Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TMI-2012 (1).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
847 Кб
Скачать
☆

2. Ғылыми-оқу жұмыстары.

ҒЗЖ бойынша есепті тапсырыс берушіге тапсыру орындалған жұмысты қабылдау мен тапсыру актімен расталады және ол орындалған ғылыми-зерттеу жұмысының Менеджментлық есебі болып табылады. Егер жұмыс ұйымның ғылыми зерттеу жоспары бойынша орындалса, онда штаттық ғылыми қызметкерлер зерттеулерді шартсыз штаттық функцияның шегінде орындайды.

Магистратура магистранттары зерттеу жұмысын ҒЗЖ кафедрасының жоспары шегінде бекітілген дербес жоспарға сәйкес орындайды.

Плагиат – бөтен біреудің ғылым, ой, өнер немесе талдама шығармашылығының авторлығын қасақана иемдену. Плагиат авторлық-құқық заңнамасының және патенттік заңнаманың бұзылуы мүмкін және құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Бірақ плагиат интеллектуалдық меншіктің кез келген саласына таралмайды, мысалы, математика және басқа да фундаменталды ғылыми пәндер.

Көп жағдайларда плагиат бөтеннің ойын немесе шығармашылығын өз атынан басып шығаруда көрініс табады, сонымен қатар бөтеннің шығармасының бөлігін алып, оның қайнар көзін көрсетпеуден көрініс табады. Плагиаттың негізгі белгісі болып авторлықты иемдену табылады, себебі авторлық құқықпен қорғалатын шығарманы құқыққа қайшы қолдану, басып шығару, көшірмесін жасау және т.с.с. плагиат емес, пираттық болып табылады.Қ қайшы интеллектуалдық еңбектің нәтижесін қолдану кезінде және басып шығарушы тұлғаның авторлықты иемдену кезінде пираттық плагиатқа айналады.

3.Диссертациялық жұмыстар.

Магистранттардың ғылыми зерттеу методологиясын толық меңгеру, ой-өрісін жоғары дәрежеде дамыту және оны экономикалық іскерлік аспектілерді дамыту жолында тәжірибе жүзінде дұрыс қолдана білу.

Зерттеу жұмыстарын жүргізуде методологиялық және методикалық негіздерді зерттеу. Зерттеу жұмыстары процесінің құрылымы мен этаптарын зерте. Зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі әдістерін терең зерттеу және өзіндік талдау қабілеттілігін осы негізде толық меңгеру. Ақпараттық түпнұсқалармен жұмысты жүргізуді толық меңгеру- зерттеу жұмысының аналитикалық базасын қолдану. Ғылыми материал анализінің терең және тұрақты емес негізінде рекомендация жасау білуді дамыту

Өзіндік жасалған зерттеу жұмыстарының аралық және қорытынды нәтижелерін көрсету.

Магистрлік диссертациялық жұмыстар жазылу барысында қажетті талаптар:

  • Ғылыми талдаудың әдістерін қолдана білу

  • Аналитикалық аппаратты ғылыми және дәлелдемелі түрде қолдану

  • Зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістерін пайдалы қолдану

  • Практикалық маңызды рекомендацияларды алу мақсатында алынған нәтижелерді пайдалы түрде интерпритациялау

  • Белгілі бір проблеманы дұрыс анықтау және аша білу

  • Өзінің квалификациялық кәсіптік деңгейін көрсете білу

  • Ғылыми ізденіс жұмыстарын өзіндік түрде жүргізе білу және экономика немесе бизнес саласында маңызды қойылған талаптарды нақты түрде шешу.

4.Теориялық және талдаулық әдістер бойынша зерттеу.

Таңдаған жүйенің өзектілігін негіздеу – кез келген зерттеудің алғашқы кезеңі. Автордың тақырыпты таңдау қабілеті және ол тақырыпты қаншалықты дұрыс түсінетіндігі және әлеуметтік маңыздылығы мен қазіргі заман тұрғысынан бағалауы – оның ғылыми кемелдігін және кәсіптік дайындығын көрсетеді.

Өзектілікті көп сөзбен түсіндірудің қажеті жоқ. Басылған бір беттің шегінде негізгіні көрсету жеткілікті болады, яғни даулы жағдайдың мәнін көрсетсең тақырыптың өзектілігі байқалады.

Кез келген зерттеу жұмысы жаңа құбылыстарды тану процессінде белгілі бір қиындықтарды жеңу үшін, алғашында белгісіз фактілерді түсіндіру немесе белгілі фактілерді түсіндіру әдістерінің толық еместігін анықтау үшін жүргізіледі. Тақырыптың өзектілігі бұл салада қандай да болсын білімді алу үшін қоғамның, тапсырыс берушінің, тұтынушының қажеттілігін анықтайды. Кез келген жаңа өнім сияқты жаңа білім де қажеттілікте негізделуін керек етеді: кімге, не мақсатта бұл білімдер керек, көлемі қаншалықты, бұл білімдердің сапасы және т.б.

Таңдаған тақырыптың өзектілігін дәлелдеуден зерттеудің мақсатын құрастыруға көшкен жөн, сондай-ақ сол мақсатқа сәйкес нақты қандай тапсырмаларды шешу керек болатынын көрсету қажет. Ол негізінен атап кету формасында жасалады (оқып үйрену..., сипаттау..., анықтау..., формуланы құру және т.с.с.). Зерттеушінің жаңа білімдердің көлемі мен сапасы жөніндегі сұрақтарға жауап беру ынтасы зерттеудің мақсатын анықтайды. Тақырыпты және мақсатты құру - зерттеудегі маңызды кезең. Ең басында бұл элементтерді нақты белгілеу қажет, себебі олар болашақта зерттеудің өзінің тапсырмаларын анықтайды: нені оқу, нені анализдеу, қандай әдістермен жаңа білімдерді алуға болады?

Зерттеу мақсатын нақтырақ түсіну тақырыпты кейбір өзгерістерге ұшыратуға әкелуі мүмкін, бірақ бұл зерттеудің әлеуметтік тапсырысының мәнін өзгертпеуі керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]