Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TMI-2012 (1).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
847 Кб
Скачать
☆
  1. Ғылыми бақылау.

Ғылыми зерттеудің қорытынды кезеңі болып қорытынды табылады, ол жүргізілген жұмыстың ғылыми және тәжірибелік нәтижесін құрайтын, жаңа және мәнді болады.

Ғылыми зерттеудің өте маңызды кезеңі – оның нәтижелерін талқылау. Ол ғылыми семниарларда, коференцияларда немесе зерттеу тақырыбын таңдаған тапсырыс берушінің кәсіпорынның техникалық Кеңесінде талқыланады. Онда зерттеу нәтижелерінің теориялық және тәжірибелік құндылықтарына алдын ала баға беріледі.

  1. Ізденудің негізгі нәтижесі.

Жұмыстың негізгі мәтіні кем дегенде үш тараудан тұрады, әр тарау бөлімшелерге бөлінеді. Бөлімшелердің мазмұны кіріспеде көрсетілген міндеттерге сай болу керек және жұмыстың тақырыбын дәйекті ашу керек. Әр бөлімше қысқаша қорытындымен аяқталу керек.

Негізгі бөлім төмендегілерден тұру қажет:

Зерттеудің бағытын таңдау және оны негіздеу, тапсырмаларды шешу әдісі мен оларға салыстырмалы баға беру, жұмысты жүргізудің таңдаған жалпы әдістемесін сипаттау;

Теориялық және (немесе) эксперименталды зерттеулердің процессі, теориялық зерттеулердің сипаты мен құрамын анықтау, зерттеудің әдісі, есептеу әдісі, эксперименталды жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін негіздеу, өңдеген объектілердің және олардың сипаттамаларының қызмет ету қағидалары;

Зерттеу нәтижелерін жалпыландыру және бағалау және жұмыстың болашақ бағыты бойынша ұсыныстарды беру, алынған нәтижелердің анықтығын бағалау және оларды отандық және шетелдің жұмыстардың нәтижелерімен салыстыру. [kgl]

[gl]5-тақырып. Диссерттациялық жұмыстың құрылымы және мазмұны.[:]

Мақсаты: Диссерттациялық жұмыстың құрылымы және мазмұны бойынша толық сипаттама беру.

Дәрістің құрылымы:

    1. Магистрлік диссерттациялық жұмыстың құрылымы және мазмұнының мәні мен маңыздылығы.

    2. Жалпы ғылыми зерттеудің негізгі қалыптастыру және дұрыстау әдістері.

    3. Диссертациялық зерттеудің талаптары.

      1. Магистрлік диссерттациялық жұмыстың құрылымы және мазмұнының мәні мен маңыздылығы.

Таңдаған жүйенің өзектілігін негіздеу – кез келген зерттеудің алғашқы кезеңі. Автордың тақырыпты таңдау қабілеті және ол тақырыпты қаншалықты дұрыс түсінетіндігі және әлеуметтік маңыздылығы мен қазіргі заман тұрғысынан бағалауы – оның ғылыми кемелдігін және кәсіптік дайындығын көрсетеді.

Өзектілікті көп сөзбен түсіндірудің қажеті жоқ. Басылған бір беттің шегінде негізгіні көрсету жеткілікті болады, яғни даулы жағдайдың мәнін көрсетсең тақырыптың өзектілігі байқалады.

Кез келген зерттеу жұмысы жаңа құбылыстарды тану процессінде белгілі бір қиындықтарды жеңу үшін, алғашында белгісіз фактілерді түсіндіру немесе белгілі фактілерді түсіндіру әдістерінің толық еместігін анықтау үшін жүргізіледі. Тақырыптың өзектілігі бұл салада қандай да болсын білімді алу үшін қоғамның, тапсырыс берушінің, тұтынушының қажеттілігін анықтайды. Кез келген жаңа өнім сияқты жаңа білім де қажеттілікте негізделуін керек етеді: кімге, не мақсатта бұл білімдер керек, көлемі қаншалықты, бұл білімдердің сапасы және т.б.

Таңдаған тақырыптың өзектілігін дәлелдеуден зерттеудің мақсатын құрастыруға көшкен жөн, сондай-ақ сол мақсатқа сәйкес нақты қандай тапсырмаларды шешу керек болатынын көрсету қажет. Ол негізінен атап кету формасында жасалады (оқып үйрену..., сипаттау..., анықтау..., формуланы құру және т.с.с.). Зерттеушінің жаңа білімдердің көлемі мен сапасы жөніндегі сұрақтарға жауап беру ынтасы зерттеудің мақсатын анықтайды. Тақырыпты және мақсатты құру - зерттеудегі маңызды кезең. Ең басында бұл элементтерді нақты белгілеу қажет, себебі олар болашақта зерттеудің өзінің тапсырмаларын анықтайды: нені оқу, нені анализдеу, қандай әдістермен жаңа білімдерді алуға болады?

Зерттеу мақсатын нақтырақ түсіну тақырыпты кейбір өзгерістерге ұшыратуға әкелуі мүмкін, бірақ бұл зерттеудің әлеуметтік тапсырысының мәнін өзгертпеуі керек.

Құрылған мақсат негізінде зерттеуші өз алдына міндет қояды. Міндет – мақсаттың құрылымын ашатын, зерттеу мақсатының конструкциясы.

Зерттеушінің алдында тұрған міндеттерге байланысты зерттеудің объектісі мен пәні анықталады. Объект белгілі бір құқықтық құбылысты, берілген аумақтағы және берілген уақыт шегіндегі процессті нақтыландырады.

Ғылыми зерттеудің маңызды кезеңі болып зерттеу әдісін таңдау табылады, ол қойылған мақсатқа жетудің қажетті шарты ретінде, фактілі материалды зерттеудің құралы болып табылады. Зерттеу процессін сипаттау – диссертациялық жұмыстың негізгі бөлігі, онда логикалық белгілер мен заңдарды қолданып зерттеудің әдісі мен техникасы көрсетіледі.

Ғылыми зерттеудің қорытынды кезеңі болып қорытынды табылады, ол жүргізілген жұмыстың ғылыми және тәжірибелік нәтижесін құрайтын, жаңа және мәнді болады.

Ғылыми зерттеудің өте маңызды кезеңі – оның нәтижелерін талқылау. Ол ғылыми семниарларда, коференцияларда немесе зерттеу тақырыбын таңдаған тапсырыс берушінің кәсіпорынның техникалық Кеңесінде талқыланады. Онда зерттеу нәтижелерінің теориялық және тәжірибелік құндылықтарына алдын ала баға беріледі.

Жұмыстың негізгі мәтіні кем дегенде үш тараудан тұрады, әр тарау бөлімшелерге бөлінеді. Бөлімшелердің мазмұны кіріспеде көрсетілген міндеттерге сай болу керек және жұмыстың тақырыбын дәйекті ашу керек. Әр бөлімше қысқаша қорытындымен аяқталу керек.

Негізгі бөлім төмендегілерден тұру қажет:

  • Зерттеудің бағытын таңдау және оны негіздеу, тапсырмаларды шешу әдісі мен оларға салыстырмалы баға беру, жұмысты жүргізудің таңдаған жалпы әдістемесін сипаттау;

  • Теориялық және (немесе) эксперименталды зерттеулердің процессі, теориялық зерттеулердің сипаты мен құрамын анықтау, зерттеудің әдісі, есептеу әдісі, эксперименталды жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін негіздеу, өңдеген объектілердің және олардың сипаттамаларының қызмет ету қағидалары;

  • Зерттеу нәтижелерін жалпыландыру және бағалау және жұмыстың болашақ бағыты бойынша ұсыныстарды беру, алынған нәтижелердің анықтығын бағалау және оларды отандық және шетелдің жұмыстардың нәтижелерімен салыстыру.

Жұмыстың теориялық бөлімде (1-тарау) магистрант зерттеліп жатқан мәселенің негізгі методологиялық және әдістемелік аспектірен ашу керек. Мысалы, теория жағдайына, ұқсас мәселелерді шешудің халықаралық және отандық тәжірибеге критикалық шолу өткізуге болады. Берілген мәселе жөнінде әдебиеттердің кең аясын оқу барысында магистрант мәселені шешу үшін әртүрлі жолдарды зерттеуі керек, теориялық қағидалардың дискуссиялық сипатын анықтап және өзінің авторлық көзқарасын негіздеуді үйрену керек. Бұл тарауда магистрант мәселенің теориялық аспектілері жөніндегі білімін көрсетіп қана қоймай, нақты тәжірибелік міндеттерді шешу үшін теорияның адаптация мақсатымен зерттеу дағдыларын көрсету қажет.

Диссертацияның аналитикалық бөлімі (2-тарау) тәжірибелік мәселенің негізгі аспектілерін ашуға бағытталған. Магистрант нақты зерттеу объектісінің қызметін сипаттайтын материалдарға әртүрлі ғылыми әдістерді және арнайы бағдарлама құралдарын (MS Exel, Eviews және т.б.) қолданып детальді, мұқият талдау жүргізуі керек. Бұл тарауды жазу кезінде магистрант алынған қорытындылар мен нәтижелерді негіздеу және дәлелдеу қабілетін көрсету қажет.

Диссертацияның конструктивті (кепілдемелік) бөлімінде (3-тарауда) диссертацияда көтеріліп жатқан мәселені шешуге бағытталған негізгі кепілдемелерді және ұсыныстарды жетілдіру және негіздеу көріну керек. Бұл тараудың айрықша ерекшелігі – диссертациядағы ұсыныстардың және магистранттың кепілдемелерінің тәжірибелік қолданылуы және қолданудың шындығы.

Қорытындыда жалпы жұмыс бойынша тұжырымдар беріледі. Оның құрамына барлық тараулар бойынша ең маңызды қорытындылар кіреді. Қорытындылар кіріспеде көрсетілген жұмыстың міндеттеріне сәйкес болу керек, сонымен қатар автор шығарған нәтижелердің тәжірибелік құндылығын көрсету қажет.

Әдебиеттер тізімі. Диссертацияны жазу кезінде автор міндетті түрде материалды алған, бөлек сөйлемдерді сілтеме ретінде қолданған немесе нәтижелерін қолданған авторға және қайнаркөзге сілтеме жасауы керек. Тізім бекітілген үлгіге сәйкес рәсімделеді.

Жұмыстың қысқаша мазмұны. Автор сонымен қатар үш-төрт бетке басылған, жұмыстың негізгі идеясын және ең маңызды қорытындыларын көрсететін өз жұмысының қысқаша мазмұнын қорғауға дайындау қажет. Болашақта бұл құжат қорғауға дайындалған баяндаманың негізі бола алады, сондай-ақ егер оған магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісінің және Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының кепілдемесі берілген болса, онда жұмыстың нәтижелерін басып шығаруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]