- •«ТҰран» УниверситетІ» мекемесі
- •«Туризм және сервис» кафедрасы
- •«Бейдағдарыс менеджменті» пәні бойынша
- •Алматы, 2013
- •2013-2014 Оқу жылына арналған
- •Алматы, 2013
- •Түсініктеме хат
- •Тақырыптар және оқылуы бойынша жіктелім
- •Семинар (тәжірибе) сабақ тақырыптары (барлығы15 сағат)
- •Моөж тақырыптары
- •Мөж тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пән: «Магистрлік зерттеу технологиясы» пәні бойынша Мамандық: 6м050700 «Менеджмент» (ғылыми бағыттағы, магистратура)
- •Алматы, 2013
- •Оқытылатын пәннің сипаттамасы (түсініктеме хат) түсініктеме хат
- •Силлабус бойынша жалпы мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тақырыптар және оқылуы бойынша ұзақтығы
- •Тәжірибелік сабақ тақырыптары (барлығы15 сағат)
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
- •Моөж өткізу кестесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Магистранттардың білімін бағалау туралы ақпараттар
- •Аралық бақылау
- •Білімгердің білімін бағалау критериі (жалпыланған)
- •Ібж бойынша қорытындыны анықтау
- •Қорытынды баға
- •Оқытушының талаптары Курстың жүргізу саясаты
- •Аудиториялық сабақтардағы қимылдық ережелері
- •Пән бойынша тапсырманы орындау мен өткізу кестесі
- •Мөж бойынша кеңес беру және тапсыру кестесі
- •«Магистрлік зерттеу технологиясы» дәрістік кешен –контент (дәрістер тезисы, иллюстративті және үлестірмелі материал, ұсынылған әдебиеттер тізімі)
- •Глоссарий
- •Ғылыми сананың методологиясы.
- •2. Ғылыми зерттеудің әдістері.
- •Ғылыми зерттеу процессінің логикасы.
- •Экономикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері
- •Ғылыми зерттеу жұмысының мәні мен маңыздылығы.
- •Экономикалық ойланудың түрлері.
- •Ғылыми экономикалық ой-өріс
- •Әдіс пен методологияның түсінігі
- •Ғылыми әдістер
- •Ғылыми танудың әдістері
- •Ортақ ғылыми әдістердің жіктелінуі
- •Ғылыми зерттеудің түрлері бойынша іздену
- •Ақпараттың құжаттамалық қайнар көздері.
- •Ақпараттық-библиографиялық ресурстар.
- •Ақпараттың қайнар көздеріне талдау жасау.
- •Тақырып бойынша әдеби қайнар көздердің картотекасын (немесе тізімін) құру
- •2. Ғылыми-оқу жұмыстары.
- •3.Диссертациялық жұмыстар.
- •4.Теориялық және талдаулық әдістер бойынша зерттеу.
- •Ғылыми бақылау.
- •Ізденудің негізгі нәтижесі.
- •Магистрлік диссерттациялық жұмыстың құрылымы және мазмұнының мәні мен маңыздылығы.
- •Жалпы ғылыми зерттеудің негізгі қалыптастыру және дұрыстау әдістері.
- •[Gl]6-тақырып. Мәтінді дайындау кезіндегі жеке компьютер.[:]
- •Магистрлік диссерттациялық жұмыстың құрылымы және мазмұнының мәні мен маңыздылығы.
- •Экономикалық зерттеулердегі негізгі компонеттердің байланысы
- •Зерттеу жұмысын рәсімдеу
- •Магистрлік жұмыстың нәтижелерін рәсімдеу техникасы
- •Тәжірибелік сабақ жоспары
- •Пәннің меңгерілуі бойынша әдістемелік ұсыныстар «Магистрлік зерттеу технологиясы» (оқу -әдістемелік кешен бойынша)
- •Дайындық барысында электронды кітапхананы көзін пайдалануға ұсынылады
- •Курстық жұмы(жоба), лабораториялық жұмыс, есепті кескіндеме орындауда типтік есептеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •«Магистрлік зерттеу технологиясы» пәні бойынша оқытылатындарға өзіндік жұмыстар үшін материалдар мөж бойынша баяндама келесі тәртіпте ұсынылады:
- •Мөж тақырыптары
- •Магистранттың оқу жетістігін бағалау және бақылау бойынша материалдары
- •Оқытылатын пәнді бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу
- •Пән: «Магистрлік зерттеу технологиясы»
- •Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі
- •Пәннің оқу және оқу -әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы
«Магистрлік зерттеу технологиясы» дәрістік кешен –контент (дәрістер тезисы, иллюстративті және үлестірмелі материал, ұсынылған әдебиеттер тізімі)
Мамандық: 6М050700 Менеджмент (ғылыми бағытта, магистратура)
Пән: «Магистрлік зерттеу технологиясы»
Авторлары: э.ғ.к., профессор Бекназарова А.Т.
Оқытылу технологиясы: кредиттік
Оқу бөлімі: күндізгі
Тілге бөлінуі: қазақ
Магистранттер білімін бағалау жүйесі: баллды-рейтингтік
Алматы, 2013
Глоссарий
Ақпаратты өңдеу жүйесi– ақпаратты автоматты түрде өңдеудің аппараттық бағдарламалық құралдары мен әдiстерiнің жиынтығы.
Ақпаратты сақтау және iздестiру – ақпаратты сақтау дегенiмiз келешекте пайдалану үшін оны қосалқы сақтауыш құрылғы – магниттiк таспаға немесе магниттiк дискiге жазып алу. Сақтау – ақпаратпен жүзеге асырылатын негiзгi операциялардың бiрi және бiр шама уақыт аралығы өткеннен кейiн оны қайта пайдалануға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн негiзгi тәсiл. Ақпаратты iздестiру дегенiмiз сақталған ақпаратты тауып алу және оны өңдеу мақсатында жүзеге асырылатын негiзгi операциялардың бiрi.
Ақпараттық iздестiру жүйесi – форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе.
Ақпараттық база– автоматтандырылған жүйелерде – сыртқы тасуыштарда орналастырылған және бағдарламалар мен компьютерде жұмыс iстейтiндердің пайдалануына арналған мәлiметтер жиынтығы. Мыс., мәлiметтер банкiсiнде – ақпараттық база дегенiмiз ақпараттық ресурстың бөлігi, ал оған мәлiметтер базасы мен оның сипаттамалары, яғни мәлiметтер туралы ақпарат кiредi.
Ашық білім беру жүйесі– ашық білім беру қағидаларын іске асыратын дидактикалық, техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық баптар жиынтығы.
Әдістеме– іс-әрекетті жүзеге асырудың тағайындалған тәсілі.
Әдістемелік жасақтама –курсты оқып білу бойынша әр түрлі тасуыштардағы оқу материалдары, әдістемелік ұсыныстар мен кеңестер.
Әдістемелік құрал –оқу пәнін (оның тарауын, бөлімін) оқыту әдістемесі бойынша немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша материалдары бар оқу басылымы.
Әдістемелік нұсқаулар –– магистранттардың оқу пәнін өз беттерімен оқып білу мен білімдерін тексеруге дайындау әдістемесі бойынша материалдары бар оқу-әдістемелік басылым.
Бақылау тапсырмасы – бұл оқыту процесінде магистранттың білімі мен білігін қалыптастырушылық көрсеткіші бола алатын белгілі бір нәтижеге межеленген қандайда бір жұмыстың немесе қандайда бір әрекеттің орындалуына алғышарт.
Безендіру– объективтік әлемнің заттары, процестері мен құбылыстары туралы студенттердің нақты түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын бейнелі көрнекілік құрал.
Бетбелгі– білім алушы өзі тағайындайтын және қайта оралуды жоспарлайтын оқу процесінің орнын анықтау.
Біліктілік сертификаты– сертификаттау жұйесі ережелерінің негізінде жарияланған және аталған тұлға белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға білікті болып саналатынын айғақтайтын құжат.
Білім беретін бағдарлама –белгілі бір деңгейдегі білім мазмұны және бағыттылығы: Жалпы білім беру бағдарламасы– тұлғаның ортақ мәдениетін, оның қоғамдағы өмірге бейімделуін қалыптастыру, кәсіптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдау мен игерудің негізін құру мендеттерін шешуге бағытталған жалпы білім мазмұны.
Ғылыми білім беру бағдарламасы кәсіптік және жалпы білім деңгейлерін дәйекті түрде арттыру, мамандарды сәйкес біліктілікке дайындау мендеттерін шешуге бағытталған кәсіптік білім мазмұны.
Білім беретін компьютерлік ойындар – Образовательные компьютерные игры – шет тілдерін үйрену үшін арналған білім беру технологиясының ерекше формасы, оған компьютерлік есеп кітаптары және тренажерлар да жатады.
Білім беретін өнімдер мен қызметтер –оқу процесінде пайдаланылатын проекциялаудың автоматтандырылған құралдарының көмегімен алынған ақпараттық технологиялар (мәселен, бейімделінген желілік курс).
Білім беру –мақсаты қоғам мүшелерін жоғары деңгейлі адамгершілікке, мәдени және физикалық дамуға, кәсіптік біліктілікке тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі.
Білім сапасы – Качество образования – білім беру жүйелерінің қабылданған талаптарға, әлеуметтік нормаларға, білім беру стандартына сәйкестігін (барабарлығын) анықтайтын бірқатар жүйелі әлеуметік қасиеттер мен сипаттамалар.
Білімдер базасы –объектілердің қасиеттері, процесстер мен құбылыстардың заңдылықтары туралы мәліметтері бар кейбір пән саласына жататын білімдердің және шешімдер қабылдау үшін осы мәліметтерді берілген жағдайларда пайдалану ережелерінің ұйымдастырылған жиынтығы.
Білімдік ақпарат –бұл оқып үйренуші сол немесе басқа қызметті білікті түрде орындауы үшін оған берілуге қажетті білім.
Білімдік бағдарлама –білім мазмұнының өзгешелігін және білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігін сипаттайтын білім беретін мекеменің нормативтік-басқарушылық құжаты.
Білімдік ресурстар –білім беретін бағдарламаларды тиімді меңгеруді қамтамасыз ететін ақпараттар көзінің жиынтығы. Бұл ресурстар қашықтықтан оқытуда үлестірушілікпен сипатталады, яғни ақпараттар көзі бір бірінен алыста орналасқан болады. Үлестірілген білім ресурстарына білім алушының қатынас құруы телеқатынастық құралдардың (бәрінен бұрын Интернет құралдарының) көмегімен қамтамасыз етіледі.
Білімдік технологиялар– бұл білімдік ақпаратты оның көзінен тұтынушыға жеткізу үшін пайдаланылатын және оны ұсыну формасына тәуелді дидактикалық әдістер мен тәсілдердің кешені.
Веб-сайт (Web site) – жергілікті гиперсілтемелермен байланысқан құжаттардың (веб-беттердің) жиынтығы.
Гиперсілтеме – сізге веб-беттердің арасында орын ауыстыруға мүмкіндік беретін веб-сайттағы сілтеме. Гиперсілтеме әдетте асты сызылған мәтінмен, жиірек көк түспен бейнеленеді.
Ғалам тор –веб-браузермен қарап шығу үшін құрылған Интернеттегі беттер мен сайттардың жинағы. Сондай-ақ «Өрмек» немесе веб атауымен белгілі.
Интерактивтік өзара әрекет –электрондық поштаны, электрондық хабарландыру тақтасын, онлайн тақырыптық талқылауды, чатты, аудиоконференцияны, мәліметтер мен файлдар алмасуды, біртұтас планшетті, біртұтас желілік қосымшаны және б-ды қамтитын компьютермен өзара әрекет және «адам-мәшине» сұқбаты.
Интернет –көптеген елдегі университеттерді, үкіметтік ғылыми-зерттеу зертханаларын, әскери ұйымдар мен коммерсиялық компанияларды қамтитын әлемдегі ірі желілір жиынтығы.
Интранет (Intranet) – Интернеттің көптеген қызметтік мүмкіндіктеріне ие Информатика – бұл компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сондай-ақ оны әзірлеудің, сақтаудың, іздестірудің, түрлендірудің, жеткізудің және адамзат баласы іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың әдістері мен заңдылықтарын оқып білетін пән.
Каталог – файлдарды және қосымша салынған каталогтары бар болатын файлдық жүйенің бөлімі.
Кескін –білім алушының көзбен қабылдауына арналған ақпартты ұсыну формасы.
Кесте– тік бағандар (графтар) мен горизондаль жолдарға ұйымдастырылған, өзіндік мағыналық тор құратын сөздік цифрлық материал.
Компьютерлік аударма – Компьютерный перевод – бір табиғи тілден компьютердің көмегімен жүзеге асырылатын екінші тілге аударма.
Компьютерлік жүйе –бірге әрекет ететін аппараттық және бағдарламалық жасақтамалардың жиынтығы.
Компьютерлік оқу курсы –– оқу курсын немесе оның үлкен бөлімін өз бетімен игеруге мүмкіндікті қамтамасыз ететін бағдарламалық әдістемелік кешкен. өзіне кәдігімгі оқулықтың, анықтаманың, есеп кітабы мен зертханалық практикумның сипаттамаларын біріктіреді. Компьютерлік оқу курсының негізгі міндеті – белгілі бір пән саласындағы және жеке дара режімде белгілі бір көлемдегі, не оқытушының көлемі бойынша шектеулі әдістемелік көмегімен (жеке жағдайда, желілік кеңестер арқылы) жаңа білімдерді, біліктер мен машықтарды қалыптастыру мен бекіту.
Компьютерлік оқулық (КО) –бұл оқу пәнін немесе оның бөлімін өзіндік игеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік кешен. КО өзіне кәдігімгі оқулықтың, анықтаманың, есеп кітабының және зертханалық практикумның сипатын біріктіреді және, әдеттегідей, курсты оқып білу бойынша басшылық болып табылатын, курсты оқып білуге қажетті үйретуші бағдарламалардың әр түрлі типі бар дискеттер жинағы бар баспа басылымы түрінде іске асырылады.
Қосымша бағдарлама –нақты операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін компьютерге арналған бағдарлама.
Құбылыс– заттың мән-мағынасын анықтау (өрнектеу) формасы.
Құжатты форматтау –Құжатты дайындау. Форматтау операциясы құжатты баспаға басу үшін қағаздың мөлшерін таңдауды, өрістердің енін беруді, қаріпті, оның мөлшері мен сызылымын тағайындауды, жолдарды туралау әдісі мен жаңа жолды безендіру әдісін таңдауды және жолдар мен жаңа жолдардың ара қашықтығының шамаларын беруді, сондай-ақ құрамдас графикалық және басқа объектілерді мәтіннің орап өту әдісін қамтиды
Мәліметтер базасы– белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған өзара байланысты мәліметтер жиынтығы.
Мәтінмәндік анықтама –осы мезеттегі операцияның орындалуына немесе басқарудың таңдалынған элементіне қатысты көмегі, кеңесі, ұсынысы бар операциялық жүйеден хабар.
Нормативтік құжат –алуан түрлі іс-әрекеттің немесе олардың нәтижелерінің ережелерін, басқару қағидаларын немесе сипаттамаларын тағайындайтын құжат.
Құқығы –қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Ресурстары –меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Саясат - мемлеттің экономикалық саясаты мен сыртқы экономикалық саясатының құрамдас бөлігі.
Операциялық жүйе– компьютерді басқаратын бағдарламалық жасақтама.
Техникалық жасақтама –оқу процесінде пайдаланылатын техникалық құралдар жиынтығы.
Техникалық шарттар –талаптарды белгілейтін құжат
Түпкі каталог –ағымдағы дискідегі ең жоғары деңгейлі каталог. Барлық басқа каталогтар көп деңгейлі иерархиялық құрылым түріндегі оған салынған каталогтар болып есептеледі. Әдетте түпкі каталог үшін дискінің қатал белгілі бір аймағы бөлінеді, сондықтан түпкі каталогте файлдар мен қапшықтардың саны, әдеттегідей, шектелген болады. Салынған каталогтарда мұндай шектеулер болмайды.
Үйлесімділік– сәйкес талаптарды орындау мақсатымен нақты жағдайларда бірге пайдалануға объектілердің қабілеттілігі.
Электрондық басылым (ЭБ) –тасылатын мағлұматтары бар, өзгертілмейтін түрде тарату үшін арналған, редакциялық-басылымдық өңдеуден өткен электрондық құжат (электрондық құжаттар тобы).
Электрондық білімдік ресурс– бұл білімдік сипаттағы ақпараты бар кез келген электрондық ресурс
Электрондық кітапхана –тез іздестіру және нақты басылымға қатынау үшін арналған электрондық тасуыштардағы оқулық әдебиеттер басылымдарының ұйымдастырылған қоймасы.
Электрондық оқу құралы (ЭОҚ) –басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген және оқулықты ішінара немесе толығымен алмастыратын немесе толықтыратын
[gl] 1-тақырып. Ғылыми зерттеудің технологиясы, әдістері, логикасы.[:]
Дәрістің мақсаты: Магистрлік ғылыми зерттеудің әдістерін меңгеру
Дәрістің құрылымы:
Ғылыми сананың методологиясы.
Ғылыми зерттеудің әдістері.
Ғылыми зерттеу процессінің логикасы.
Экономикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері.
