- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Тақырыптардың мазмұны
- •8.1 Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Оқу формасы: күндізгі
- •8 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Мөж және омөж тапсырмаларының жоспарлары.
- •7. 1 Семинар (тәжірибе), лабораториялық сабақтардың жоспары
- •7.2 Моөж жоспары
- •8 Моөж өткізу кесетесі
- •9. Мөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10. Бағалау түрлері
- •10.1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы.
- •10.2 Магистрантқа рейтинг қою шкаласы
- •10.4 Баға қою саясаты
- •1 Кесте. – Пән бойынша балдар келесідей есептелінеді
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
- •5. Дәріс кешені
- •Қонақ үй кәсіпорнындағы айналым құралдарының мәні мен құрамы
- •Қонақ үй кәсіпорнының айналмалы құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
- •Айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау
- •Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •Шығындар және олардың жіктелуі
- •Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы
- •Шығынды есепке алудың әдiстерi
- •Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі
- •Кәсіпорын пайдасы мен оны есептеу әдістері
- •Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері.
- •Еңбек өнiмдiлiгі: анықтамасы, көрсеткiштері. Өндiру көлемі және еңбексыйымдылығы, олардың сипаттамасы
- •Кәсіпорынның кадрлар санын жоспарлау. Жұмыс уақытының бюджетін есептеу
- •Еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау
- •Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.
- •6. Семинар сабағының жоспары
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Мөж тапсырмалары
- •9. Магистранттардың оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •10. Оқу процесін мультимедиялық және бағдарламалық сүйемелдеу
- •11. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы
Калькуляциялау (лат. сөзінен calculatio – есеп, есептеу) – тауарлық өнімнің немесе қызметтің, оның бөлшектерінің, нақты бұйымдар түрлерінің, кәсіпорын бөлімшелерінің шығын сомасының өзіндік құнын анықтауға арналған есептеу жүйесі.
Өнiмдердiң немесе қызметтердің өзiндiк құны - кәсiпорынның өнiмдердi немесе қызметтерді өндiруге және сатуға кеткен шығындардың ақшалай нысанда бейнеленуі.
Өнiмдер немесе қызметтер бiрлiгiнiң өзiндiк құнының калькуляциялау шығындары пайда болған орыны және тағайындалу қасиеттері бойынша біріктірілген шығын баптары бойынша жіктеледі. Шығындарды баптары бойынша топтастыру кесте 8.1-де көрсетілген.
Кәсiпорындардағы жіктелімдік шығындар баптарының толықтай қамтылуына байланысты өзiндiк құнның түрлерi төмендегідей ажыратылады:
бөлiмше өнімдерінің немесе қызметтерінің өзiндiк құны;
кәсiпорынның өндiрiстiк өнімдерінің немесе қызметтерінің өзiндiк құны;
кәсiпорынның толық өнімдерінің немесе қызметтерінің өзiндiк құны.
Кесте 8.1. Шығындарды шығындар баптары бойынша топтастыру
Шығындар бабы |
Өзіндік құнның түрлері |
||
|
Бөлiмше өнімдерінің / қызметтерінің өзiндiк құны |
Кәсiпорынның өндiрiстiк өнімдерінің / қызметтерінің өзiндiк құны |
Кәсiпорынның толық өнімдерінің / қызметтерінің өзiндiк құны |
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
|
|||
Бөлiмше өнімдерінің немесе қызметтерінің өзiндiк құны осы бөлімшенің шығындарынан құралады.
Кәсiпорынның өндiрiстiк өнімдерінің немесе қызметтерінің өзiндiк құны өндіріс үдерісі және кәсіпорынды басқарумен байланысты кәсіпорынның барлық шығындарының негізінде қалыптасады.
Өнімдердің немесе қызметтердің өндiрiстiк өзiндiк құны келесі жолдармен анықталуы мүмкін:
а) жалпы шығындар сомасынан өндірістік емес шоттарға қатысты шығындарды (өздерінің кәсіпорыны үшін істелген күрделi құрылыс бойынша жұмыстардың құны және ғимаратта күрделi жөндеулер өткізу шығындары), басқа ұйымдарға көрсетілген көліктік қызмет шығындарын және тағы сол сияқтыларды алып тастау;
ә) болашақ кезеңдегі шығындар қалдықтарының өзгерiсiн ескеру: олардың өсуі кезінде өсім сомасы өндiрiске кеткен шығындардан шегеріледi, ал азаюы кезінде қосылады;
б) аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгерісін ескеру: өсім өнімдердің немесе қызметтердің өзiндiк құнын азайтады.
Толық өзіндік құн өндірістік шығындардан басқа өнімдерді сатуға кететін шығындардан тұрады және оның құрамына өндірістік өзіндік құн мен өндірістен тыс шығындар кіреді.
Өнімдердің немесе қызметтердің толық өзiндiк құны кәсіпорынның пайда сомасын анықтауға мүмкіндік беретін өткізілетін өнімдер немесе қызметтер құнынан өткізілмеген өнiм қалдықтарының бар болуымен ерекшеленеді. Өткізуге арналған өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін өнімнің толық өзіндік құнына жоспарлы кезең басында өткізілмеген өнім қалдықтарының өзіндік құны қосылуы тиіс және жоспарлы кезеңнің аяғындағы өткізілмеген өнім қалдықтарының өзіндік құны шегерілуі тиіс.
Шығындарды жеке калькуляциялық баптары бойынша анықтау өнімдерді немесе қызметтерді өндіруіне байланысты тікелей шығындарды нормативті түрде есептеу және жанама шығындарды өзіндік құны бойынша бөлуге негізделеді.
Шикiзат және материалдарға кеткен шығындар өнімдердің немесе қызметтердің нормалық шығындарын осы өнімді немесе қызметті шығаруға қажет материалдық құралдардың бағасына көбейту арқылы анықтайды. Нәтижесінде көлiктік және даярлау шығындары қосылады және сату (қолдану) бағасы негізінде қайтарымды (тара) қалдықтардың құны шегеріледi.
Материалдар және шикiзаттардың шығындар құны бастапқы құжаттардың негiзiнде тиiстi өнiмге және қызмет құнына қосылады.
Тура осылай «отын және энергия» бабына жататын шығындар есептеледі, яғни отын-энергиялық құралдарының шығын нормасы өнім немесе қызмет бірлігінің сәйкес бағасына көбейтіледі.
Тұрақты және уақытша қызметкерлердiң еңбекақысына кететін шығындар екі жолмен анықталады: еңбек ақыны келісімді негізде төлеуде еңбек шығындарының жоспарлы нормаларын анықтау негізінде, яғни өндіру нормаларына байланысты болып келеді; мерзім негізінде еңбек ақыны төлеуде нормативті жүктеме және өндірістің жоспарлы көлемі негізінде анықталады. Осы калькуляциялық бапқа жұмыскерлерге қосымша төленетін келісімді сыйақылар жатқызылады.
Әлеуметтiк қажеттіліктерге кететін қаржылық аударымдар бекітілген нормалар негізінде пайыз мөлшерінде өндiрiстiк жұмыскерлерге кететін еңбекақы (негiзгi және қосымша) шығындарынан есептеледі.
Өндiрiстi игеру және дайындауға қатысты шығындар смета және бекітілген шығындарды өтеу мерзіміндегі шығарылатын өнімнің жоспарлы көлемі негізінде жеке өнім түрлерінің жоспарлы калькуляциясына жатқызылады.
Жанама шығындар жеке өнiм түрлерiнiң өзiндiк құнына әр түрлі әдістер негізінде қосылады.
Жабдықтарды қолдануға байланысты шығындар жеке бұйымдар құнына мынадай әдістер негізінде қосылады: машина-сағат коэффицентінің негізінде шығарылатын сметалық мөлшерлеме негізінде; өнім бірлігінің сәйкес шығындарын тікелей есепке жатқызу әдісі арқылы; өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына пропорционалды түрде анықталады.
Өнім құнының калькуляциясындағы жалпы өндiрiстік шығындар жұмыскерлердің еңбек ақысына пропорцианалды есептеледі.
Амортизациялық төлемдер негiзгi қорлардың жеке түрлерiнің бекітілген нормалары негізінде есептеледі. Өнімдердің немесе қызметтердің жеке түрлерiнiң арасындағы шаруашылық шығындар тура осылай бөлінеді.
Өндiрiстiк жоғалтулар өндiрiстiк қызметтiң жеке түрлерінде, мысалы, қоғамдық тамақтандыруда, материалдық құралдардың кемуі түрінде жоспарланады.
Өзге өндiрiстiк шығындар тиiстi өнімдердің немесе қызметтердің өзiндiк құнына тiкелей қосылады немесе олардың жеке қызметтері ортасында бөлінеді (өндiрiстiк өзiндiк құнындағы үлесіне байланысты болып келеді).
Өндiрiстен тыс шығындар жеке өнімдердің немесе қызметтердің өндірістік өзіндік құнына пропорционалды өнім бірліктерінің құнына жатқызылады.
Өнімдердің немесе қызметтердің өзiндiк құнын калькуляциялау үдерісі құрамына мыналарді жатқызады:
өнiмдер мен қызметтердің негiзгi және қосалқы өндiрiсінің шығындарын айыру;
шығындарды өнiмдер мен қызметтер түрлерiнiң арасында бөлу;
дайын өнiмге және аяқталмаған өндiрiске жататын шығындар сомасын анықтау;
өндiрiс қалдықтарын бағалау;
өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын есептеп шығару.
Өзiндiк құнның калькуляциясы өнiм бiрлiгiнiң бағасын анықтау, кәсiпорын шығынын өндiрiстiк-шаруашылық қызметі нәтижелерiмен салыстыру, кәсiпорын жұмысының тиiмдiлiк деңгейiн анықтау және тағы басқа мақсаттарды анықтау үшін қажет.
Қонақ үйдегi калькуляциялық үдерістің нысандары келесілер бола алады: тұрғын бөлме; қызмет бірлігі; тағам және сусын; іскерлік кездесулерге, банкеттерге, көрмелерге ғимараттарды беру және т.б.
Калькуляциялық бірлік салалық стандартта қабылданған өлшем бiрлiгіне және кәсiпорынның өндiрiстiк қызметіне сәйкес келуi тиіс.
Тағайындалуына байланысты калькуляция жоспарлы, сметалық, нормативтiк, жобалық, есептік және шаруашылық болып бөлінеді.
Жоспарлы калькуляция жоспарланатын мерзiмдегi өнімдер немесе қызметтерді жасауға кететін шығындардың барынша мүмкiн өлшемін ескередi және жоспарға қосылған өнімдер мен қызметтердің барлық түрлеріне жасалады.
Сметалық калькуляция жоспарлы калькуляция сияқты жасалады, айырмашылығы – бiр реттік жұмыстар мен қызметтердi ғана ескереді. Көп жағдайда ол жабдықтаушылармен есептесу бағаларының негiзi ретінде қарастырылады.
Нормативтiк калькуляция – шығындар сметасымен бекітілген шикізат және материалдарды қолдану көлемі, еңбек ақы мөлшерінің нормалары негізінде өнімнің немесе қызметтің өзіндік құнын есептеу. Жоспарлы калькуляцияға қарағанда нормативтік калькуляция өзіндік құн деңгейін нақты қызмет атқару мерзімінде көрсетеді.
Жобалық калькуляция өнімдер немесе қызметтер өндiрiсiн дайындау барысында анықталады және жобаланған жаңа кәсiпорындар тиiмдiлiгін дәйектеуге арналады. Оны iрiлендiрiлген шығын нормативтері негізінде есептейді.
Есептік калькуляция өнімдер мен қызметтер бiрлiгiнiң нақты өзiндiк құнын көрсетеді, оны жоспарлы калькуляция сияқты есептейді, бiрақ қосымша кейбiр болжанбаған жоғалтулар мен шығындар көлемі ескерiледі.
Шаруашылық калькуляцияны әдетте бөлімше өніміне ғана есептейді және осы бөлімше құзырына жататын шығын баптары бойынша қалыптастырады.
