- •«ТҰран» УниверситетІ» мекемесі
- •«Туризм және сервис» кафедрасы
- •«Бейдағдарыс менеджменті» пәні бойынша
- •Алматы, 2013
- •2013-2014 Оқу жылына арналған
- •Алматы, 2013
- •Түсініктеме хат
- •Тақырыптар және оқылуы бойынша жіктелім
- •Семинар (тәжірибе) сабақ тақырыптары (барлығы15 сағат)
- •Моөж тақырыптары
- •Мөж тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пән: «Магистрлік зерттеу технологиясы» пәні бойынша Мамандық: 6м050700 «Менеджмент» (ғылыми бағыттағы, магистратура)
- •Алматы, 2013
- •Оқытылатын пәннің сипаттамасы (түсініктеме хат) түсініктеме хат
- •Силлабус бойынша жалпы мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тақырыптар және оқылуы бойынша ұзақтығы
- •Тәжірибелік сабақ тақырыптары (барлығы15 сағат)
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
- •Моөж өткізу кестесі
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Магистранттардың білімін бағалау туралы ақпараттар
- •Аралық бақылау
- •Білімгердің білімін бағалау критериі (жалпыланған)
- •Ібж бойынша қорытындыны анықтау
- •Қорытынды баға
- •Оқытушының талаптары Курстың жүргізу саясаты
- •Аудиториялық сабақтардағы қимылдық ережелері
- •Пән бойынша тапсырманы орындау мен өткізу кестесі
- •Мөж бойынша кеңес беру және тапсыру кестесі
- •«Магистрлік зерттеу технологиясы» дәрістік кешен –контент (дәрістер тезисы, иллюстративті және үлестірмелі материал, ұсынылған әдебиеттер тізімі)
- •Глоссарий
- •Ғылыми сананың методологиясы.
- •2. Ғылыми зерттеудің әдістері.
- •Ғылыми зерттеу процессінің логикасы.
- •Экономикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері
- •Ғылыми зерттеу жұмысының мәні мен маңыздылығы.
- •Экономикалық ойланудың түрлері.
- •Ғылыми экономикалық ой-өріс
- •Әдіс пен методологияның түсінігі
- •Ғылыми әдістер
- •Ғылыми танудың әдістері
- •Ортақ ғылыми әдістердің жіктелінуі
- •Ғылыми зерттеудің түрлері бойынша іздену
- •Ақпараттың құжаттамалық қайнар көздері.
- •Ақпараттық-библиографиялық ресурстар.
- •Ақпараттың қайнар көздеріне талдау жасау.
- •Тақырып бойынша әдеби қайнар көздердің картотекасын (немесе тізімін) құру
- •2. Ғылыми-оқу жұмыстары.
- •3.Диссертациялық жұмыстар.
- •4.Теориялық және талдаулық әдістер бойынша зерттеу.
- •Ғылыми бақылау.
- •Ізденудің негізгі нәтижесі.
- •Магистрлік диссерттациялық жұмыстың құрылымы және мазмұнының мәні мен маңыздылығы.
- •Жалпы ғылыми зерттеудің негізгі қалыптастыру және дұрыстау әдістері.
- •[Gl]6-тақырып. Мәтінді дайындау кезіндегі жеке компьютер.[:]
- •Магистрлік диссерттациялық жұмыстың құрылымы және мазмұнының мәні мен маңыздылығы.
- •Экономикалық зерттеулердегі негізгі компонеттердің байланысы
- •Зерттеу жұмысын рәсімдеу
- •Магистрлік жұмыстың нәтижелерін рәсімдеу техникасы
- •Тәжірибелік сабақ жоспары
- •Пәннің меңгерілуі бойынша әдістемелік ұсыныстар «Магистрлік зерттеу технологиясы» (оқу -әдістемелік кешен бойынша)
- •Дайындық барысында электронды кітапхананы көзін пайдалануға ұсынылады
- •Курстық жұмы(жоба), лабораториялық жұмыс, есепті кескіндеме орындауда типтік есептеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •«Магистрлік зерттеу технологиясы» пәні бойынша оқытылатындарға өзіндік жұмыстар үшін материалдар мөж бойынша баяндама келесі тәртіпте ұсынылады:
- •Мөж тақырыптары
- •Магистранттың оқу жетістігін бағалау және бақылау бойынша материалдары
- •Оқытылатын пәнді бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу
- •Пән: «Магистрлік зерттеу технологиясы»
- •Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі
- •Пәннің оқу және оқу -әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы
Ғылыми сананың методологиясы.
Қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайда ғылыми зерттеуге аса маңызды көңіл бөлінуде. Сондықтан, зерттеуді жаңадан бастаушыларға диссертацияны ғылыми жұмыс ретінде сипаттайтын негізгі ережелерін білу ғана емес, сонымен қатар ғылыми шығармашылықтың методологиясы туралы жалпы ұғымды білу өте маңызды. Себебі жоғары оқу орындарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, осындай зерттеушілердің ғылыми жұмысты игерудегі алғашқы қадамдарының көбінен методологиялық сипаттағы сұрақтар туындайды. Оларға ең алдымен өз жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибе, ғылыми таным әдісін қолдану және логикалық заңдар мен ережелерді қолдану жетіспейді.
Сондықтан бұл сұрақтарды кеңінен қарастырудың қажеттілігі бар.
Әрбір ғылыми зерттеу шығармашылық ниеттен бастап ғылыми еңбектің ақырғы рәсімделуіне дейін жеке түрде жүзеге асырылады. Дегенмен зерттеуді жүргізудің кейбір жалпы методологиялық жолдарын анықтауға болады.
Қазіргі таңдағы ғылыми-теориялық ойлау қабілеті зерттеліп отырған құбылыстар мен үрдістердің мәніне кіруге тырысады. Бұл зерттелетін объектінің пайда болуы мен дамуын біртұтас ж.йе ретінде қарастыру жағдайында ғана мүмкін, яғни тарихи жолды қолдану арқылы ғана мүмкін болады.
2. Ғылыми зерттеудің әдістері.
Ғылыми мағынадағы зерттеу бұл – болашаққа көз сала отырып ізденіс зерттеулерін жүргізу. Ғылым мен техниканың шынайы жетістіктеріне сүйенетін елестеу, қиял мен арман – ғылыми зерттеудің маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар ғылыми зерттеу – ол ғылыми болжамның негізделген қолданылуы, жақсы ойластырылған есептеу.
Ғылыми мағынада зерттеу – ғылыми объективті болу дегенді білдіреді. Фактілерді түсіндіру қиын болғандықтан немесе оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндігі болмағандықтан шетке сырып қоюға болмайды. Өйткені ғылымда жаңаның мәні зерттеушінің өзіне әрқашан көріне бермейді. Жаңа ғылыми фактілер және жаңа ашулар да, олардың мағыналары дұрыс ашылмағандықтан, көп уақыт бойы ғылым резервінде тұрып, тәжірибеде қолданбауы мүмкін. Ғылыми зерттеу тек қана адал бейнелеу немесе жай суреттеуге міндеттемейді, сонымен қатар зерттеліп отырған объектінің тәжірибеден немесе алдыңғы зерттеулерден белгілі заттарға қатынасын білуге, яғни белгісіздің сапасын белгілі арқылы анықтауға және білдіруге міндеттейді.
Ғылыми зерттеу – ол қарастырылып жатқан құбылыстардың, фактілердің және оқиғалардың арасындағы себепті байланысты іздеуді жүргізу.
Ғылыми зерттеу – ол тек қарау емес, сонымен қатар маңызды жекеліктерді көру, байқау, зерттеудің белгіленген басты жолынан таймай кіші нәрсенің ішінен үлкенді табу. Ғылыми зерттеуде барлығы маңызды. Тақырыптың негізгі немесе маңызды сұрақтарына көңілді бөліп, алғашында маңыздылығы төмен болып көрінетін қосымша фактілерді ескермеуге болмайды. Көп жағдайда дәл сондай фактілер маңызды ашулардың басын жасырады.
Ғылымда жаңа ғылыми фактіні орнату аз, оған ғылыми тұрғыдан түсінік беру қажет, танымдық, теориялық және тәжірибелік маңыздылығын көрсету қажет.
Ғылыми зерттеу процессінің логикасы.
Зерттеу барысында ғылыми фактілерді жинау - әрқашан да шығармашылық үрдіс, оның негізінде ғалымның түпкі ойы, аты жатады. Философиялық анықтамада идея – ол адам ойының туындысы, шындық бейнесінің нысаны. Идея ойлаудың басқа формаларынан және ғылыми білімнен ерекшелігі: онда тек зерттеу объектісі ғана емес, сонымен қатар оның құрамында сананың мақсаты, танудың перспективалары және шындықтың тәжірибелік түрленуі бейнеленеді.
Идеялар тәжірибеден, қоршаған ортаны бақылаудан, өмірдегі қажеттіліктерден туындайды. Идеяның негізінде шын фактілер мен оқиғалар жатады. Өмір нақты тапсырмаларды алдыға қояды, бірақ оларды шешу үшін өнімді идеялар тез арада табыла қоймайды. Осындай кезде зерттеушінің жаңа, тапсырманы қарастырудың басқа аспектісін ұсыну қабілеті көмекке келеді.
Идеяның тапсырманы шешу деңгейіне дейін дамуы ғылыми зерттеудің жоспарлы процессі ретінде жүзеге асады. Алайда ғылымда кездейсоқ ашулар да белгілі, бірақ тек жоспарлы, қазіргі таңдағы құралдармен жақсы қамтылған ғылыми зерттеулер ғана табиғаттағы объективті заңдылықтарды ашуға және терең тануға мүмкіндік береді.
Ғылыми зерттеу – көп еңбектенуді қажет ететін қиын үрдіс. Егер зерттеу немқұрайлықпен орындалса, онда ол кәсіптің бір түріне айналып, ешқашан мәнді нәтиже әкелмейді. Кейде ғылыми шығармашылықты ерлікпен салыстыратыны бекер емес. Ерлік сияқты ол да адамның бүкіл энергиясының, ойының және әрекетінің максималды қолданылуын талап етеді.
Магистрлік диссертацияны дайындау кезінде ең алдымен, ғалымдардың бір-бірімен араласатын тілдерін үйрену керек. Ғылым тілінің өзінің ерекшеліктері бар. Онда ғылыми қызметте қолданатын түсініктер мен терминдер өте көп. Ғылым түсініктерін білу деңгейіне байланысты магистранттың өз ойын қаншалықты нақты және түсінікті жеткізе алатындығы, белгілі бір фактіні түсіндіре алатындығы, оның диссертациялық шығармасын оқитын адамға керекті әсер етуі көрінеді.
Ғылым тілінің негізін терминологиялық сипаттағы сөздер мен сөз тіркестері құрайды. Кейбіреулері төменде берілген:
Диссертация авторефераты – зерттеу жүргізгені жөнінде рефераттан тұратын, кітапша ретіндегі автормен құрылған ғылыми басылым. Дәреже (академиялық немесе ғылыми) ізденуге ұсынылады.
Аналогия – екі объектінің ұқсастығының кейбір белгілері арқылы олардың сәйкестігі туралы қорытынды жасау және басқа белгілері жөнінде пайымдау.
Тақырыптың өзектілігі – белгілі бір мәселені (тапсырманы, сұрақты) шешу үшін дәл сол уақытта және дәл сол жағдайда оның маңыздылық деңгейі.
Аспект – зерттеудің қарастырылатын объектісін (затын) көру тәсілі.
Гипотеза – қандай да болсын құбылыстарды түсіндіру үшін ұсынылатын ғылыми ұсыныс.
Дедукция – жалпыдан жекеге өтетін ой қорытындысының түрі, онда жеке жағдайлардың массасынан мұндай жағдайлардың жиынтығы туралы жалпы қорытынды жасалады.
Диссертация – қолжазба, ғылыми баяндама, жарияланған монография немесе кітап ретінде шыққан ғылыми шығарма. Ғылыми дәрежені ізденушінің зерттеу жұмысының ғылыми-зерттеу деңгейін көрсетуге арналған біліктілік жұмысы ретінде қолданылады.
Идея – көзқарас, теория және т.б. жүйесінде жағдайды анықтаушы.
Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытындыларға өтетін ой қорытындысының түрі.
Ақпарат:
Шолу – ғылыми құжаттардың шолу құрамындағы екінші деңгейлі ақпарат;
Релевантты – ғылыми тапсырманың протатипін сипаттайтын ақпарат;
Реферативті – алғашқы ғылыми құжаттардың құрамындағы екінші деңгейлі ақпарат;
Сигналды – әртүрлі деңгейдегі алдын ала хабарлау функциясын атқаратын екінші деңгейлі ақпарат;
Анықтама – қандай да болсын ғылым аясында жүйелендірілген қысқаша мәліметтерді құрайтын екінші деңгейлі ақпарат.
Ғылыми зерттеу – жаңа ғылыми білімдерді ашу үрдісі, танымдық қызметтің бір түрі. Ол объективтілік, жаңа өндірушілік, дәлелдеу және нақтылықпен сипатталады.
