Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TMI-2012 (1).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
847 Кб
Скачать
☆
        1. Ғылыми зерттеу жұмысының мәні мен маңыздылығы.

Магистрлік диссертация бітірушінің ғылыми қызметкер ретінде маңыздылығынын көрсететін, нақты бағыттағы біліктілік ғылыми жұмысы болып табылады. Бітірушіде тиісті білім саласындағы ғылыми мәселелерді шешу және шығармашылық түрде құрастыру қабілеті болу керек.

Диссертация тақырыбына қатысты әдебиеттермен танысу идеяны құрудан басталады, яғни ұсынылып отырған ғылыми зерттеудің түпкі ойынан басталады. Жұмыстың мұндай құрылымы таңдаған тақырып бойынша әдеби қайнар көздерді іздеудің мақсатты болуына көмектеседі және басқа ғалымдардың басылымға шыққан жұмыстарындағы материалдарды тереңірек тануға мүмкіндік береді. Себебі мәселенің негізгі сұрақтары көп жағдайларда бұдан ертеректе зерттелуі әбден мүмкін.

Одан кейін іздеу тәртібін ойластырып, тақырып бойынша әдеби қайнар көздердің картотекасын құрастыру керек. Жақсы құрастырылған картотека тақырыпты толық қамтуға мүмкіндік береді. Оның негізінде зерттеу барысында мақсаттарды анықтауға болады.

Диссертациялық зерттеу тақырыбына қатысты барлық қайнар көздер түрлері қарастырылуы қажет. Оларға отандық және шетелдік басылымдарда шыққан материалдар, басылымға шықпайтын құжаттар (ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструктрлік жұмыстардың есептері, диссертациялар, қолжазбалар, мамандардың шетел жұмыс сапарларының есептері, шетел фирмалардың материалдары), ресми материалдар жатады.

Тақырыпты зерттеуді ақпараттық басылымдармен танысудан бастау қажет. Мұндай басылымдардың мақсаты – басылымның өзі жайлы, сонымен қатар оның мазмұнының мәнді жақтары жайлы тез арада мәлімет беру.

Ақпараттық басылымдар қарапайым библиографиялық басылымдарға қарағанда тек басылымдық шығарма жөнінде ғана емес, сондай-ақ олардың ішіндегі идеялар мен фактілерді ұсынады. Сонымен қатар олардың тағы бір ерекшелігі – хабарланып отырған ақпараттың жаңалығы, қайнар көздердің ауқымды болуы және құжаттарды тез табуға және жүйелендіруге мүмкіндік беретін анықтама аппаратының болуы.

        1. Экономикалық ойланудың түрлері.

“Ғылыми жұмыс – бұл ешкім ешқашан оқымаған екі кітапты оқып және болашақта ешкім оқымайтын үшінші кітапты жазу” NASA-ның жас қызметкерлеріне үлгіден “Ғылыми жұмыстар бөлумен көбейеді”

Карел Чапек

“Тамақты бар ниетпен қызығып жемеу, оны қызықсыз тамақтануға апарады, сол сияқты ғылыммен де бар ниетпен айналыспау ,оны түсіну деңгейін әлдеқайда төмендетеді”

Лонардо да Винчи

“Кімде кім ғылымнан пайда түсіргісі келсе, ол өзін өзі және халықты алдайды”

Алишер Навои

Диссертация – магистрлық бағдарламаның қорытынды сатысы

“Жеткен нәрседен тоқ «Магистрлық диссертацияны қорға

тауға болмайды – одан ған соң, ғылым туралы ойлануға бо

диссертация жасау ке лоды”

рек”

Бір белгісіз автор Басқа белгісіз автор

Диссертацияның маңыздылығын көрсететін екі бағдар

Диссертация , біріншіден Магистрлық диссертация – кәсіп

ғылым мен тәжірибеге тік ғылыми одаққа жолдама неме

үлес қосу се кәсіптік дәрежені мойындау

Шындық әрқашан да ортасында

Экономикалық ой-өрістің типтері

Методология – ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу шараларын үйрену

Экономикалық ой-өрістің екі типі:

  • Қарапайым экономикалық ой-өріс

  • Ғылыми экономикалық ой-өріс

Қарапайым экономикалық ой-өріс

  • Экономика – бұл барлық адамдарға қатысы бар өмірдің бір құбылысы. Әр адам кішкентай кезінен бастап тәжірибе жинап, өзінің ой ауқымын кеңейтеді. Сондықтан адамның экономикалық ой-өрісінің негізі қаланады.

  • Адамда тұрақты көзқарас қалыптасады: ол не көрді сол экономикалық ой- өріс туралы нақты бейне.

  • Қарапайым ой-өрістің ерекшелігі ол оның мінезінің субъективтілігі, яғни жеке экономикалық психологияның қалаптасуы

  • Шаруашылық істің тым тар белесі қателіктер мен кемшіліктерге әкеп соғады

  • Оқиғаның қарапайым ой-өрісінде шаруашылық өмір оқиғалары бейтараптылықпен көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]