- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Тақырыптардың мазмұны
- •8.1 Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Оқу формасы: күндізгі
- •8 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Мөж және омөж тапсырмаларының жоспарлары.
- •7. 1 Семинар (тәжірибе), лабораториялық сабақтардың жоспары
- •7.2 Моөж жоспары
- •8 Моөж өткізу кесетесі
- •9. Мөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10. Бағалау түрлері
- •10.1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы.
- •10.2 Магистрантқа рейтинг қою шкаласы
- •10.4 Баға қою саясаты
- •1 Кесте. – Пән бойынша балдар келесідей есептелінеді
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
- •5. Дәріс кешені
- •Қонақ үй кәсіпорнындағы айналым құралдарының мәні мен құрамы
- •Қонақ үй кәсіпорнының айналмалы құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
- •Айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау
- •Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •Шығындар және олардың жіктелуі
- •Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы
- •Шығынды есепке алудың әдiстерi
- •Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі
- •Кәсіпорын пайдасы мен оны есептеу әдістері
- •Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері.
- •Еңбек өнiмдiлiгі: анықтамасы, көрсеткiштері. Өндiру көлемі және еңбексыйымдылығы, олардың сипаттамасы
- •Кәсіпорынның кадрлар санын жоспарлау. Жұмыс уақытының бюджетін есептеу
- •Еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау
- •Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.
- •6. Семинар сабағының жоспары
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Мөж тапсырмалары
- •9. Магистранттардың оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •10. Оқу процесін мультимедиялық және бағдарламалық сүйемелдеу
- •11. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
Шығынды есепке алудың әдiстерi
Өнiмнің түрi, күрделiлiгi, типі және өндiрiстің ұйымдастырылу сипатына байланысты кәсiпорындарда өнімдердің мен қызметтердің нақты өзіндiк құнынын есептеудің әртүрлi әдiстерi қолданылады. Олардың ішінде кең тараған - нормативтік (жоспарлы) және тапсырыстық әдістер.
Нормативтiк әдіс шығындарды есепке алу және өнімдер мен қызметтердің өзіндiк құнын есептеудің ең кең таралған әдістерінің бірі болып табылады. Шығындарды есептеу жүйесінде оны қолданудың маңызды себебі күнтізбелік мерзімнің басында күші болған нормалар бойынша нормативтік (жоспарлы) калькуляцияны жасақтау және өндірістік үдерістің жүзеге асырылуы барысында қарастырылған нормалардың ауытқу мөлшерін анықтау.
Күші бар нормалар деп кәсіпорынның басқарушы аппараты бекіткен, технологиялық үдеріс сипатына ие нормалар мен нормативтер, яғни, бұл нормалар мен нормативтердің негізінде күнтізбелік мерзімде шікізаттарды және материалдарды өнімдер мен қызмет өндірісіне босату және атқарылған жұмыстардың құнын төлеу үдерістері жүзеге асырылады. Нормалардың ауытқуы деп шикі заттар мен материалдардың, еңбек ақының және тағы басқа өндірістік шығындардың аз немесе көп мөлшерде кетуін айтады.
Бұйымның нақты өзіндік құнын анықтау барысында оның әр бабы бойынша нормативтік өзіндік құнын шығындардың қосынды есеп мәліметтер тізімінде есептелген нормалардаң ауытқу индекстеріне көбейтеді. Осының негізінде сәйкес белгілермен (оң немесе теріс) шығарылған сомаларды әр калькуляцияның бабына сәйкес бұйымның нормативтiк өзiндiк құнына қосады.
Өзіндік құнның нормативтік калькуляциясы және ағымды айдағы нормалардың ауытқулары, шығарылған өнім көлемінің өзгеруі тіркелген құжаттар негізінде бухгалтерия есепті айдағы шығындардың нақты көлемін анықтайды.
Жалпы шығындар сметасын жасақтау үдерісі әр бөлімшенің шығындар сметасын әзірлеуінен басталады. Өндірістік бөлімшелердің шығындар сметаларының қосындысынан жалпы кәсіпорындық шығындар сметасы жасақталып өнім мен қызметтің өзіндік құн көрсеткіштері анықталады.
Сметаның элементтеріне мыналар жатады: материалды шығындар, еңбек ақы шығындары, әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар (бірыңғай әлеуметтік салықты қоса есептегенде), негізгі қорлардың амортизациясы және т.б. шығындар.
Олар сәйкес нұсқаулар, әдістеме және ережелер негізінде дәстүрлі түрде анықталады. Элементтер бойынша шығындардың жиынтығы өнім немесе қызмет өндірілуінің жалпы шығындар көлемін құрайды. Бірақ шығындар сметасында көрсетілген жалпы шығындар жиынтығы тек тауарлық өнімді шығаруға арналған шығындардан тұрмайды, сонымен қоса өз құрамына аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өсіміне, болашақ кезеңдегі шығындарға және тауарлық өнімге жатпайтын қызмет көрсету үдерісіне байланысты шығындарды жатқызады.
Өндірістің шығындар сметасы кәсіпорынның қаржылық жоспарын жасағанда, айналмалы құралдарға деген қажеттілікті анықтауда, пайда және шығындар балансын әзірлегенде және кәсіпорын әрекетіндегі басқа қаржылық көрсеткіштерді анықтауда қолданылады.
Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі
Шетелдік кәсіпорындардағы шығындарды есептеу ерекшелігі сонда, олар қаржылық және басқарушылық (өндірістік) жүйелерге бөлінеді. Қаржылық есепті жүргізу және сыртқы қаржылық есептілікті атқару ережелері мемлекет тарапынан реттеледі.
Басқарушылық (өндірістік) есепті ұйымдастыру кәсіпорынның ішкі жұмысы болып табылады. Кәсіпорын әкімшілігі шығындарды қалай жіктеу, қай деңгейде шығындарды тәптіштеу және жауапты орталықтармен байланыстыру, нақты немесе стандартты (жоспарлы, нормативті), толық немесе жеке (ауыспалы, тікелей, шектеулі) шығындарды қалай есепке алу мәселелерін өзі шешеді.
Шығындар төмендегі белгілер бойынша жіктеледі:
баламалы шығындар – бұл макисмалды пайдамен қамтамасыз ететін, өндірістік құралдарды қолданудың ең жақсы мүмкіндігін жоғалту құнының негізінде анықталатын игіліктерді шығару шығындары. Кәсіпорынның баламалы шығындары басқаша экономикалық шығындар деп аталуы мүмкін және бұл шығындар түрі бухгалтерлік шығындармен шатастырылмауы тиіс;
- бухгалтерлік шығындар – басқа шығындардан ерекшілігі кәсіпорын иегерлерінің меншігі болып табылатын өндірістік факторлардың құнында есептелмейді. Бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан кәсіпкердің айқын емес табысы, айқын емес жер рентасы және меншіктік капиталдың айқын емес пайызы мөлшеріне кем болады. Басқаша айтқанда, экономикалық щығындардан барлық айқын емес шығындарды шегерген кезде бухгалтерлік шығындар көлемі анықталады.
Өндірістік шығындар жіктелуінің тәсілдері көп. Оның ішінде негізгілері анық және анық емес шығындардың айырмашылығын анықтауға сүйенеді.
Анық шығындар - өндірістік құралдар иегерлеріне ақшалай төлемдер түрде аударылатын баламалы шығындар. Олар құралдарға (шикі зат, материалдар, жанар май, еңбек күші және т.б.) төленетін кәсіпорын шығындарының сомасы негізінде анықталады.
Айқын емес шығындар – кәсіпорын меншігінде бар құралдарды қолданбау нәтижесінде жоғалтылған пайда көлемі. Яғни бұл шығындар кәсіпорын меншігіндегі құралдарды қолдану деңгейін анықтайды және кәсіпорын меншігіндегі құралдар құнымен анықталады, сонымен қоса бухгалтерлік есепте көрсетілмейді.
Өндірістік шығындар өндіріс факторларының жинақылығы негізінде жіктелімге жатқызылуы мүмкін. Бұл жерде шығындардың тұрақты, ауыспалы және жалпы түрлері болуы мүмкін.
Уақыт аралығының нәтижесі бойынша есептеу жүйесі кәсіпорынның жалпы пайдасын толық шығындар мөлшерімен салыстыру негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде уақыт аралығындағы қызмет атқару тиімділігі анықталады (нетто-пайда немесе нетто-шығын).
Шет мемлекеттердегі кәсіпорындарда осы әдістерден басқа бәсекелестер өндірісіндегі шығындарды салыстырмалы талдау әдісі қолданылады.
Бақылау сұрақтары
Алғашқы элементтер бойынша шығындардың жіктелімін түсiндiрiңiз.
Калькуляцияның баптары бойынша шығындардың жіктелімін түсiндiрiңiз.
Өнiмнiң өзiндiк құны бойынша шығындардың жіктелімін түсiндiрiңiз.
Өнімнiң өндiрiстiк өзiндiк құн ұғымына анықтама берiңiз.
Өнімнiң толық өзiндiк құн ұғымына анықтама берiңiз.
Калькуляцияның нормативтiк әдiсінің негізі неде?
Калькуляцияның тапсырыстық әдiсiн түсiндiрiңiз.
«Стандарт-костинг»-тің «директ-костинг»-тен негізгі айырмашылықтары.
Дәріс 5-6. |
Қонақ үй бизнесі мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы бағаның қалыптасуы:
|
Баға кәсіпорын экономикасында үлкен мәнге ие, ол - тауар массасының бөлінуін, материал ағынының қозғалысын, өндіріс көлемін және құрылымын анықтайды. Баға кіріс көлеміне, қызмет көрсету және тауар өндірісінің тиімділігіне, жалпы айтқанда, қоғам өмірінің деңгейіне әсерін тигізеді.
Баға - қызмет көрсетудің, жұмыстың және өнімнің тауарлық бағасының ақшалай көрінісі. Басқа қырынан алғанда, баға - тұтынушының белгілі бір қызметті немесе тауарды иелену үшін жұмсауға дайын қаражат көлемі.
Ал енді бағаны қалыптастыру үдерісін қарастырайық. 9.1- суретте1 көрсетілгендей, сатушының бағасы толық шығындарды ескеру және қалаған кірісті есептеу негізінде қалыптасады. Кейде бәсекелестердің әсерінен сатушының баға саясатының маркетингтік кеңістігі тарылып, соңы сатушы бағасының төмендеуіне әкеп соғады.
Сурет 9.1. Баға құрылымы
Сатушы мен сатып алушының бағалары сәйкес келген жағдайда қызметті немесе тауарды сату/сатып алу үдерісі жүргізіледі.Басқа жағдайда сатушы өз тауарын не пайда, не шығын келтірмейтін бағада сатуға мәжбүр болады . шығынсыздық нүктесі).
Баға экономикада мынадай негізгі функцияларды орындайды:
Қызметті немесе тауарды өндірудегі шығын есебі функциясы.
Ынталандырушы функция. Бағаның кымбатырақ болғаны өндіріс үдерісінде қызығушылықты жоғарылатады.
Бағаның үлестірушілік функциясы кәсіпорынның қызметі мен тауарын өткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Нарықта қызметтер мен тауар өндірісін жайғастырып, тиімді тарату функциясы.
Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы. Сұраныс жоғары болған сайын, баға да жоғарылайды, немесе керісінше.
Осы қалыпта, нарықтағы баға рөлі мына бағыттарда көрінеді:
баға нарықтың индикаторы сияқты, баға - қалыптасу факторының барлық кешенін, олардың пайда болуын, өсуін, өзара әрекетін бейнелейді;
баға нарықтық факторлар мен субъектілердің мінез-құлқына ықпал жасауды жүзеге асыратын нарықтың маркетингтік реттегіші сияқты.
Кәсіпорынның баға саясаты - баға қалыптастыру әдістерін таңдау, кәсіпорынның бағалау жүйесін талдау, нарықтық бағалық стратегияны таңдау және басқа да аспектілерді қарастыратын, нарық жағдайында өмір сүруді қамтамасыз ететін маркетингтік саясаттың құрамдас бөлігі.
Кәсіпорынның баға саясатының 3 негізгі мақсаты бар: өмір сүруге қабілеттілікті қамтамасыз ету, пайданы максимизациялау және нарықты ұстап қалу.
Өмір сүруге қабілеттілікті қамтамасыз ету - нарықта тауарлары ұқсас өндірушілер көп болған кездегі қатаң бәсекекелестік шарты жағдайында өз іс-әрекетін жүзеге асыратын кәсіпорынның басты мақсаты. Бұл баға саясатының басты компоненттері өнімді өткізу(сату) көлемі мен нарықтағы үлесі боп табылады. Нарықта көп үлеске ие болу үшін және өнім өткізу көлемін жоғарылату үшін төмендетілген баға қолданылады.
Кірісті максималды жоғарлатуға нарық конъюнктурасын өзіне тиімді пайдалануға тырысқан, нарықта тұрақты орны бар кәсіпорын ғана емес, сонымен қатар өз болашағына сенімсіз кәсіпорындарда ұмтылады. Бұл жағдайда кәсіпорын болашақта максималды кіріс әкелетін бағаларға тоқтайды және әр түрлі деңгейдегі баға шығыны мен сұранысқа бағалау жүргізеді.
Нарықты ұстап қалу нарықта бар жағдайды немесе өз іс-әрекетіне қолайлы жағдайды сақтап қалудан тұрады. Бұл мақсатқа жету үшін кәсіпорын бәсекелестік тартыстың күшеюі мен өнім өткізудің төмендеуін сақтап қалу үшін барлық жағдайды қарастырады.
Нарықтық баға ұсыныс пен сұраныс, өндіріс шығыны, бәсекелестер бағасы және т.б факторлардың әсерінен қалыптасады. Тауарға деген сұраныс кәсіпорын белгілей алатын бағаның жоғары деңгейін анықтайды. Өндірістің жалпы шығыны(тұрақты және ауыспалы шығындар сомасы) оның минималды шамасын анықтайды. Бәсекелестердің мінез-құлқы мен олардың өнімдерінің бағасы бағаға елеулі түрде әсер етеді.
Мемлекеттің бағаға әсер етуінің тікелей және жанама әдістері бар. Тікелей әдіс - бағаны қалыптастырудың белгілі бір тәртібін орнату, ал жанама әдіс нарық конъюктурасының өзгерісіне, еңбек ақы, валюталық, салықтық операцияларға, қаржы саласында белгілі бір жағдайды қалыптастыруға негізделеді.
Баға стратегиясы - жоспарлы кезең ішінде нарық жағдайында кәсіпорынның максималды пайда табуға бағытталған бағалардың бірнеше нұсқаларын жүйелі түрде таңдауы. Баға қалыптастырудың қазіргі тәжірибесінде, жалпы түрде сурет 9.2-де көрсетілгендей, баға стратегиясының тармақталған жүйесі қолданылады.
Дифференциалды баға қалыптастыру стратегиясы бір тауарды немесе қызметті әр түрлі бағада сату мүмкіндігіне негізделген. Бұған жататындар:
Екінші нарықтағы жеңілдіктердің бағалық стратегиясы келісім бойынша тұрақты және ауыспалы шығындар ерекшелігіне негізделген. Кәсіпорын үшін бұл әдісті қолдану тиімді. Мысалы, игерілген нарық жағдайында қонақ үй бәсекелестік жағынан ұқсас, бірақ тым арзан қонақ үйлік қызмет көрсетулермен бетпе-бет келеді. Қонақ үй алдында мынадай таңдау тұрады: не өз қызмет көрсетулеріне жоғары бағаны сақтап нарықтың бір бөлігін жоғалту, не бағаны төмендетіп, сол аралықтағы шығынды көтеріп, бірақ өнім өткізу көлемін кеңейту немесе сақтап қалу. Мүмкін болатын стратегияны таңдау жаңа және игерілген нарықта дифференциалды баға қалыптастыру арқылы жасалады.
Кешендік жеңілдіктердің бағалық стратегиясы сатушылардың әр түрлі дәрежелі сұраныстарының ерекшеліктеріне негізделген. Бұл стратегия маусымнан тыс уақыттағы қонақ үйдегі қызмет бағасының уақытша және кезеңдік төмендеуі кезінде - жеткізушілердің және туристік фирмалардың маусымдық емес тарифтерін, күндізгі көрсетілім билеттерінің бағасын, күніне қолданған сусындар бағасын және сонымен қатар максималды күш жұмсалған қызмет бағасын белгілеуде қолданылады. Стратегия туристік өнім «ескірген» жағдайда қолданылады, яғни бағаны төмендету сату көлемін сақтап қалуға мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл тәсіл «қаймақ қалқып алу» стратегиясында да қолданылуы мүмкін. Стратегияның негізгі принципі мынадай: бағаның төмендеуін уақытқа сай болжау және баға төмендеу мүмкіндігі тұтынушыларға белгілі болуы тиіс.
«Кездейсоқ» жеңілдіктер (бағаның «кездейсоқ» төмендеуі) баға стратегиясы кездейсоқ жеңілдікті тудыратын клиенттердің пайда болуына негізделеді. Мысалы, туристік фирма бір уақытта төмен баға туралы ақпараттанған тұтынушылардың және бағаның төмендеуі туралы ақпараттанбаған, турсапарды максималды бағаға сатып ала алатын тұтынушылардың санын максимизациялауға тырысады. Сондықтан бұл стратегия «құбылмалы бағамен сату» деп те аталады.
Сурет 9.2. Баға стратегиясының тармақталған жүйесі
Бәсекелік баға белгілеу стратегиясы кәсіпорынның баға арқылы қызметтің немесе тауардың бәсекеге қабілеттілігін есептеуіне негізделеді. Оған қатыстылары:
Нарыққа енудегі баға стратегиясы өндіріс көлемін ұлғайту есебінен үнемділікке қол жеткізуге негізделген. Бұл стратегия нарыққа жаңа тауарларды енгізу үшін қолданылады;
«Игеру қисығына» негізделген баға стратегиясы бәсекелестерге қарағанда төмен шығынға және кәсіпорыннның нарықтағы жинақталған тәжірибе артықшылығына сүйенеді. Бұл стратегияны қолдану кезінде туристік өнімді бастапқы өмірлік циклінде сатып алған тұтынушылар келесі өмірлік циклде сатып алушыларға қарағанда өнімді төмен бағаға алып, өз қаражаттарын үнемдейді;
«Белгі беруші» баға стратегиясы бәсекелес қонақ үйлер қалыптастырған баға механизміне деген тұтынушылар сенімін қолдануды қарастырады. «Белгі беруші» бағалар бәсекелес қызметтер туралы хабарсыз, бірақ сапаны маңызды деп санайтын, нарыққа жаңа келген тәжірибесіз сатып алушыларды қызықтырады.
Географиялық баға стратегиясы нарық орналасқан аймақтың географиялық белгілері бойынша баға қалыптастыруға негізделеді.
«Ассортименттік баға белгілеу стратегиясы» кәсіпорында ұқсас, түйіндес немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлар немесе қызметтер бар болғанда қолданылады. Оған жататындар:
«Жиынтық» баға стратегиясы, бұл жеке туристік қызметтерге сұраныс әрқалай болған жағдайда қолданылады;
Аралас жиынтық стратегиясы, мұнда қызмет жиынтығы оны құраушы элементтерінің бағасынан төмен бағада ұсынылады, салыстырмалы баға нәтижесін қалыптастырады. Бұл стратегияға туроператорлардың жеке қызметтердің бағасы толық қызмет бағасын көтеретін тур пакеттері мысал бола алады.
«Жинақтық» бағалық стратегия, бұл - сатып алушылардың турфирманың бір немесе бірнеше сапарлар бағдарламасын әр түрлі бағада сатып алуына негізделеді.
«Номиналдан жоғары» баға стратегиясы, турфирма ұсынған қызметке сұраныс лайық болмай қалғанда қолданылады және туристік ұсыныс көлемінің өсуі есебінен қосымша пайда түсуі мүмкін.
«Имидж» бағалық стратегиясы сатушылар қызметтің бағасына емес, сапасына назар аударған жағдайда қолданылады.
Бақылау сұрақтары
Бағаның негізгі құрылымына сипаттама беріңіз.
Экономикадағы бағаның функцияларын атаңыз.
Баға саясатының негізгі бағыттарына сипаттама беріңіз.
Дифференцияланған баға белгілеу стратегияларын атаңыз және сипаттама беріңіз.
Ассортименттік баға белгілеу стратегияларын атаңыз және сипаттама беріңіз.
Бәсекелестік баға белгілеу стратегияларын атаңыз және сипаттама беріңіз.
Фирма мақсаттары, сатып алушылар мінез-құлқы және баға белгілеу стратегияларының өзара байланысын түсіндіріңіз.
Баға белгілеудің маркетингтік әдістеріне сипаттама беріңіз.
Дәріс 7-8. |
Қонақ үй-мейрамхана бизнесі мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы пайда мен шығынсыздық:
|
