- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Тақырыптардың мазмұны
- •8.1 Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Оқу формасы: күндізгі
- •8 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Мөж және омөж тапсырмаларының жоспарлары.
- •7. 1 Семинар (тәжірибе), лабораториялық сабақтардың жоспары
- •7.2 Моөж жоспары
- •8 Моөж өткізу кесетесі
- •9. Мөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10. Бағалау түрлері
- •10.1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы.
- •10.2 Магистрантқа рейтинг қою шкаласы
- •10.4 Баға қою саясаты
- •1 Кесте. – Пән бойынша балдар келесідей есептелінеді
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
- •5. Дәріс кешені
- •Қонақ үй кәсіпорнындағы айналым құралдарының мәні мен құрамы
- •Қонақ үй кәсіпорнының айналмалы құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
- •Айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау
- •Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •Шығындар және олардың жіктелуі
- •Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы
- •Шығынды есепке алудың әдiстерi
- •Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі
- •Кәсіпорын пайдасы мен оны есептеу әдістері
- •Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері.
- •Еңбек өнiмдiлiгі: анықтамасы, көрсеткiштері. Өндiру көлемі және еңбексыйымдылығы, олардың сипаттамасы
- •Кәсіпорынның кадрлар санын жоспарлау. Жұмыс уақытының бюджетін есептеу
- •Еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау
- •Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.
- •6. Семинар сабағының жоспары
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Мөж тапсырмалары
- •9. Магистранттардың оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •10. Оқу процесін мультимедиялық және бағдарламалық сүйемелдеу
- •11. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
Қонақ үй кәсіпорнының айналмалы құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
Айналмалы құралдарды дұрыс ұйымдастыру, оларды тиімді басқару және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру өте маңызды болып табылады. Айналмалы құралдарды пайдалану қарқындылығының маңызды көрсеткіші олардың айналу жылдамдығы болып табылады. Айналмалы құралдарды жаратудың тиімділігі қонақ үй кәсіпорны шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Айналмалы құралдардың айналу жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, несиеге деге мұқтаждық та соғұрлым төмен, соған сәйкес шығындар аз, банк несиесін пайдаланғаны үшін, қорларды сақтау, тауарларды және шикізатты жоғалту шығындарды азайту есебінен пайда көп болады.
Айналмалы құралдарды айналу жылдамдығының көрсеткіштер жүйесі сипаттайды.
Айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау
Айналым құралдарындағы қажеттілікті жоспарлауда үш әдіс қолданылады: аналитикалық, коэффициенттік және тікелей есептеу әдісі. Аналитикалық және коэффициенттік әдіс бір жылдан астам тұрақты жұмыс жасаған, өткен кезеңдердегі айналым құралдары мөлшерінің өзгеруі туралы статистикалық деректері бар кәсіпорынға қолданылады.
Аналитикалық әдіске негізделген айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау үдерісі өндірістің өсуін ескере отырып, кәсіпорындағы орташа есеппен алғандағы нақты қалған айналым құралдар мөлшерін зерттеуге сүйенеді. Сонымен қатар кәсіпорынның алдағы жылдарындағы нақты жұмыс атқару жағдайы есепке алынады.
Коэффициенттік әдіс негізінде қорлар мен шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты (шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс шығындары және т.б.) және оған байланысты емес (қосалқы бөлшектер, бағалы емес және тез тозатын жабдықтар, алдағы кезең шығындары) болып бөлінеді. Бірінші топ бойынша айналым құралдарына деген қажеттілік базистік жылдың мөлшеріне және алдағы жылдың өнім/қызмет өндірісінің өсу қарқынына байланысты анықталады. Өндіріс көлеміне пропорционалды байланысы жоқ айналмалы құралдардың екінші тобы бойынша қажеттілік бірнеше қатар жылдардағы нақты қалдықтардың орташа көрсеткішін шығару арқылы жоспарланады. Қажет болған жағдайда аналитикалық және коэффициенттік әдістерін қоса пайдалануға болады. Алдымен аналитикалық әдіс бойынша өндіріс көлеміне байланысты айналым құралдарындағы қажеттілік анықталады, содан кейін коэффициенттік әдіс көмегімен өндіріс көлемінің өзгерісі есептеледі.
Тікелей есеп әдісі кәсіпорынның ұйымдық-техникалық даму деңгейін, сатылған өнім және қызмет бойынша есептесу тәжірибесін есепке ала отырып айналым құралдарының әр элементтерінің қоры бойынша негізделген есеп жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тікелей есеп әдісі жаңа кәсіпорын ұйымдастырылуында және әрекет етуші кәсіпорынның айналым қаражаттарындағы қажеттілікті кезең сайын айқындауда қолданылады. Жалпы түрде оның құрамы мынадай жұмыс кезеңдерін қарастырады:
Кәсіпорындағы айналым құралдарының жалпы нормативі олардың барлық элементінің нормативтік сомасына тең болып келеді және кәсіпорынның айналым құралдарына деген жалпы қажеттілігін анықтайды. Белгілі күндердегі барлық айналым құралдарының нормасы қызметтің немесе тауарлық өнімнің біркүндік шығарылымының айналым құралдарының жиынтық нормативіне бөлу арқылы анықталады.
