусындағы кітапханада отырып (сөздіктер, түсіндірме сөздіктер, энциоклопедиядан, оқулықтар т.б. және интернет көздері көмегі арқылы тауып ала аласыздар. 2-ші тапсырманы орындау мақсатында, оған өздеріңіздің ұшқыр ойларыңыз бен идеяларыңыз, қиялдарыңыз, шабыттарыңыз арқылы суреттей аласыздар. 3-ші тапсырманы «Педагогика тарихы» оқулықтары мен қазіргі педагогикалық әдебиеттерден немесе ғаламтор көздері көмегімен тауып алуға болады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 23

№8 СОӨЖ тақырыбы. Мұғалімнің кәсіби қызметі және оның әлеуметтік –педагогикалық мәні

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. «Архимед Мыңбайұлы Ысқақов мектебі» атты мәліметтермен оқып-танысу, топта талқылаңыз.

Тапсырма 2. Кәсіби педагогикалық қызметтің қалыптасуының маңызын көрсетіңіз.

Тапсырма 3. Мұғалім және педагогикалық мамандық туралы ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінің пікірлері мен қанатты сөздерін әдебиеттерден теріп жазыңыз және салыстырыңыз.

Өткізу формасы: дөңгелек стөл

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырманы орындау үшін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханаларындағы материалдар, соның ішінде № 9 корпусындағы кітапханада, мультимедиялық залдарда жұмыс істеу керек немесе ғаламтор көздері арқылы тауып алуға болады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 23

№9 СОӨЖ тақырыбы. Мұғалім мамандығына қойылатын талаптар

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. «Болашақ мұғалімдерді қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық жағдайлары» немесе «ХХІ ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар» атты тақырыптардың біреуіне презентация әзірлеңіз.

Тапсырма 2. Қазақстан Республикасындағы нормативті құжаттардан мұғалімдерге қойылатын талаптар туралы материалдарды конспектілеңіз

Тапсырма 3. Қазақстан Республикасында жылда өткізілетін «Жыл мұғалімі» сайысына қойылатын талаптармен танысу, 2010 жылдан бергі «Жыл мұғалімі» иегерін анықтаңыз, топта талдау жасаңыз.

Өткізу формасы: пікірталас,

Әдістемелік нұсқаулар: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпусындағы кітапханадан (мерзімді педагогикалық басылымдар) және интернет көздері көмегімен табасыздар. 2-ші тапсырманы, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне бағытталған нормативті құжаттардан (Конституция, заң, тұжырымдамалар, бағдарламалар т.б) іздеуге болады. 3-ші тапсырманы басты «Қазақстан мектебі», журналынан «Қазақстан мұғалімі» газетінен т.б педагогикалық басылымдардан немесе интернет көздерінен алуға болады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 23

№10 СОӨЖ тақырыбы. Педагогикалық жобалау мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекше түрі ретінде

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Педагогикалық процестерді, жүйелерді және педагогикалық жағдаяттарды жобалауға қойылатын талаптарды анықтаңыз.

Тапсырма 2. Тақырып бойынша мерзімді баспа беттеріндегі берілген мақалаларға аннотация жасаңыз.

Тақырып 3. Педагогикалық жобалау бойынша дайындалған ғылыми зерттеулерді қарастырыңыз

Өткізу формасы: топпен жұмыс

Әдістемелік нұсқаулар: Мақалалар - бұл арнайы шағын көлемді басылымдар (10-20 басылым парағы), мұнда әр автордың нақты бір сұрақтарды талқылау барысындағы көзқарастары және шектелген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мазмұндалады. Мақалалар педагогика мен психологияға арналған ғылыми журналдарда басылады, жарыққа шығады. Аннотация деген жалпы және қысқа да нұсқа жұмыстың негізгі ойын жазу деген сөз. Аннотацияның көлемі әрқашан бір беттен аспауы керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 9, 10, 27, 37, 44, 49

№11 СОӨЖ тақырыбы. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық процесс субьектілерінің өзара әрекеті ретінде

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері және құрылымына ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып конспект жасаңыз.

Тапсырма 2. Дәріс материалдарына сүйеніп мұғалімнің авторитарлы, демократиялық, либералды стильдерінің ерекшеліктері мен технологиялық сипаттамаларын анықтаңыз.

Өткізу формасы: пікір -талас

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырмаларды орындау барысында ұсынылған әдебиеттерді, мерзімді баспасөз мақалаларын, дәріс материалдарын, дереккөздерді, заңнамалық құжаттарды, интернет ресурстарын пайдалану керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 3,5,14,40,19,20,21,22

№12 СОӨЖ тақырыбы Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген талаптарын талдаңыз.

Тапсырма 2. Сөз сөйлеу техникаларына жаттығу жұмыстарын жасаңыз.

Өткізу формасы: пікір-талас

Әдістемелік нұсқаулар: мерзімді баспасөз құралдарын және озық педагогикалық тәжірибені, практикадан мысалдарды қолдана отырып оқу материалын еркін меңгеруді қамтамасыз ету керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 17,19,23,33

№13 СОӨЖ тақырыбы. Жоғары педагогикалық білім жүйесіндегі педагогикалық практика

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Студент-практиканттың міндеттері

Тапсырма 2. Оқу-тәрбие практикасының кезеңдері

Тапсырма 3. Студент-практиканттың тапсыраиын іс-қағаздары

Әдістемелік нұсқаулар:. Берілген тапсырмаларды орындау барысында ұсынылған әдебиеттерді, мерзімді баспасөз мақалаларын, дәріс материалдарын, дереккөздерді, заңнамалық құжаттарды, интернет ресурстарын пайдалану керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 67,68,69,17,19,23,33

№14 СОӨЖ тақырыбы. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өз білімін көтеру және олардың үздіксіз білім жағдайында педагогтың кәсіби қалыптасуындағы рөлі.

1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.

2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі.

3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.

4. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі.

Тапсырмалар

Тапсырма 1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктерінің мазмұнын ашыңыз.

Тапсырма 2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі жайлы мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

Тапсырма 3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы, әрі өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзіретінде түсінік беріңіз.

Әдістемелік нұсқаулар:. Берілген тапсырмаларды орындау барысында ұсынылған әдебиеттерді, мерзімді баспасөз мақалаларын, дәріс материалдарын, дереккөздерді, заңнамалық құжаттарды, интернет ресурстарын пайдалану керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 67,68,69,17,19,23,33

№15 СОӨЖ тақырыбы. Мұғалім мамандығын таңдау уәжі және оның қазіргі студенттер тұлғасын дамытуға әсері

1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті.

2. Педагогикалық мамандықтың тарихы.

3. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жайлы.

4. ҚР-ң «Білім беру туралы заңы», «ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасындағы, «ҚР-ы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.

Тапсырмалар

Тапсырма 1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті жайында жағдаяттар туғызыңыз.

Тапсырма 2. Педагогикалық мамандықтың шығу тарихы мен даму кезеңдерінен түсінік беріңіз (жылдар, педагогтар, ұсынылған идеялар).

Тапсырма 3. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының жаңа кезеңдегі түбегейлі өзгеруі жайлы дәлелдеңіз.

Тапсырма 4. ҚР-ң «Білім беру туралы заңы», «ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасындағы, «ҚР-ы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерінің орындалуы жайлы айтыңыз.

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырмаларды орындау барысында ұсынылған әдебиеттерді, мерзімді баспасөз мақалаларын, дәріс материалдарын, дереккөздерді, заңнамалық құжаттарды, интернет ресурстарын пайдалану керек.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 67,68,69,17,19,23,33